Сабақтың тақырыбы : Сөз құдыреті Сабақтың мақсаты


Үйге : Адамгершілік – ұлы қасиет» деген тақырыпта шағын шығарма жазу. Бағалау. Бір ташы ой



бет5/11
Дата10.06.2016
өлшемі0.77 Mb.
#126280
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Үйге : Адамгершілік – ұлы қасиет» деген тақырыпта шағын шығарма жазу.
Бағалау. Бір ташы ой
Кім көбірек біледі дегенді емес, кім жақсырақ біледі дегенді анықтауға тырысу керек.

М.Монтень.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков. «Қонақтар»

Сабақтың мақсаты: оқушыларға жазушы Төлен Әбдіковтің өмірі,шығармалары жайлы түсінік беру, «Қонақтар» әңгімесінің мазмұнымен таныстыра отырып,ата-ана мен бала қарым-қатынасы жайлы мағлұмат беру,оқушы сезімімен ұштастыру.

Дамытушылық: әңгіме жайлы түсінігін кеңейтіп,пікір алмастыра білуге үйрену,өмірмен байланыстыра келе өзіндік ой қорытындысын жасай білу,әсерін,пікірін білдіру.

Тәрбиелік: оқушыларды ата-ана алдындағы,туған жер,ел алдындағы парызын терең түсіне білуге баулу,адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіре білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,проблемалық оқыту,салыстыру,модельдеу.

Көрнекіліктер: ақын портреті,таблицалар,таратпа материалдар.

Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ой шақыру

  • Өткен сабақта қай жазушының қандай шығармасымен танысып едік? (Қарауылбек Қазиев. «Менің шешем»)

  • Үйге қандай тапсырмалар берілген еді? (Мазмұндау,шығарма, «Ана» тақырыбында өлең шығару,үзіндіні жаттау.)

  • Әңгімеде қай жылдардағы Ана бейнесі суреттеледі? (Ұлы Отан соғысы жылдарындағы).

  • Ананың ауыр еңбегі,әкесіз бала тағдыры қалай суреттеледі?

Әр топтан оқушылар өз пікірлерін білдіреді,өлең,шығармасын оқиды.Сөзжұмбақ шешеді.

  1. Жаңа сабақ. Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесін тақырыбымен,мақсатымен таныстырамын.Сабақтың ұраны жазлған таблицаны ілемін.

1-оқушы оқиды,мазмұнын түсіндіреді.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да өткен сабағымызбен өзектес,үндес: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас,бүгінгі күн проблемасы.

- Қазіргі кезде әңгіме жаңа проза жанрында қалам тербеп жүрген жазушылардан кімдерді білесіңдер?

- Шерхан Мұртаза,Сайын Мұратбеков,Қабдеш Жұмаділов,Дулат Исабеков,т.б.

- «Әңгіме» жанрының анықтамасын кім айтады? Эпикалық жанрдың түрлерін ата. (Адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін сюжеті бар шығарма)

- Роман-эпопея,роман,хикаят,әңгіме.

Тақтаға Төлен Әбдіков суретін іліп,өмірбаяны туралы мәлімет беремін.Жоспарды да іліп,әңгіме мазмұнымен қысқаша таныстырамын.

Төлен Әбдіков шығармасының басты тақырыбы – адамгершілік,салт-дәстүр,ізгілік ...

«Қонақтар» әңгімесінің басты тақырыбы – адамгершілік,баланың ата-ана алдындағы мәңгілік перзенттік парызы.Сапабек тәрізді қалада тұратын оқыған азаматтың ата-анасына салқын,жасанды қарым-қатынасы.

(дәптерге жоспарды жазып ілу)

1.Ерғабыл қарттың арманы

2.Ата-ана сағынышы,қонақтарды қарсы алу

3.Сапабектің әңгімесі

4.Қонақтарды шығарып салу

5.Ерғабылдың реніші

3. Кітаппен жұмыс. Сұрақтар бойыншы әр топтың оқушыларына тиісті абзацтарды тапқызып оқыту.Әр топқа өзіндік тапсырмалар беру: таратпа материалдар.

4. Пысықтау. Мәтін бойынша тиісті сұрақтарға жауап алу.

Әңгіменің тақырыбы не жайлы?

Кейіпкерін ата.

Оларды қандай топтарға бөлуге болады?

Әңгімеде қандай оқиғалар сөз етіледі? (Ауыл өмірі,салт-дәстүрі,ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас суреттеледі).

5. Шағын дебат.

Сапабек-Ерғабыл-Тома-Жеңісбек

(жақтаушы топ) 1-топ. Ерғабыл – жағымды кейіпкер.

Дәлелде.


(даттаушы топ) 2-топ. Сапабек – жағымсыз кейіпкер.

Дәлелде.


3-топ. (жақтаушы).Сапабектің бойындағы жағмсыз қылықтарына ортасы,әйелі де кінәлі.Ерғабыл да жеткілікті бағыт бере алмаған,санасына ұлттық дәстүрді,ата-ананы құрметтей білуге толық үйретпеген,тым мейірбан.

1-топ.Әйелі Томаның ықпалы,қаладағы ортаның ықпалы басым болған.

2-топ.Сапабек әлі де болса ауылға бейімделіп,ата-анасына қарайласады,қамқор болады деп ойлаймын.Өз қателігін түсініп,Жеңісбекті ата-әжесінің тәрбиесіне бағыттайды деген сенімдемін.Туған ата-анасына,туған ауылына деген перзенттік сезімі оянуға тиіс.Мен оған сенемін.

6. Топтардың өзіндік тапсырмаларын тексеру

7.Ерғабыл қарт,Сапабек бейнелеріне модуль жасау.Тақтада екі оқушы орындайды.
мейрімді

арманшыл төзімді




қажырлы еңбекқор


баласын жақсы ақылды

көреді
қуыс кеуде

саяз ойлы мақтаншақ


парызын өркөкірек

түсінбейді


салт-дәстүрді

білмейді
8. Мұхаммед пайғамбар хадисінде ата-ана мен бала жайлы не айтылған? Абай «қарасөздерінде» не айтылған?

9. Қазақстан Конституциясында не айтылған?

Мақал-мәтелдер ойлау.



  • Әңгіме неліктен «Қонақтар» деп аталған?

  • Ауыл жылдары-қай жылдар?

  • Бұрынғы ауыл түлектері қазіргі қала тұрғындарының басты міндеті не деп ойлайсыңдар?

10. Ой түйіні.Бір шумақ өлеңді оқытып,мәнісін түсіндіру.

- Мақсатымыз орындалды деп ойлайсыңдар ма?

- Ендеше өз әсерлеріңді қалай білдірер едіңдер?

(Оқушылар өз пікірлерін жазбаша білдіреді.)



11. Бағалау.Топ жетекшілерінің пікірі тыңдалады.

12.Үйге тапсырма

а) әңгіменің мазмұнын түсіне отырып,пікір айта білуге дағдылану;

ә) «Менің парызым» (шығарма).
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Өсиет-өнеге үлгісі

(Сайф Сараи. «Түрікше Гүлстан» шығармасы бойынша)



Сабақтың мақсаты: білімділігі – оқушыларға әңгіме мазмұнының негізгі идеясын түсіндіру;

Дамытушылығы – оқушының ой еркіндігін,пікірін саралай білуге,тиянақты сөйлей білуге дағдыландыру,өз бетімен ізденуге жетелеу;

Тәрбиелік мәні – адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу,жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдістері: баяндау,оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, проблема туғызу.

Көрнекілігі: топтастыру сызбасы,аударманың аты жазылған таблица.

Қызығушылықты ояту кезеңі.Сәйф Сараидің «Түрікше Гүлстан» шығармасының сырына үңілейікші балалар.Қазіргі сәттен бастап осы кітаптың сыры өз қолдарыңда.Қане,әңгіменің мазмұнын қайсың айтасыңдар? ..

Әңгіме мазмұнын баяндап болған соң осы әңгімедегі мақал-мәтелді тапқызу.

«Бейнет көрмеген адам рақаттың қадірін білмес».Енді осы мақалды дәптерлеріңе жазыңдар.

2-әңгіменің мазмұнын баяндата отырып,ондағы мақалды тапқызу.

«Ұзын бойлы ақымақтан аласа бойлы ақылды артық».

Мұны да өз дәптерлеріне жазғызамын.

Үшінші,Төртінші әңгіменің мазмұны сұралады да мақал немесе мәтелді табуға тапсырма беріледі.

Темірді қанша ысқыласаң да жылтырамайды.

Деңгейлік тапсырмалар беріледі

І деңгей. Иса мінген есекті Меккеге неше апарсаң да Меккеден бәрібір есек болып оралады дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІ деңгей.Ақылды адам және ақылсыз адам туралы мақал-мәтел жазу.

ІІІ.деңгей. Сегізінші әңгімесі бойынша: «Дәулетті – жия білген,жиғанын жеген,бере білген.Дәулетсіз – есіл-дерті мал жию болып,өзі жеуге қимаған,сөйтіп өмірінің өткенін білмеген адам» деген ойларын бүгінгі өмірмен байланыстыр.

Дәптермен жұмыс.

1.Мақалдың мағынасын аш.

Ақылды жетер мұратқа,

Ақылсыз қалар ұятқа.

2. Әңгіме мазмұны бойынша адамгершілік,имандылық жайында мақал-мәтел жазыңдар.

Ақылды адам жол тауып оздырады,

Арсыз адам жала жауып аздырады.


Жақсы ісінің артында сауабы бар,

Зұлымдықтың артында жауабы бар.


Ақыл азбайды,білім тозбайды.

Түйінді сұрақ қойып,пікір туындату.



  1. Әңгіменің негізгі идеясы не? Шын өмірде осындай жағдайлар кездесе ме?

  2. Сайф Сараи өз шығармасын неге «Түрікше Гүлстан» деп атаған?

  3. «Түрікше Гүлстан» кітабы Сайф Сараидің төл шығармасы ма?

  4. Өзінің қандай төл шығармасы бар?

  5. Сайф Сараидің «Түрікше Гүлістан» әңгімесі қай дәуірдегі әдебиетке жатады?

Кубизм стратегиясы бойынша мына сұрақтарға назар аудартамын.

  1. Мәтіннен (әңгімеден) өзіңе ұнаған сөйлемдерді жатқа айта аласың ба?

  2. «Түрікше Гүлстан» әңгімесіндегі айтылған ойларды қалай түсінесіңдер? Бүгінгі өмірде қалай?

  3. «Суһаил мен Гүлдерсін» әңгімесі кім туралы? Мазмұнын қысқаша баянда.

  4. «Түрікше Гүлстан» әңгімесі мен «Суһаил мен Гүлдерсін» әңгімесінің ерекшелігі неде?

Сұрақтарға кубизм стратегиясы бойынша жауап алынады.

    1. Салыстырыңыз 4. Суреттеңіз

    2. Талқылаңыз 5. Баяндаңыз

    3. Қолданыңыз 6. Қарсы шығыңыз.

Сұрақтар бірнеше қырынан ашылған соң,қорытынды шығарылады.

Сайф Сараидің «Түрікше Гүлістан» атты кітабында ғибратты әңгімелер өте көп. Дастандарының негізін түркі қыпшақ тілінде жазады.Әңгімелерінің тәрбиелік мәні зор.Жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренуге шақырады.

Болжау стратегиясы.


  • Балалар, кемедегі құлды суға тастағаннан кейін ол неге жылауын тоқтатты?

  • Судың өте қорқынышты емес екенін сезді.Өлмейтінін біліп,қуанды.

  • Дұрыс.Ендеше «Бейнет көрмеген адам рақаттың қадірін білмес» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Ақымақ адам шынымен жөнделмей ме?

  • Өлген кісінің басына зәулім күмбездер салған дұрыс па?

  • Наушаруанның әуелде зұлымдық аз еді,кейін әркім аз-аздап қосқанда көбейіп кетті деген сөзі қазіргі өмірге сай келе ме?

Балалардың жазған ойларын топтастырып,алдын-ала сайлап алған (топ жетекшілері) қазылар алқасына беремін.

Олар тексеріп,бағасын қояды.

Ой қорыту.


  1. Топтастыру стратегиясы.

ақын-аудармашы Мысыр қыпшақтарының өкілі



махаббатты дәріптеуші шебер суреткер


Үйге тапсырма.

І топ оқушыларына: әңгімелерінің әрқайсысына ат қою.

ІІ топ оқушыларына: осы әңгімелерге ұқсастырып,аңыз-әңгіме құрастырып немесе оқиға ойлап жазу.

ІІІ. Топ оқушыларына: адамгершілік,имандылық жайында шығарма жазу.


Оқушылардың білімін бағалау.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы: «Аққулар ұйықтағанда»

Сабақтың мақсаты: 1) ақынның өміріне қысқаша шолу,поэзиясына талдау жасай отырып,ақын өлеңінің идеясын,мақсатын ұғындыру;

2) ақиық ақынның жырларымен таныстырып,оқушылардың поэзия туралы түсініктерін,сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;

3) оқушыларға поэзияны сүйе отырып сұлулық пен махаббатты тануға,адамгершілік пен мейірімділік қасиеттеріне тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық,,ақынның портреті,таратпа қағаздар,ақынның өлеңдер жинағы,үнтаспа.

Сабақтың әдісі: көркем мәтінмен жұмыс,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Үй тапсырмасын тексеру.

Менің көмегіммен оқушылар жаңа сабақты өздері талдап,дәлелдеп шығуға талпыныс жасайды.Сыныпты үш топқа бөлемін.Мұқағали Мақатаевтың ғұмырнамасын оқушылар өздері даярлаған материалдарымен ортада баяндатып,жағдаят (ситуация) туғызу ...

Нұрғисаның «Аққу» күйін тыңдатамын.

Проблемаға шығу. Поэманы үйде оқып келгендіктен,талдау сатысына көшеміз.

- Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?

1. Сұлулық 2. Махаббат 3. Зұлымдық


1.Сұлулықты неден көресіңдер?

(оқушылар өз ойларын айтады)



тау

бұлақ

Табиғат ағаш

Аң

Құс


аққу

елік

тиін

қыз

жігіт
адам

көйлек


киім
тау
табиғат
қыз
Сұлу сөзінің синонимін табыңдар? (ару,әсем,ажарлы ...)

Ал поэзияның өзі сұлулық қой.

Ақын сезімі арқылы сұлулық поэзиясы туады.

Сұлулыққа қарама-қарсы табиғатта зұлымдық бар.

Зұлымдық деген не?

Негізінде туа пайда болады,жүре пайда болады,поэзияда екеуі де қатар жүреді.

- Бұл поэманың сюжеті не туралы?

Ізденушілік. Поэманың тіліне талдау жасайық (І топ Аққу, ІІ топ Табиғат, ІІІ топ Ана).

Әр топқа жеке-жеке сұрақтар беремін.


І топқа

1.Аққудың рең әсемдігін айқындарлық сөздерді табыңдар?

2.Аққудың мүсін келістігін кескіндеген сөздер,

3.Аққудың әдемі,жарасты әрекеттерін табыңдар?

4. Аққу үнінің ерекшелігін бейнелеген сөздерді табыңдар?

5. Оқ тиген аққудың мүшкіл халін өрнектеген детальдарды тап.


ІІ топқа

1.Табиғаттағы түс,рең ерекшелігін білдіретін сөздерді тап.

2.Су тазалығын ашатын деталь көріністерді тап.

3.Табиғаттағы тыныштық салтанатын тағы қай көріністен байқаймыз?


ІІІ топқа

  1. Ана неге аққуды атпақ болды?

  2. Теріс ниеттен көлге барған ана толғанысы қалай өрістеді?

  3. Аққуды ату кезіндегі ана әрекетіне баға берейік.

  4. Құсты құлатқаннан кейінгі ана өкінішіне үңілейік.

  5. Бала өлімін көрген ана қасіреті қалай көрсетілген?

Әр топ қорытынды жасайды.

Рефлексия. – Аққуды неге иелі құс дейміз?


  • Тәуіп дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Көл не себептен «Жетім көл» деп аталған?

1топ – аққу әсемдігі, 2топ – табиғат сұлулығы, 3топ – ананың махаббаты.


Әр топ 5 минуттық өз ойларын жазып талқылау.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8


Сабақтың тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау сабағы

Сабақтың мақсаты: Білімділік - ақын өмірінен мәлімет бере отырып, поэзиясының өміршеңдігін таныту; дастанның тақырыбы мен идеясын,көремдік тілін ашу.

Дамытушылық – оқушының сөйлеу тілін дамыту;өз ойын еркін,жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру;мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Танымдық - өз бетімен іздене білуге,қосымша материалды іріктей алуына,ой қорытуға үйрету.

Сабақтың тәрбиелік мәні: туған жерге деген сүйіспеншілікке,адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге,қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: музыка,бейнелеу өнері.

Көрнекіліктер: ақын портреті,шығармалары,кесте-сызбалар,қосымша газет-журнал материалдары.

І. Ой шақыру. – Біз Мұқағали ақынды – поэзия патшасы десек,ендеше,поэзия патшалығына сапар шегіп көрейік.Міне,патшалықтың алтын қақпасы ашылды. «Аққулар ұйықтағанда» сарайының кілті өз қолдарыңда.Қазіргі сәттен бастап осы сарайдың сырына үңіліп көрейікші. Іске сәт!

Енді мына жоспар арқылы поэзия мазмұнын еске түсірейік.

Жоспар

1. Әлдилеп ақ төсіне бермей тыным,



Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.

2. ... Айналайын аққудың қанатынан,

Қайтеміз,ол да адамға бола туған.

3. Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.

4. ... Қасиетке оқ атып,жойған пақыр.

5. ... Білмеймін сор аттың ба,бақ аттың ба?

(Поэма тақырыбы аталып,оқиғаның басталуы қай бөлімде екендігі анықталады).

ІІ. Топтастыру. – Біз бүгін топпен («Жігер», «Болашақ», «Арман») жұмыс істейміз



ақын




«Өмір - өзен» «Есіңе мені алғайсың»

ІІІ.Кубизм. Тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік беретін оқыту стратегиясы.Кубиктің 6 жағы бар.Иіреді,қай жағы түссе,сол жағының сұрағына жауап береді.

Суретте. Туған жер,Жетімкөлдің сұлулығы,аққудың үні,қасиеті,айнала қоршаған ортамен үндестігі,ақын сезімі өлеңде қалай берілген?

Салыстыр. Поэма оқиғасына немесе тақырыбы мен тіліне ұқсайтын шығарма бар ма? Кіммен немесе кімнің шығармасымен салыстыра аласың? (Венн диаграммасы қолданылады).

Зертте. Мұқағали ақын туралы тағы не білесің?

Қолдан. Ақынның психологиялық жай-күйін ақын қалай берген? Тауып оқы. Қандай бейнелі,көркем тіркестерді көріп тұрсың? (Оқулықпен жұмыс).

Бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестейді? (Ойтолғау,сурет) Ақынға хат жазып көр.
Талда,қолдан,қарсы шық. Ананы қасиетке оқ атуға мәжбүр еткен не? Баласының өлімінен кейінгі ананың күйін ақын қалай жырлайды? (Мәнерлеп жатқа оқу).
IV. Сөздіктер еліне (сұхбат). Таны,есте сақта.Оқушы дастаннан өзі түсінбеген сөздерге белгі қойып отырады.Сұрайды,жауап беремін.
V. Еркін жауап. – Ақын туралы тағы не айтуға болады?

(Оқушы ізденісі.жергілікті жер материалымен байланыстыру)


VI. Болжау. – Оқиғаны қалай аяқтаған болар едің?
VII. Үкім. – Аққуды атуға бола ма? (ия,жоқ)

Оқушы дәлелдемесін тыңдау.


VIII. Бекіту. Қорыту. – Құрметті шәкірттерім,ақын Фариза Оңғарсынова «Мұқағалидай ақыны бар халық – бақытты халық» деген екен.Олай болса,сыршыл ақынның өміршең шығармасымен танысқан сендер сол бақытты халықтың бақытты ұрпағысыңдар.Ендеше,осы сұлулықты жанымен сүйген Мұқағали ақынның аса құрметтеген адамының бірі сазгер Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдайық. («Аққу» күйі тыңдалады)
Не білдің?

1

2



3
Не білгің келеді?

1

2



3
ІХ. Үйге тапсырма. «Ақын және аққу» тақырыбына шығарма өлең жазып келіңдер.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8


Сабақтың тақырыбы: «Аруана – бауыр дүние»

Сабақтың мақсаты: білімділік - Төлеген ақынның өмірі мен өскен ортасын таныту,шығармаларын оқыту,ақын өлеңінің айтар ойын ашу,талдау,эстетикалық көзқарасы қалыптасқан оқырман дайындау; дамытушылық – оқушының сөз байлығын,сөздік қорын байыту,әдеби шығарма идеясын таныту,еркін сөйлеуге,өз ойын ауызша да,жазбаша да жүйелі жеткізуге балу, тәрбиелік - оқушының туған жерге деген,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: баспасөз материалдары, 1 томдық шығармалар жинағы,ақын суреті,буклеттер,үнтаспа.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік ізденіс (шығармашылық жұмыс),салыстыру.

Пәнаралық байланыс: тарих,ән-саз.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақтар бойынша сұрақ-тапсырмалар орындау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Мұғалімнің сөзі.
Ақын боп өмір кешіру,оңай деймісің, қарағым,

Аузында болу бұл өзі,сыздаған барлық жараның.

Көкірегіңе құйып ап,әлемнің асқақ бар әнін,

Қосудың арпалысы бұл тоғыспас жолдар торабын.
Тақтаға ілінген ақын өлеңінің осы шумағын оқи отырып,сабағымыздың мақсатын айтып,ақынның өмір жолына толық тоқталу.

1) Тірек сызба арқылы ақынның өмір жолына тоқталамыз.

1. 1937 жылы 8-наурызда Қарақалпақ еліндегі «Қоңырат» деген жерде дүниеге келді.

2. 1959 жылы Ташкенттегі Низами атындағы педагогикалық институттың қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітіріп,туған ауылында мұғалім болды.

3. Алғашқы өлеңдері «Жас дәурен» атты жинақта басылып шықты.

4. Қазақстан жазушылар одағында жұмыс істеді.

5.Кітап болып шыққан шығармалары:

« Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Мен саған ғашық едім», «Аманат».

6. 1974 жылы «Құмдағы мұнаралар» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. (ақын қайтыс болғаннан кейін)

7. 1967 жылы Төлеген Айбергенов өмірден өтті.

Жарық дүниенің отыз-ақ жыл сәулесін көрген ақын бізге отты жыр,өлмес өлең қалдырды.Соның бірі «Аруана – бауыр дүние» өлеңі дей келе, өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып беремін.(Осы кезде үнтаспадан Құрманғазының «Сарыарқа» күйі ойнап тұрады).

2) Екі оқушыға мәнерлеп оқыту.

3) Сұрақтармен жұмыс.

- Аңыз дегеніміз не?

- Ақын аңызды өз өлеңіне қалай арқау еткен?

- Осыған ұқсас шығармаларды еске түсірейік (Қабдеш Жұмаділовтың «Қозыкүрең» әңгімесінің мазмұнын айту»).


4) Таһауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесімен салыстыру (топтық жұмыс).

Венн диаграммасы.


5) Жеке оқушылармен шығармашылық жұмыс.

1. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» атты тақырыпта шығарма жазу.

2. «Аруана – бауыр дүние» өлеңін қарасөзге айналдырып жазу.

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын талдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет