Сабақтың тақырыбы : Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі



жүктеу 0.72 Mb.
бет1/5
Дата07.07.2016
өлшемі0.72 Mb.
  1   2   3   4   5
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9

Сабақтың тақырыбы : Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі

Сабақтың мақсаты : а)Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Тіл - адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды. Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағылым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл ұлы қазына, баға жетпес асыл мұра. Тіл тек адамзатпен ғана емес, қоғаммен, тарихпен тығыз байланысты.



Тіл - қоғамдық құбылыс

Тіл - қатынас құралы

Тіл - тарихи құбылыс




Адамзат қоғамы үнемі

даму, жетілу үстінде

болады. Тіл қоғамда

туып, дамиды,

қоғамға қызмет етеді.

Өйткені қоғамдағы

өзгерістердің

бәрі тіл арқылы

көрініп, тіл арқылы

кейінгілерге беріледі.

Тілдің дамуының

өзі қоғамның даму

өзгерістеріне байла-

нысты.


Адамдар тіл арқылы

бір-бірімен хабарла-

сады, пікір алмаса-

ды. Адам өз ойын

жарыққа тіл арқы-

лы шығарады. Тіл -

адамдардың қарым-

қатынасының басты

құралы.

Адамзат өз

қолданысына қарай

тілдердің дамуына,

өрістеуіне ықпал

етеді.


Әлемдегі тілдер

сияқты қазақ

тілінің де

қалыптасу, даму

тарихы бар.

Тілдің шығуы мен

қалыптасуы және

даму кезеңдерін

тарихи тұрғыдан

қарастыру арқылы

біз тілдің тарихи

құбылыс екеніне

көз жеткіземіз.


Біз өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы тілдер жөнінде ой қозғай қалсақ, ең алдымен қоғамдағы тілдің мәні мен маңызы, оның адам өміріндегі орны, шығу тегі мен қалыптасуы, дамуы жөнінде не айтар едік? Жоғарыда көрсетілген кестені пайдалана отырып, «МЕН-ТІЛ-ҚОҒАМ» тақырыбында өз пікірімізді ортаға салып көрейік.

Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : «Тілім,тірегім,соғып тұрған жүрегім!» тақырыбына шығарма жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9



Сабақтың тақырыбы : Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі

Сабақтың мақсаты : а)Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі екенін түсіндіре отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Біз қазақ тілінің түркі тілдері тобына жататынын білеміз. ХІҮ-ХҮ ғасырларда қазақ ұлысы болып қалыптаса бастаған қазақ елі өз тілі мен өнері, мәдениетін де тарих сахнасына алып шықты. Тіл - мемлекеттік нышан ретінде танылатын басты құндылық. Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан. Тіл құдіретін танып, «Өнер алды - қызыл тіл», «Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоқ» деп дәріптеген. Ананың әлдиімен ұрпақ бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тіл деп аялаған. Атаның ақылы мен даналығына суарылған сөз аталы сөз боп есептелген.

Қазақ тілі - әуезді де бай тіл. Неше ғасырлық тарихы бар, ауызша да, жазбаша да мол мұрасымен танылған тілімізді бабаларымыз қасиетті деп қастерлеп, ұрпақтарына аманаттаған.

Қазақ халқының әдеби мұралары ауызша таралып, ғасыр белестерінен, тағдыр сыны мен елегінен өтіп, уақытпен бірге жасап келеді. Халқымыздың жазба мәдениетінің де тарихына да назар аударайық. Түркі тілдеріне ортақ тарихи жазба мұралар негізінен үш дәуірді қамтиды



Көне түркі дәуірі

Орта түркі дәуірі

Жаңа түркі дәуірі

III, V - VIII ғасырларға

тән Талас, Орхон-Енисей

жазба ескерткіштері - түркітану ғылымында

тілдік, әдеби, мәдени

маңызы ерекше жазба мұралар. Бұл ескерткіштер - сол

кезеңдегі түркілер

мәдениетінің биік деңгейін көрсетумен

бірге, бүгінгі қазақ тілінің тарихынан мол мағлұмат беретін мөлдір бастауы мен қайнар көзі.



Екі кезеңнен тұрады.

1. Қараханид кезеңі.

Ислам мәдениетінің түркі

әлеміне ықпал еткен кезеңі. Түркі әлемі кемеңгерлері әл-Фараби, Ж.Баласағұни («Құтадғу білік»), М.Қашқари

( « Диуани-лүғати-ат- түрк»), А.Йүгінеки ( « Һибат-уль-хакаик » ), А.Йасауидың («Диу-

ани хикмет») әйгілі

шығармалары.

2. Алтын Орда кезеңі.

ХІІ-ХҮ ғасырларды

қамтитын Хорезмидің

« Мұхаббатнамесі » , Құтба ақынның «Хұсрау - Шырыны», Сайф Сарайидың « Гүлістан-би-түркиі » , Рабғузидің «Қиссасул әнбиясы», қыпшақ жазбаларының бірі -«Кодекс куманикус»

сөздігі жатады. Бұл

кезеңдегі жазба туын-

дылар араб әліпбиіне

негізделген ескіше жазба

тілдің қалыптасуына игі

әсерін тигізді.


XV ғасырдан ,

қазірге дейінгі

кезең. Өзге түркі

этностары сияқты

қазақ елі де

жеке ұлт ретінде

мемлекеттік

қалыптаса бастады, қазақ тілінің де ұлт тілі

ретіндегі болмысы

айқындалып, дами

бастады. Жаңа дәуірдің

бастапқы кезеңінде ескі қазақ жазба тілі

есебінде араб жазуы қолданылды. Қазақ тілі қазіргі кириллица

жазуын белгілі

кезеңдерде төте жазу аталған (А.Байтұрсынов

ұсынған) араб,

кейін латын

графикаларымен

ауыстырған да

тұстары болған.



Жиырмасыншы ғасыр ғылым мен техниканың дамуы, қоғамдағы ірі саяси-әлеуметтік өзгерістерімен өзге тілдер сияқты қазақ тілінің дамуына да айрықша әсер етті.

Ана тіліміз жан-жақты зерттеліп, уақыт талабына сай ғылыми үлгіде жүйеленді. Қазақ әдеби тілінің даму белестері айқындалды. Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық игілігі болумен қатар, әлемдік тіл білімі зерттеушілрін қызықтырған көне тарихы бар, кемел тіл ретінде танылуда.

Жаттығумен жұмыс: 5-жаттығу. Төмендегі үлгі бойынша берілген сөздерге сатылай кешенді морфологиялық талдау жасаңдар.

Білімді бекіту : Өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 6-жаттығу
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9

Сабақтың тақырыбы : Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі

Сабақтың мақсаты :

а)Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі екенін түсіндіре отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену,топтастыру

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), Тіл саясаты туралы тұжырымдама (1996) және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң (1997) тек қазақ тілінің ғана емес, республикадағы барлық ұлт тілдерінің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастыққа құрылған мүддесін көздейді.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғышарттары бар.


Мемлекеттік тіл ретінде қызмет етудің алғышарттары

Ішкі тілдік факторлары


Сыртқы факторлары

Тілдік құрылым жүйесі жетілген. Лексика фразеологиялық қоры мол. Ежелден келе жатқан жазба және ауызша дөстүрі бар үлттың тілдердің бірі.

Республиканың барлық аймақтарында таралған. Ауызша, жазбаша да қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етеді. Тілді қолданушылар саны жеткілікті. Табиғи және табиғи емес тілдік ортаның қалыптасуы.

Дәстүрлі, тұрақты, тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, ұлттық деңгейдегі қазақ тілі - бұл күнде мемлекетіміздің қоғамдық өмірінде белсене араласып, еліміздің қоғамдық, әлеуметтік, саяси, мәдени салаларының бәріне мінсіз қызмет көрсетіп отырған тіл.


Жаттығумен жұмыс: 12-жаттығу. Тіл туралы Заңның тарулары мен баптары жөнінідегі мәліметтерді көшіріп алыңдар
Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Тіл туралы Заң неше тараудан тұрады?

  2. Неше баптан тұрады?

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 13-жаттығу

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9



Сабақтың тақырыбы : Қазақ тіліндегі стильдер туралы

Сабақтың мақсаты : а) қазақ тіліндегі стильдер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық ,жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазіргі біз кеңінен қолданып жүрген қазақ әдеби тілі — стильдік-жанрлық тармақтары айқын, ауызша және жазбаша түрде қызмет ететін тіл. Мәдени жұртшылықтың бәріне ортақ нормасы бар, қоғамдық өмірдің барлық саласында белсенді қолданысқа ие.

Қазаң әдеби тілінің бес түрлі стильдік тармақтары қалыптасып сараланған: білім мен ғылым саласында -ғылыми стиль, басқару мен құқықтық, іскерлік саласында - ресми іс-қағаздар стилі, қысқаша айтқанда, ресми стиль, әдебиет пен өнерде - көркем әдебиет стилі, бұқаралық ақпарат саласында - публицистикалық стиль, тұрмыстық қарым-қатынаста - сөйлеу тілі стилі.

Қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары, түптеп келгенде, үлкен екі арнаға саяды. Жоғарыда аталған публицистикалық стиль, ғылыми стиль, ресми стиль, көркем әдебиет стилі - кітаби тіл стильдері деп аталады. Кітаби тілдің осы айтылған стильдері жазбаша және ауызша түрде де қызмет атқарады. Ал сөйлеу тілінің стильдік тармақтары болмайды. Қарым-қатынас, негізінен, ауызша түрде жүзеге асады.

Стиль - сөйлеп отырған жанның өз лебізін коммуникативтік талапқа сәйкес, қарым-қатынас мақсатына сай құра білуі. Бұл жағдайда лебіз иесі қолданыс қажеттілігіне қарай белгілі бір стильді пайдаланады.


Тіл стильдері




Ауызекі сөйлеу стилі



Кітаби тіл стилі



Көркем әдебиет стилі

Іс қағаздар стилі

Ғылыми стиль

Публицистикалық стиль


Жаттығумен жұмыс: 17-жаттығу . Мәтінді көшіріп жазып,стилін айқындап,бірінші абзацтағы ойды ауызекі стилде айтып беріңдер. Қарамен жазылған сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 18-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9



Сабақтың тақырыбы : Ауызекі сөйлеу стилі

Сабақтың мақсаты : а) қазақ тіліндегі ауызекі сөйлеу стилі туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық ,жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,қосымша материалдар т.б

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Күнделікті қарым-қатынас, негізінен, ауызекі тілдесу арқылы жүзеге асады. Ауызекі сөйлеу барысында өзіндік мақсат, тілдік құрылым, қолданыс ерекшеліктері байқалады.



Ауызекі сөйлеу стилі


Мақсаты


Қолданылу

аясы


Стильдік

сипаты


Тілдік амал-тәсілдері, сөйлеу тілі

ерекшеліктері



Кеңесу, көзбе-көз тілдесу мен пікірлесу, ой бөлісу.



Еркін әңгіме-сұхбат, дауласу, көпшілік алдында сөйлеу кезінде қолданылады.

Сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдану, даярлықсыз өткізілуі. Ым-ишара қолдану.

Лексикалық ерекшеліктері.

Қарапайым, бейтарап, диалект, кәсіби, ауыспалы мағынадағы бейнелі

сөздер, метонимия, эвфемизм еркін қолданылады. Фонетика-морфологиялық

ерекшелік. Дыбыстарды түсіріп айту, оқшау сөздер

мен эмоционалды- экспрессивті,

қысқарған сөздер қолданылуы. Синтаксистік

ерекшеліктер. Сұраулы, лепті, толымсыз, риторикалық сұраулы сөйлемдер

қолданылып, диалогқа құрылады.




Сөйлеу тілінің бұл сипаттарын жазушылар көркем әдебиетте кейіпкердің бейнесін ашып, мінезін таныту мақсатында әдейі пайдаланады.

Жаттығумен жұмыс: 22-жаттығу. Мәтінді оқып стилдерді анықтаңдар.

Т
томар
алдау жұмыстары:

Бірыңғай жуан буынды сөз Т-қатаң

Екі буыннан тұрады: ашық,бітеу О-жуан ,еріндік,ашық

Буын үндестігі бар М-үнді

Томар түрінде тасымалданады А- Жуан,ашық,езулік

Екпін соңғы буында Р-үнді

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 27-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9



Сабақтың тақырыбы : Көркем әдебиет стилі

Сабақтың мақсаты : қазақ тіліндегі ауызекі сөйлеу стилі туралы түсінік беру;

оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, қосымша материалдар т.б

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Көркем әдебиет стилі

Мақсаты


Қолданылу

аясы


Стильдік

сипаты


Тілдік амал-

тәсілдері








Шынайы өмір шындығын суреттеу, зат, құбылыстарды бейнелеу арқылы оқырман сезіміне әсер ету, ой тудыру.

Көркем шығармаларда қолданылады.

образды

мәндегі


қолданыс,

эмоцио-


налды-экс-

прессив


Сөздердің

әртүрлі ауыспалы мағынадағы қолданысы, көркем-

дегіш, бейнелеуіш,

суреттеме (теңеу,

метафора, метонимия, антитеза, т.б.) құралдары еркін қолданылады.

Шығарманы шынайы беру мақсатында диалект, кәсіби, ауыспалы мағынадағы бейнелі сөздер мен сөйлеу тілін де қолданады. Көп жанрлы (проза, драма, поэзия, т.б.).



Әр жазушының

өзіндік стилі болады. Ол әр суреткердің тілдік амал-

тәсілдеріне қарай

танылады.

Көркем әдебиет стилі - әдеби шығармалар арқылы бізге өте таныс стиль. Біз өзімізді еліктіріп әкеткен қызық кітаптардың жан дүниемізге қалай әсер еткенін еске түсірейікші. Кейіпкермен бірге қуанып немесе мұңайып, жылап та қалған кезіміз болды емес пе? Жазушы шығарманы әсерлі, көркем көріністер, бейнелер арқылы жандандыра отырып, оқырман жанына әсер етеді. Әр жазушы бірін-бірі қайталамайды

Әрқайсысының өзіндік сөз саптауы, бөлек стилі болады.

Көркем әдебиет тілі эмоцияналды-экспрессивті болады.



Жаттығумен жұмыс: 38-жаттығу

Шығармашылық жұмыс: Тұрақты тіркестердің баламасын табыңдар.

  1. Қас пен көздің арасында-

  2. Төбе шашы тік тұрды-

  3. Ит өлген жер-

  4. Ит арқасы қиянда-

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 42-жаттығу. Мақал-мәтелдердің жалғасын табады.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9



Сабақтың тақырыбы : Ресми іс-қағаздар стилі
  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет