Жаңа сөздер: еркелетеді, қуантады, мейірбан, сыйлайды.
1-тапсырма. Тыңдайық.
Өлеңді тыңдап, сұраққа жауап береді.
Менің анам мейірбан, Нұр төгілген көзінен. Қуантады қашанда Жылы-жылы сөзімен.
Нығмет Нұрмақов
Дәптердегі №1 тапсырма. 2-тапсырма. Айтайық.
Анаң сені қалай еркелетеді?
Күн+ім, ай+ым, жұлдыз+ым, гүл+ім, қозы+м, құлын+ым.
Дәптердегі №2 тапсырма.
|
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрайды.
«Бір шеңбер» әдісі «ана» дегенде көз
алдарына келетін сөздерді атап айтады. Жаңа сөздерді қолданады. Мысалы:
Анам кешірімді, анам сыйлы ...
Ана
Дәптермен жұмыс.
Сызбаға қарап әңгімелейді. Сурет атауларын атап, жалғауларды жалғап айтады. Мысалы: Анам мені «құлыным» деп еркелетеді.
Дәптермен жұмыс.
|
ҚБ: мадақтау
«Эмоциялық бағалау»
(Шіркін! Алақай! Қап!)
|
сюжетті сурет
сызба
Слайд
|
|
тапсырма. Оқиық.
«Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі
Мәтінді оқып, сұраққа жауап береді.
«Сен қандай құттықтау хат жазар едің?» деген сауалға әр топтағы оқушылардың пікірі тыңдалады.
тапсырма. Жазайық.
«Анама сыйлық» ойыны.
Анаңа не сыйлайтыныңды жаз.
М ы с а л ы: Мен анама гүл сыйлаймын. Мен анама сурет сыйлаймын.
|
Дескриптор:
жаңа сөздермен сөйлемдер құрайды;
сұраққа жауап береді;
тірек сөздер көмегімен әңгімелейді.
Сергіту сәті.
Мен және атам, әжем, Мен және әкем, шешем, Мен және ағам, әпкем, Осылардың барлығы – Менің отбасым.
(саусақтарымен отбасы мүшелерін санап береді)
Топтық жұмыс.
Мәтінмен жұмыс жасай отырып, топқа стикерлер арқылы бөлініп отырады.
Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:
СПИКЕР тақырыпты түсіндіреді (өз ойымен бөліседі).
ИНТЕРВЬЮЕР (сұрақтар қояды).
ХАТШЫ «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.
Анасына не сыйлайтынын жазады.
Дескриптор:
мәтінді оқып, сұраққа жауап береді;
сурет бойынша сөйлемдер құрайды.
|
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
|
стикер
|
Сабақтың
соңы (5 мин)
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |