Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, портреті т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Туған халқының сөз өнерінің төрінде «өртке тиген дауылдай» жырларымен мәңгі орын тепкен Қасым Аманжолов 1911 жылы Қарқаралыдағы Қызыл деген жерде дүниеге келіпті.
Тірек сызбамен жұмыс:
-
Өлеңдері
|
Поэмалары
|
«Сарыарқа», «Ертіс», «Жайық», «Орал», «Мен табиғат бөбегі»
|
«Ақын өлімі туралы аңыз», «Қытай қызы», «Құпиы қыз», «Бикеш», «Естай-Қорлығайын»
|
«Өзім туралы» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.
Топпен жұмыс: 1-топ. Екінші,үшінші бағанларды толтырыңдар.
2-топ. Ақынның поэтикалық тіліне талдау жасаңдар.
Теңеу: ...............
Эпитет: .............
Метафора: .................
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Өлең «Өзім туралы» деп аталса да, ақын тек өзі туралы толғаған ба?
Өзі арқылы тағы қандай мәселелерді көтерген?
Қалай ойлайсыңдар өлеңде қандай көңіл-күй басым?
Достарыңызбен бөлісу: |