Сабақтың тақырыбы : Сүт өнімдері Мақсаты



жүктеу 16.75 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі16.75 Kb.
Салықова Светлана

Даярлық сыныбының жетекшісі

Боран Нысанбаев атындағы орта мектеп

Атырау қаласы

Сабақтың тақырыбы: Сүт өнімдері

Мақсаты:

Қазақ халқының сүт тағамдары туралы түсінік беру.Ұлттық тағамдар туралы ұғымдарын кеңейте отырып,олардың дайындалу тәсілдері ,сақталуы жайында ,оларды өндіруші адамдар мен үй жануарларына қамқорлық туралы түсінік беру.Балаларды ұқыптылыққа ,тазалыққа тәрбиелеу.



Көрнекі құралдар: үй жануарларының, сүт тағамдарының суреттері

Ұйымдастыру бөлімі



Шаттық шеңбері

Балалар шеңберге тұрып бір-біріне жақсы тілектер айтады.



Дидактикалық ойын «Жұмбақ шешу»

Кезікті бір жануар Аласа ғана бойы бар,

Үстінде екі тауы бар. Айналдырып киген тоны бар


Желден жүйрік жануар.

Саусаң сүті бұлақтай,жеген шөбі құрақтай.

Сүт тағамы халқымыздың негізгі тағамы болып табылады.Төрт түлік малды асырап қамқорлап отырған аға апаларымыз олардың сүтін,терісін ,жүнін пайдаға асырып үй тұрмысына пайдаланып жүрген.Сүттен дәмді айран,қатық ұйытқан. Түйенің сүтінен шұбат,жылқының сүтінен қымыз сияқты шипалы сусын даярлаған. Сиыр сүтінен қаймақ,сүзбе жасап одан құрт ,ірімшік қайнатқан. Күнделікті өмірде сүтті шайға құйып та,былай өзін де ішеді ғой. Жалпы сүт тағамдары балалардығ ағзасына өте пайдалы,сүйекті қатайтады,дені сау болып өсулеріңе көмегін тигізеді. Сүтті халқымыз қатты қадірлеген,оны мына тыйым сөздерден аңғаруға болады. Ақты төкпе,обал болады.

Сүт төгілген жерді аяқпен баспа. Т.б

Қазіргі кезде денсаулығы төмендеген балаларға, үлкен адамдарға арнайы шұбат,қымыз сияқты сусын ішуге кеңес береді.Бұл оларды ауруынан айығуына көмектеседі. Сондықтан сүт тағамдарынан бас тартпай,үнемі ішіп жүргендерің жақсы.



Қорытынды



Дидактикалық жаттығу « Сүт тағамын атап бер ».

Жақсы жауап берген балалар жұлдызшамен марапатталады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет