Сабақтың тақырыбы : Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»



Дата03.07.2016
өлшемі70.14 Kb.
түріСабақ
Ибраева Нұргүл Қуантайқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Қостанай облысы, Рудный қаласы №7 мектеп

Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

(Повестен үзінді)



Сабақтың мақсаты: а) Шығарманың идеясын , тақырыбын ашқыза отырып,

шығарманы құрылысына қарай талдату

ә) тақырыпты меңгерту арқылы оқушылардың қиялы мен

көркем сөйлеу қабілеттерін арттыру.

б) Кейіпкер тағдырына ортақтастыра білу, төзімді

қайырымды болуға, бауырмалдылыққа,

мейірімділікке трбиелеу.

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі : жаңа білімді меңгерту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сатылай кешенді талдау, сын тұрғысынан ойлау, оза оқыту,



Көрнекілігі: инетерактивті тақта. суреттер, бейнебаян
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу

  2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Ақын кәрі қыранды қалай суреттейді?

  2. Қыран бейнесінен қандай әсер алдыңдар?

  3. Өлеңнің соңғы шумағы нені меңзейді?

  4. Ақынның айтпақ ойы не?

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту: Бүгінгі тақырыбымыз Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повестен үзінді. Повесть үйге оқуға берілген, сондықтан оқушыларға жетекші сұрақ қою арқылы олардың пікірін, ойын қосып, дамыта оқыту.

Сайын Мұратбеков өзіне ғана тән тақырыптық, жанрлық, стильдік даралығы, ерекше сөз нақышы, ашық үні, өзіндік бояуы бар шығармалармен танылады.

Мырзатай Серғалиевтің сөзін оқыту, талдау.
Автор үшін алты сұрақ


  1. Әңгіменің авторы туралы кім не біледі?

І топқа: 1) Сайын Мұратбеков қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

(1936 жылы Талдықорған өңірі Қапал ауданы, Қоңыр ауылында дүниеге келген)

2) Қай жылы қай оқу орнын бітірді?

( 1971 жылы Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтын)

ІІ топқа: 1) «...Сайын өзіне ғана тән тапқырыптық, жанрлық, стильдік даралығы, ерекше сөз нақышы, ашық үні, өзіндік бояуы бар шығармаларымен танылды» деп пікір айтқан кім? (Мырзатай Серғалиев)

2) Қай салада қызмет етті (Мұғалім)



«Ауыл оты»


«Дос

іздеп жүрмін» Кәмен-

Тоғай»
-Балалар, жусан туралы не білесіңдер?

- Жусанкүрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы

кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті.

Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфирмайлы өсімдік.

(Жусанның суретін көрсету)

Біз бетегеден биік, жусаннан аласа халық едік қой. Жусанға тәуе етпесек те, жоғары бағалайтынымыз осыдан. Тіпті, Мысырға төртінші сұлтан болған Бейбарысты да

туған даласына алып келген күш осы жусанның иісі емес пе еді? Орыс ақыны Аполлон Майковтың да дала жусаны туралы тамсана жырлауы бекер емес. Сонда қым-қуыт заманда елінен жырақтаған қыпшақ ханы Сыржанның інісі Артықты кіндік қаны тамған жерге әкелу үшін арқаның әуені де, қобыздың сарыны да

көмектеспей, жусанның исін танауына жақындатқанда елегізіп сала берген екен. «Әнiн сал туған даланың, Қоймаса оған егiле, Жусанын бiр түп иiскет, Тартады ол сонда елiне» деген сөз содан шықса керек.

«Бір қозы туса, бір түп түп жусан артық шығады” деген халқымыздың даналық ойлары бар.

«Жусан иісі»




ІV . Пікірлесу бөлімі

І-топқа:


  1. Автор повесті неге «Жусан иісі» деп атады?

  2. Аян ертегісінің «Бір жетім бала болыпты » деп басталуының себебі неде?

  3. Аян ертегіні көп айтады, бірақ неге мазмұны толық берілмейді?

ІІ- топқа:

  1. Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?

  2. Оқиға болған кездегі ІІ дүниежүзілік соғысы жылдарындағы ауыртпалық пен қиыншылықтар, қайғы-қасірет қалай суреттеледі?

  3. Шығармадағы көктемгі егіс кезіндегі балалар мен әйелдер іс-әрекеті туралы не білесіңдер?


V. Мәтінмен жұмыс.

  • І-топ – Мәтінге сатылай кешенді талдау.

ІІ-топ- Мәтіндегі әдеби-теориялық ұғымдар бойынша сатылай кешенді талдау



VІ. Аян бейнесін құрастыру

Аянның түр-сипаты, киімі, іс-әрекеті, әдеті бейнеленген жолдарды мәтіннен тауып аламыз, осылайша кейіпкер бейнесін құрастырамыз

  • “Шолақ жең, ақ жейде, тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген, кекіл шашы бар, мұнтаздай таза бір бала тұр екен”.

  • Бұл жолдардан Аянның қандай қасиеті байқалады?

  • “Ол өте ақкөңіл, ақылды бала екекн. Адамды іш тартып тұратын жайдары жүзі, не десең де көне кететін жұмсақ мінезі бізді бірден үйіріп әкетті.

Ең жақсы қасиеті- ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейтіндігі. Бір- екі рет кейбір шатаққұмар балалар тиісіп те көрген екен. Аян үндеместен қабағын түйіп, ондайлардан сырт айналып кетіп жүрді” деген үзінді нені байқатады?

  • “Ол өте ақкөңіл, ақылды бала екекн. Адамды іш тартып тұратын жайдары жүзі, не десең де көне кететін жұмсақ мінезі бізді бірден үйіріп әкетті.

Ең жақсы қасиеті- ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейтіндігі. Бір- екі рет кейбір шатаққұмар балалар тиісіп те көрген екен. Аян үндеместен қабағын түйіп, ондайлардан сырт айналып кетіп жүрді” деген үзінді нені байқатады?

  • “Ол өте ақкөңіл, ақылды бала екекн. Адамды іш тартып тұратын жайдары жүзі, не десең де көне кететін жұмсақ мінезі бізді бірден үйіріп әкетті.

Ең жақсы қасиеті- ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейтіндігі. Бір- екі рет кейбір шатаққұмар балалар тиісіп те көрген екен. Аян үндеместен қабағын түйіп, ондайлардан сырт айналып кетіп жүрді” деген үзінді нені байқатады?

  • Аян мен әңгімеші баланың бойынан қандай адамгершілік қасиеттерді байқадыңдар?

  • Олардың достығы туралы ойланыңдар да, шын достық туралы ойларыңды ортаға салыңдар.

Достықтың қандай түрлері бар?

VІІ. Сергіту сәті: көзге жаттығу.

VІІІ . Шығармашылық жұмыс:

  • І-топ – Аянға арнап хат жазу.

  • ІІ-топ- “Баяғыда бір жетім бала болыпты” деген тақырыпты жалғастыру.



ІХ Бейнебаян

Интертактивті тақтада Мейрамбек Бесбаевтың «Бозторғай» әнімен соғыс кезіндегі , қазіргі уақыттағы жетім балалардың суреттері көрсетіледі


Венн диаграмма Сол кездегі жетім балалар мен қазіргі кездегі жетім балаларды салыстырып көрейік.


Сол кездегі жетім балалар

Қазіргі кездегі жетім балалар

1 Жоқшылықтан

2 Соғыс салдарынан жетім қалды



1 Тәрбиесіздіктен

2 Ата – анасының құқығынан айырлыған балалар

3. тастанды балалар


. Ал, оқушылар, бүгін біздер С.Мұратбековтің «Жусан исі» әңгімесін қорытындылаймыз. Дәл осы шығармаға ұқсас, жетім бала тағдыры туралы өткен сыныптардағы шығармалар естеріңде бар ма? Ұлы Отан соғысына, ІІ дүниежүзілік соғысына қатысқан ата-әжелеріңіз бар ма? - «Жетім» дегенді қалай түсінесіңдер? 6 Қазіргі кезде ақпарат құралдарына, теледидарда, газет-журналда «тастанды жетім» деген сөздер көп айтылады. Оны қалай түсінесіңдер? 7. Ондай іс-әрекеттер мейірімсіздікке жата ма? . Қазіргі кезде, «тастанды жетім» осы сөзбен қатар, «тасбауыр, безбүйрек ұл мен қыз» деген сөздер де пайда болды. Оны қалай түсінесіңдер? Сонымен балалар шығармадағы Аян бейнесі «Шын жетім бе?», әлде «Тастанды жетім бе?» Сабақтың ой түйіні: «Жетім көрсең жебей жүр» қалай түсінеміз. Сабағымызды қорытайық. Өз ойларымызды ортаға саламыз.

Х. Үй тапсырмасы: І- топ “Жетім көрсең жебей жүр” ойтолғау.

ІІ- топ Повесті жалғастыру.



ХІ. Бағалау: Топтарды топ басшысы бағалау парағы арқылы өзі бағалайды.

Өзіндік талдау.



Пән мұғалімі: Ибраева Нұргүл Қуантайқызы

№7 орта мектебі



  1. Жалпы мәлімет: 7 «Ә» - сыныпта, әдебиет пәнінен сабақ бердім.

  2. Тақырыбы: С. Мұратбеков «Жусан иісі»

  3. Міндетім: Оқушылардың «Жусан иісі» әңгімесі бойынша жаңа сабақты меңгерту.

  4. Мақсатым:

1.«Жусан иісі» әңгімесінің мазмұны, құрылысы бойынша алған білімдерін жүйелеу, пысықтау, шығарманың идеясын , тақырыбын ашқыза отырып, шығарманы құрылысына қарай талдату

Осы бірінші мақсатымды «Жусан иісі» үйге оқуға берілген, оқушыларға жетекші сұрақ қою арқылы олардың пікірін, ойын қосып, дамыта , оздыра оқыту , сұрақ-жауап әдістерін, «сатылай кешенді талдау». «Сын тұрғысынан ойлау» технологияларын қолдану барысында қол жеткіздім.

2. Тақырыпты меңгерту арқылы оқушылардың қиялы мен көркем сөйлеу қабілеттерін арттыру , әдеби талдау қабілеттерін дамытуда сатылай кешенді талдау технологиясын арқылы жүзеге асырдым. Қазіргі сабақтарда мұғалім бағыттаушы қызметін атқарушы ғана болу керек, оқушы қойылған іс-әрекеті, қабілеті арқылы қол жеткізуші.

3. Кейіпкер тағдырына ортақтастыра білу, төзімді, қайырымды болуға, бауырмалдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеуді мәтінді талдату, мінездеме беру, хат жазу , шығармашылық жұмыстар арқылы жүзеге асырдым.

4. Жұмыс түрлері арқылы оқушылардың танымдылығын арттыру.

5.Сабақты ұйымдастыру деңгейі:

- сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту.

- Сабақты ұйымдастыруда жекелей, топтық оқыту іс-әрекеттерін орындадым.

- Уақытты әр тапсырмаға нақты бөле отырып, ұтымды пайдаландым.

6. Сабақты өткізу әдістемесі:

- Оқушыларға нақты мақсат қоя отырып, түрлі жұмыстар жүргізілді.

- сабақта оқушылардың білімі мен іс-әрекетін оқушылардың өзін-өзі бағалату әдісін қолдандым.

7. Сабақтың психологиялық негіздеріне тоқталсам:

-зейінді, ойды, дамыту әрекеттерін іске асырдым.



  1. Оқушылардың тәртібі, сөйлеу мәдениеті, сабаққа қатысу деңгейі жақсы.

  2. Оқушыларды бағыттай отырып, ерекше зейінді, шапшаң, сөз қолданысын шебер қолдана білген оқушыларға назар аудардым.

10.Өз талдауымды қорытындылай келе, бүгінгі сабақта әдіс-тәсілдерді жүйелі пайдалана отырып, тапсырмаларды әрі бекіту, әрі дамыту бағытын басшылыққа ала отырып, қойған мақсатыма, міндетіме қол жеткіздім


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет