Сөз сырын ұғыңыз.
Тілі орамды
|
түсінікті, шебер жазылған,
қисынды ой
|
Тасыр
|
мінездің бір түрі, тасыр мінез,
ұр да жық мінез
|
Қырын келмей
|
теріс ойламай,
|
Құлағың тосаңсиды
|
(тосаңсу - құрғау) құлық
құрышының қанбауы
|
"Әзірет Әлі", "айдаһарсыз"
|
зілсіз деген мағынада
|
"алтын иек, сары - ала қыз"
|
қызықтыратын дүниелер
|
Әсіре қызыл емес
|
шешен, көркем емес мағынасында
|
Жиренбеңіз
|
қашпаңыз мағынасында
|
|
|
8 минут
|
Тәжірибе
|
1-тапсырма. «Түсіндірме күнделік» әдісі бойынша кестені толтырыңыз.
Өлең үзіндісі
|
Ақындық тұлғасы,
немесе суреткерлік
шеберлігін тану
|
Сөз айттым "Әзірет Әлі", "айдаһарсыз",
|
|
Мұнда жоқ "алтын иек, сары-ала қыз".
|
|
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
|
|
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.
|
|
Өзіңді тексер! .
Өлең үзіндісі
|
Ақындық тұлғасы,
немесе суреткерлік
шеберлігін тану
|
Сөз айттым "Әзірет Әлі", "айдаһарсыз",
|
Абай шәкірті Көкбайдың
ақындар сарынымен
шығыстық діни қисса-дастан жазуға тым әуестігін сыңға алған
|
Мұнда жоқ "алтын иек, сары-ала қыз".
|
Шәкірті Әріп
Тәңірбергенұлының
«Зияда – Шамұрат»
деген дастанындағы
сұлу қызды тым әсіре
суреттеуін сынға алады.
|
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
|
Шәкірті Шәкәрім
Құдайбергенұлының
кәрілікті жағымсыз
етіп суреттегенін
сыңға алады.
|
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.
|
Ақын өз шәкірттеріне
ақыл-кеңесін, тікелей
тәрбиесін берген.
|
2-тапсырма. Өлең құрылысына талдау жасаңыз.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды.
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Батырдан барымташы туар даңғой,
Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.
Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,
Елірмелі маскүнем байқалған ғой.
Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп,
Қинамай қызыл тілді кел, тілді ал, қой!
Өлең құрылысына талдау үлгісі
Авторы:
Тақырып
Жанр түрі
Идеясы
Шумақ
Тармақ
Бунақ
Буын саны
Ұйқас түрі.
Дескриптор:
-өлең құрылысына талдай алады.
Авторы: Абай Құнанбайұлы
Тақырып – бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл шығарма. Әдеби шығарма дегеніміз – белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. Бұл шығарманың тақырыбы- Абай ақындықтың ауыр міндетін, ақын атанудың алғышарттарын айтқан.
Жанр түрі – поэзия (өлең). Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
Идеясы – автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз қөзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді.Бұл шығарманың идеясы- ақын ақыл сөзін ақындарға арнаған-ды. «Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?» деп, парасатты оқырманы жоқтығына налыған болатын.
Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. 3 шумақты
Тармақ – өлеңнің әр жолы. 16 тармақты
Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты
Буын саны – сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты: 11-12 буынды
Ұйқас түрі. Ұйқас дегеніміз – өлеңнің бітім, мазмұнымен тамырлас келіп оған әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі. б, а, а, в, а, г, а аралас ұйқас
Эпитет - Заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты7
Метафора яки ауыстыру- Сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту. Бұлақ-қыз,шолпы таққан сылдыратып
Метонимия (алмастыру)- Өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану. «Жаманға сырыңды айтпа» деген мақалдағы «жаман» сөзі «сенімсіз адам» деген мағынаны білдіреді.
Ирония - Келеңсіз жайттарды, ұнамағанды жеңіл, астарлы кекесінмен айту.
Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз,
Артқыға қандай егін еккеніңіз!
Жусақ та денемізден кетер емес,
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз»
3-тапсырма. Берілген өлең жолдарындағы ерекше белгіленген сөз тіркестерін көркемдегіш құралдарға ажыратыңыз.
Дескриптор:
-сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді;
-көркемдегіш құралдарды ажырата алады.
Эпитет - Көкірегі сезімді, тілі орамды. Түбі терең сөз артық.
Метафора яки ауыстыру- Көңілінің көзі ашық. Қисық-қыңыр, қырын келмей. Құлағың тосаңсиды.
Метонимия (алмастыру)- Тасыр ұқпас, талапты ұғар. Туар даңғой. Мисыз бәңгі күлсе.
Ирония -Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой. Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз, Елірмелі маскүнем байқалған ғой.
|
|
3 минут
|
Бекіту
|
Сабағымызды қорытындылайық. Өзіңізді өзіңіз бағалаңыз. Әр сөйлем бойынша өзіңізге самйлик арқылы баға беріңіз:
- өлеңді мәнерлеп оқи алдым;
- өлең құрылысына талдай алдым;
- ақынның суреткерлік шеберлігін ажырата алдым;
- шығармадағы көркемдегіш құралдарды таба алдым.
|
|
|
Қосымша тапсырма
|
Ақын ойын негізге ала отырып, өлең жазып жүрген құрбы-құрдастарымызға өлеңге қандай талап қойылатындығын айтып, сыни хабарлама жазыңыз.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |