Сабақтың тақырыбы: 1 санын қосу және азайту. Сабақтың тақырыбы



Дата04.07.2016
өлшемі324.86 Kb.
#178042
түріСабақ
ШҚО Семей қаласы

« №21 жалпы орта білім беретін

мектеп» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Ермухамбетова Жанар Закарьяновна

Математика 1 – сынып

Сабақтың тақырыбы:

1 санын қосу және азайту.

Сабақтың тақырыбы:


10 көлеміндегі санға 1-ді қосу және саннан 1-ді азайту кестесін оқып үйренуді қорытындылау.

Міндеттері:

1.Қосылғыштардың біреуі 1 болып келген жағдайдағы санның құрамын түсіндіру.2. Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық, логикалық қабілеттерін дамыту3.Өздігінен жұмыс жасауға, ұжымдылыққа, сауаттылыққа, әдемі жазуға тәрбиелу.

Көрнекілігі:

Сурет, дөңгелектер, электрондық оқу құрал, тест.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ.

Сабақтың әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, тест.

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. а) Психологиялық дайындық

ә) Логикалық есеп.

ІІІ. Жаңа сабақ.

а) Слайдпен жұмыс (Қыс мезгілінің суреті)

ә) Сан сызғыш арқылы арқылы 1-ді санға қосу және саннан 1-ді азайтуды түсінуді жалғастыру.



б) «Үзеңгі» ойыны ( + 1, - 1. )

в) Электрондық оқулықпен жұмыс.

г) Оқулықпен жұмыс.

д) Дәптермен жұмыс.

г) Электрондық оқулықтан ойын.

е) Сергіту сәті.

IV. Бекіту кезеңі.

а) Тест


ә) Ойын «Тауыққа көмек»

V. Қорытындылау. Мадақтау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.


  • Балалар, математика сабағын бастайық. Оқу – құралдарымызды түгендеп, әдемі болып отырайық.

ІІ. а) Психологиялық дайындық.-Қане, балалар, шеңбер бойына тұрайық. Алақандарымыздың жылуын сезініп, бүгінгі күнге сәттілік тілейік.

Қуан, шаттан, алақай!Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы күн, құрбы – дос,Күліп шықты бүгін күн.


  • Өте жақсы! Орнымызға барайық.

ә) Логикалық есеп.- Балалар, мен екі таңбалы сан ойладым, одан 1 санын азайттым. Нәтижесінде бір таңбалы сан шықты. Ол қандай сан?

  1. – 1 = 9 (Тақтаға бір оқушы жазады)-Теңдік қандай амалмен берілген? (Азайту)-Азайту амалына кері амалды ата. (Қосу)-Ендеше қосу амалына сай теңдік құрастырайық.-9 + 1 = 10 (Тақтаға бір оқушы жазады)

ІІІ. Жаңа сабақ.А) Слайдтан «Қыс» мезгілінің суретін көрсету.

- Қай мезгіл? (Қыс)

- Сендер осылай ойнағанды жақсы көресіңдер ме? (Иә)

- Ендеше, осы сурет бойынша есеп құрастырайық.

Төбеде барлығы қанша бала жүр? (5 бала)


  • Алыстан сырғанақ тебуге тағы бір бала келе жатыр. Ол бала келсе, төбеде неше бала болады?-Қалай теңдік құруға болады? (Балалар айтады)5 + 1 = 6 (теңдікті оқу)

  • Бала көбейді ме, азайды ма? (Көбейді)

  • Бір бала шанамен сырғанап кетті. Төбеде қанша бала қалды? (5 бала)

  • 6 - 1 = 5 теңдігімізде саннан бірді азайттық.(Қосу мен азайту амалдарының байланысына оқушылардың назарын аудару.)

ә) – Бүгінгі өтетін тақырыбымыз 1 санын қосу және азайту. (Слайдтан электрондық оқулықтағы сан сызғыш бойынша 1-ді қосу, азайтуды түсіндіру.)-Балалар сандар қатарын өсу ретімен кім атайды? -Ал енді сандар қатарымен бір қадам жасап, солдан оңға қарай аттайық.

  1. + 1 = 2 2 + 1 = 3 3 + 1 = 4 т.с.с.

  • Қандай сан шығады? (Үлкен) Енді оңнан солға қарай аттайық.

4 - 1 = 3 3 - 1 = 2 2 - 1 = 1

Кері жүргенде кіші сан шығады.Яғни, бір бағытта қосу, оған кері бағытта азайту амалдарының нәтижелері табылатынына назар аудару.

б) – Балалалр, қазір біз осы жұмысты «Үзеңгі» ойынын ойнау арқылы жалғастырайық. (сыныпты екі топқа бөлу)


1 + 1 = 2

6 + 1 = 7

10 – 1 = 9

4 – 1 = 3

2 + 1 = 3

7+ 1 = 8

9 – 1 = 8

3 – 1 = 2

3 + 1 = 4

8 + 1 = 9

8 – 1 = 7

2 – 1 = 1

4 + 1 = 5

9 + 1 = 10

6 – 1 = 5

1 – 1 = 0

5 + 1 = 6




5 – 1 = 4
















в) - Енді түгелдей слайдқа қарайық. Берілген өрнектің мәнін дөңгелектер арқылы көрсетіп отырыңдар.

1 + 1 = 1 + 3 = 2 + 1 = 3 + 1 =

2 + 2 = 3 + 2 = (Оқушылар нәтижені дөңгелектермен көрсетіп отырады)

г) Оқулықпен жұмыс.

№4

10 = 1 +

9 = + 1

8 = 1 +

7 = + 1

6 = 1 +

5 = +1

4 = + 1

3 = 1 +

Тақтаға шығып бос әйнекке сан қою.

д) Дәптермен жұмыс.

1) 1 – 10 –ға дейін тура, кері санау. 2) Өрнектердің мәнін табу.

3) Қоянның суретін салу.

е) Электрондық оқулықтан «< >» ойыны (өткен материалдарды бекіту)

3 > 2 3 > 0 1 < 3 1 > 0 4 = 4

Таңбаларды қоя отырып, «спорт» сөзін шығару.

ж) Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрайық Бір отырып, бір тұрып,

Алақанды соғайық Бойымызды созайық.

Оңға қарап иіліп, Белімізді жазайық,

Солға қарай иіліп, Орнымызға отырайық.

Дене шынықтырудың пайдасын білу.

IV. а) Тест алу.

тапсырманы орындау.


  1. Суретті сызық арқылы санмен қос.

2 3 1 7 8 5



  1. Жазуды жалғастыр.

0


















10


















4


















9


















  1. Өрнекті сызық арқылы санмен қос.

1+ 1 2 + 1



4+1 5+ 1



8– 1 9 - 1



10-1 7 – 1

4. Теңсіздікті қоршап көрсет:

3+1 7 > 5 8 = 8 4 > 3 6 < 8

5.Өрнек көсет:

5 + 3 7 – 2 3 1 5 = 5 8 – 1

ә) Ойын «Тауыққа к». Сандары бар жұмыртқаларды кему ретімен қ

5. Өрнекті қоршап көрсет.

5 + 3 7 – 2 3 >1 5 = 5 8 – 1

ә) Ойын «Тауыққа көмек». Сандары бар жұмыртқаларды кему ретімен қойып, тауыққа көмектесу. (Электрондық ойын)

V. – Балалар, біз бүгін қандай тақырып өттік? (Санға 1-ді қосу және саннан 1-ді азайту).

- Санға 1-ді қосқанда қандай сан шығады? (Санға 1-ді қосқанда келесі сан шығады).

- Саннан 1-ді азайтқанда қандай сан шығады? (Саннан 1-ді азайтсақ алдыңғы сан шығады).

- Тағы қандай ойындар ойнадық?

- Сабақ ұнады ма?

- Ендеше, бүгінгі сабаққа «өте жақсы» қатысқан балаларды атап өтейік.

- Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін, мен сендерге әдемі қарлар тартайын.

- Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.

ШҚО Семей қаласы

« №21 жалпы орта білім беретін

мектеп» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Ермухамбетова Жанар Закарьяновна

Отбасылық сайыс тақырыбы: Үлгі болар отбасы – қазағымның айнасы



Мақсаты:

Отбасы - тәрбиенің бастауы, бала өміріндегі маңызды – өнеге баспалдағы екендігін ескере отырып, отбасымыздағы өнегелі тәлім-тәрбие арқылы бала бойында адамгершілік, сыйластық, ата-анаға, қоршаған ортаға, қоғамға деген сүйіспеншіліктерін, халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері, тәрбие тәсіл, тәжірибелелері арқылы сіңіру, тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Нақыл сөздер плакаты, гүлдер, шарлар, дастархан, отбасылық фотоальбомдар, ас мәзірі, сайыс шарттары.

Іс – шара жабдығы:

Музыкалық аспап, баян, арқан, магнит тақтасы, сайысқа қатысушылардың мерекелік әр түрлі киімдері, салт-дәстүр қойылымдарының жабдығы.

Өтілу орны:

Акт залы

Сайыстың барысы:

  1. Залда әуен ойнайды.

  2. Кіріспе сөз.

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да, туған үйдің жылуы есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі». Жеке адамды басқа адамдармен қарым-қатынасқа, мәдениеттілікке тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Сондықтан да ол өте қажетті, басқа еш нәрсемен ауыстыруға болмайтын баспалдақ. Отбасы сыйластық, жарастық орнаған орта. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала.

Атаң – дана қорғаның.

Әжең – асыл ардағың,

Әкең – өмір тірегің.

Анаң – күнің, жүрегің,

Ағаң – қамқор асқарың.

Інің – мөлдір аспаның – демекші,

Құрметті қонақтар! «Үлгі болар отбасы,

Қазағымның айнасы»

атты отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер!



  • Сайыс болғаннан кейін, сайыс төрелігін беретін әділқазыларымыз бар. Әділқазылар алқасымен таныстыру. Сайыс шарттарын түсіндіру.

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,

Көрейік «Үлгі болар отбасын» жарыстырып.

Осы залда білетін бар, білмейтін бар.

Әр отбасы көрсін өзін таныстырып.



  1. а) Сайысымыздың бірінші шарты «Таныстыру»

  • Ортаға бірінші сайыскер отбасымызды құрметпен шақырамыз (әр отбасы мүшелері: әкесі, анасы, баласы бір стильде киінген, отбасылық эмблемасымен, фотоальбомымен және өздерінің ерекше үлгіде таныстыруларымен ортаға шығады. Төрт отбасы кезек-кезек ортаға шығып, танысқаннан кейін, өз дастархандарының басына жайғасады).

ә) Сайыстың екінші шарты «Отбасылық мерекелерді атап өту»

Ынтымақ, бірлік, ақ ниет,

Береке, бірлік болсын – деп.

Бір дастархан басында,

Бір шаңырақ астында.

Бір ұядан ұшқандай.

Мерекені тойлаймыз біз, жараса.


  • Ендеше әр отбасы өздерінің отбасылық мерекелерін қалай тойлайтындарын айтып өтсін (Жаңа жыл, Наурыз, айт, туған күндерге арналған мерекелердің үйлерінде қалай өтетінін әңгімелеп, сол мерекедегі ас мәзіріндегі басты тағамның түрін ұсынып, неден жасалатынын айту).

  • Қандай той әнсіз, бисіз, ойынсыз

Ендеше, жақсы әнге жолды біз ұсынамыз.

1-сынып оқушыларының орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар.



б) Сайыстың үшінші шарты «Отбасының өнері»

Өнер, өлең – талаптының белгісі,

Келер оның әркімнің – ақ көргісі.

Кез келді ғой өнерге ерік беретін,

Отбасылардың абыройын үстем ететін.


  • Әр отбасының өнерін тамашалайық.

  • Қошметпен отбасыларын шақыру.

(Төрт отбасы өз өнер үлгісіне сай киімдерімен, музыкасымен ән, би, әзіл-сықақ, фокус түрлерін көрсетеді)

Шынығамыз, ойнаймыз

Жас ұрпақпыз талапты.

Өнерге біз құмармыз.

Еңбекқұмар ұланбыз!

Салауатты өмір салтын серік еткен қалалық жарыстың жеңімпазы Сәулет атты балаларыңыздың, спорттық жаттығудан «өнерін» тамашалаңыздар.



в) Біздің отбасыларымызда салауатты өмір салтын ұстанады. Ендеше, сайыстың келесі түрі эстафеталық жарысқа кезек берейік.

Отбасыларын эстафеталық мәреге тұрғызу.

  1. Шарды екі аяқтың ортасына қойып, межеленген жерге дейін шапшаң барып, берілген есепті шығарып, қайта сол жүріспен орнына келіп, шарды келесі жарыскерге беру.

  2. Отбасылардың арқан тартуы.

  3. Әкелердің күш сынасуы.

Залда отырған ата-аналармен, қонақтармен тренинг өткізу.

г) Сайыстың келесі түрі «Ұлттық салт-дәстүрдің», ойынның бір түрін көрсету (Бесікке салу, тұсау кесер, ұлттық ойын т.б.)

- Аңыз болған жоғалмай бұл ғасырда,

Салт – дәстүрі халқымның жалғасуда.

Адастырмас оң жолдан үлгісі бар,

Көз тартып ұрпақтарға алмасуда.


  • Біздің отбасыларымыз салт-дәстүрлерімізді қалай жалғастыруда?



Отбасыларының қойылымдарын тамашалау.

д)Отбасылық би немесе сұрақтарға жауап /Екі түрдің біреуін алу/

Сұрақтар: 1. Жеті атаны атаңыз.

2. Жеті қазынаны атаңыз.

3.Қазақтың тыйым сөздерін айтыңыз.

4.Отбасы туралы мақал айтыңыз.

3. Отбасылық сайыстың қорытынды бағасын беруге әділқазылар ақылдарын қоссын.

Қуанышты әніміз де,

Біз ұланбыз жоқ арманы.

Біздер әлі бәріміз де.

Боламыз ел абыройы, - деп алдарыңызда әнші ұлдарыңыз Ералы жастар әнін шырқап береді.

-Ал, енді әділ қазылар төрелігін, әділдігін айтып, бүгінгі «Үлгі болар отбасын» атап, сайыскерлерімізді марапаттасын.

Азамат түлеп, өмір нәрленсе, егеменді еліміздің болмысы баянды болып, ата-аналарымыздың ақ тілек, асыл арманы қабыл болып, соңымыздан ұлағатты ұрпақ ерсе, артымыздан ұлт жанды ұрпақ қалса әр адамның мұратына жеткені емес пе?

Өміріміз мәнді, тұрмысымыз сәнді, мұрагерлеріміз нәрлі болмағы өз қолымызда дей келе, ақиық ақынымыз М. Мақатаев жырлағандай:

Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды.

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімінен ата-ананың жасалады ,

– дегендей, балаларымызға үлгі болар отбасылары көбейіп, қазағымның айнасы болып жүре берсін.

Көңіл қойып, тамашалағандарыңызға рахмет!

Әуен ойналады.



ШҚО Семей қаласы

« №21 жалпы орта білім беретін

мектеп» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Ермухамбетова Жанар Закарьяновна

Оқушының зерттеу жұмысы

Тақырыбы: Білім туралы жұмбақтар

Орындаушы:Майданбекова Дәрия

4 «А»сыныбы №21 жалпы орта

білім беретін мектеп КММ.

Жетекшісі:Ермухамбетова Жанар

Закарьяқызы



Мерзімі: 2012жыл,қыркүйек-

2013жыл,қыркүйек.



Орны: мектеп, кітапхана

Аннотация

Аты-жөні: Майданбекова Дәрия Айдынқызы

Мектеп: №21 жалапы орта білім беретін мектеп КММ

Сынып: 4 «А»

Қала: Семей

Тақырыбы: «Білім туралы жұмбақтар»

Жұмыстың өзектілігі: Жұмбақтың шығуын зерделей отырып, қазіргі заман талабына сай жұмбақтарды құрастыру жолдарын іздестіру.

Мақсаты: Білім туралы жұмбақтардың құрылымын анықтау, ертеден келе жатқан жұмбақтар мен қазіргі заман жұмбақтарының байланысын салыстыру, жинақтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Жұмбақтың пайда болу тарихын зерделеу;

2. Білім туралы жұмбақтарды жинақтап жүйелеу, құрылысын анықтау;

3. Білім туралы қазақ ауыз әдебиетіндегі жұмбақтарды іздестіру, топтау;

4. Қазіргі заман талабына сай жұмбақтарды құрастыру.

Зерттеу әдістері: Деректер жинау, құрастыру.

Нәтижесі: Зерттеу нәтижесінде жаңа жұмбақтар құрастырудың түрі көрсетілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Мазмұны

Кіріспе..............................................................................................................1-2 бет.

I.Жұмбақ-таңғажайып құбылыс.

1.1.Жұмбақтың пайда болу тарихы................................................................3-5 бет.

1.2.Жұмбақ-таным құралы...............................................................................6-8 бет.

II.Білім туралы жұмбақтар.

2.1.Білім туралы қазақ ауыз әдебиетіндегі жұмбақтардың мәні..................9-11бет.

2.2.Жұмбақ әлеміне қосқан үлесім..................................................................11-15бет.

Қорытынды..................................................................................................…16-бет.

Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................17-бет.

Кіріспе


Жұмбақ  қай елдің фольклорында болмасын салмақты орын алатын арналы саланың бірі. Қазақ халық жұмбақтары да ғалымдар назарына ерте ілініп, арнайы зерттеліп келе жатыр. Оның көне жазба үлгілерін қыпшақ тілінің ескерткіші(XIVғ.) «Кодекс куманикусте»,М. Қашқаридің «Диуани луғат-ат түрк» сияқты кітаптардан кезіктіреміз.

Революцияға дейінгі кезеңде қазақ жұмбақтарын жинауға М. Иванов, М. Ибрагимов, А. Лютш, П.М. Мелиоранский, А. Алекторов, Ә. Диваев сияқты адамдар ат салысты. Қазан қаласында жұмбақтарға арналған кітаптар ғасыр басында-ақ шыға бастады.

Қазақ жұмбақтарының толық жинағы 1959 жылы ғана жарық көрді. Жұмбақтардың қыр-сыры С. Сейфуллин, М.Әуезов, Ә. Марғұлан, М. Ғабдуллин еңбектерінде кеңінен сөз етіледі.

Жұмбақтың шығу тегінің рулық қоғамдағы әскери дипломатия мен отбасылық әдет-ғұрыптарға байланысып жатқандығы ғылымда айтылып жүр. Жұмбақтың бұл көне қызметі эпикалық көлемдегі фольклор жанрларында молынан көрініс тапқан. «Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған... » - деп жазады М.О. Әуезов.

Халық жұмбақтарының тақырыптық ауқымы өте кең. Профессор М. Ғабдуллин «Жаратылыс дүниесі, табиғат жайы, еңбек құралдары хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және өмірі, оқу,өнер-білім, техника т.б. жұмбақтардың басты тақырыбы» - деп келіп, олардың тақырыптық жіктерін мысалдар келтіре отырып айқындайды.

Біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбы: Білім туралы жұмбақтар.

Зерттеу жұмысын алу себебіміз: Жұмбақ құрылымы,құрылысы туралы біліп,оны құрай білуге үйрену.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Жұмбақтың шығуын зерделей отырып,қазіргі заман талабына сай жұмбақтарды құрастыру жолдарын іздестіру.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Білім туралы жұмбақтардың құрылымын анықтау, ертеден келе жатқан жұмбақтар мен қазіргі заман жұмбақтарының байланысын салыстыру, жинақтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Жұмбақтың пайда болу тарихын зерделеу;

2. Білім туралы жұмбақтарды жинақтап жүйелеу, құрылысын анықтау;

3. Білім туралы қазақ ауыз әдебиетіндегі жұмбақтарды іздестіру, топтау;

4. Қазіргі заман талабына сай жұмбақтарды құрастыру.

Зерттеу әдістемесі: Деректер жинау, құрастыру

Нәтижелілігі: Зерттеу нәтижесінде жаңа жұмбақтар құрастырудың түрі көрсетілді.

Материалдардың көлемі: Кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Зерттеу жұмысы жүргізілген орын: мектеп, кітапхана,

Зерттеу мерзімі: 2012 жыл, қыркүйек айы-2013 жыл, қыркүйек айы.

Негізгі бөлім

I тарау. Жұмбақ - таңғажайып құбылыс.

1.1Жұмбақтың пайда болу тарихы.

Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр екен.

Жұмбақ жанры- дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға белгілі ойшыл Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора ” деп анықтама беріпті. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиетін жазушыларда, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығармашылығында жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Ғалымдар жұмбақтың әуелгі тегі тыйым сөздермен және оны табумен төркіндес деп есептейді. Ерте дәуірлерде адамдар айналадағы өктем күштерден сақтанғандықтан, өзара шартты сөздермен, астарлы тіркестермен тілдескен. Жұмбақ кейінгі даму барысында табу мен тыйым сөздерден жіктеліп, бөлініп шыққан. Қазақ жұмбақтары ежелгі дәуірде туып, қазіргі кезеңге дейін ұзақ даму жолынан өтті. 13-ғасырдың 2-жартысы мен 14-ғасырдың басында құрастырылған қыпшақ тілінің сөздігі “Кодекс Куманикусте” көптеген жұмбақтар берілген. Ондағы жұмбақтардың құрылымы, табиғаты қазіргі қазақ жұмбақтарына ұқсас. Мысалы;

Сенде, менде жоқ, Сеңгір тауда жоқ, Өте берік таста жоқ, Қыпшақта жоқ (құс сүті).

Сонымен қатар Махмұт Қашқаридің “Түрік тілінің сөздігінде” де қазіргі қазақ жұмбақтарының алғашқы үлгілері кездеседі. Қазақ халқы жұмбақты адамдардың білім деңгейін, парасатын аңғартатын үлкен өнер деп есептеген, сондықтан жар таңдаған жастар, ақындар, ел ішіндегі шешен, би, т.б. данагөй, қадірменді адамдар бір-біріне жұмбақ жолдап, ақыл-ой сынасып, таным салыстырған. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де, ақындық айтыс түрінде де кездеседі. Жұмбақ бейнелі суретпен айтылады. Мысалы; “Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау” (жұмыртқа), “Отқа жанбас, суға батпас” (мұз). Заттың сапасына (“Бауыздасаң, қан орнына су ағар” – қауын), қызмет-қимылына (“Жанды сағат айқай салады” – есек) қарай құрылатын жұмбақтар көп. Кейде жұмбақ тікелей ашық сұрау түрінде айтылады. Жұмбақ шешендік сөздермен де (“Ағат деген немене? Сағат деген немене?”), мақал-мәтелдермен де (“Сырты жылтырауық болғанмен, іші қалтырауық”) жанасымды келеді екен.[4]

Қазақ әдебиетінде ақындардың ауызша, жазбаша жұмбақ айтыстары көп кездеседі (мысалы, Жігіт пен қыздың жұмбақ айтыстары, Сапарғали мен Нұржанның айтысы, т.б.). Жұмбақтың композициялық құрылымы, әдетте, екі бөлікті болып келеді, бірінші бөлікті жұмбақтың байлауы, екінші бөлікті жұмбақтың шешімі деп атайды. Жұмбақта заттың түрі-түсі, көлемі, қасиетімен қатар, оның атқаратын қызметі немесе қимыл-әрекеті де айтылады. Жұмбақ – таным құралы, сондықтан бір құбылысты түрлендіре құбылту арқылы әр тарап, сан қырынан тануға болады. Кейде байламның барлық қасиеттері толық суреттелмей, бір ғана белгісі айтылуы мүмкін. Сондықтан жұмбақ шешуін табудың ауыр-жеңілдігі нысан суретінің қаншалықты толық, дәл берілуінде. Жұмбақты шешу – сипаттамадан соң сыңар бейнеден байламды табу арқылы жүреді. Сипаттамада байламның белгілері айтылады, осы белгілерге қарап нысанды ойша кескіндеу, елестету, мәтінді ести отырып, ұқсастырылған нәрсе мен байлам арасындағы байланысты зерделеу процесі өрбиді. Жұмбақта белгілі бір өлеңдік қалып сақталмайды. Оның ырғақтық-ұйқастық құрылымы сан алуан жолдармен өрнектеледі. Жұмбақ жанрына тән басты ерекшелік – көлемі шағын, құрылымы жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. Жұмбақ сөйлемдері көбінесе қысқа, жинақы келеді, кейде образбен өрілген кішкене ғана ұғымды білдіретін сөйлем, не сөз тіркесі түрінде кездеседі. Жұмбақтың ең басты поэтикалық құралы – метафоралық тәсіл. Жұмбақта тұспалдап айтылатын нәрселер дайын, ап-айқын күйінде көрінбей, емеурінмен елес береді. Тұспалдау арқылы байламның сыңар бейнесі сомдалады, оның бейнесі басқа құбылысқа көшіріледі. Жұмбақтар түрлі жағдайларды суреттеуді мақсат етпейді, оқиғаларды да баяндамайды, тек әр түрлі заттар мен құбылыстардан образдарға нақыш боларлықтай өрнектер табатынын білдім.

Жұмбақтың тілдік өрнектерінде халықтың тарихи-қоғамдық өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі өзгешеліктерді танытатын, солардан туындаған нақыш-өрнектер, ауыстырулар өте мол. Көбінесе көзбен көріп, қолмен ұсталған, тұтылған заттар тұспалдауға, жасыруға желі болады. Метафораларға ұйытқы, тірек сөздер алуан түрлі, олар сан -салалы табиғат құбылыстарына, тұрмыс пен шаруашылық, әдет-ғұрып, қоғамдық қатынастарға байланысты лексиканы қамтиды. Жұмбақ нысанасына айналған байламдар өмірдің барша құбылыстарын тақырып ете алады. Мысалы; аспан әлемі, табиғат құбылыстары, жер, хайуанаттар, құстар, жәндіктер, адам, үй жабдықтары, киім-кешек, тамақ-сусын, ыдыс-аяқ, өнер, шаруашылық, іс-құралдары, жол, қатынас, техника, оқу-білім, ойын-сауық, ән-күй, уақыт, дін, т.б. Сонымен қатар кейінгі кезде жұмбақтардағы дәстүрлі тақырыптардың арнасы оқу-білім, ғылым мен техника дамуына байланысты толыға түсті.

Қазақ жұмбақтарын жинау ісі 19- ғасырдың 2-жартысында басталып, 20 ғасырда одан ары жалғасты. Қазақ фольклоры мен ауыз әдебиетін жинақтап, алғаш рет жіктеп көрсеткен Ш.Уәлиханов, сондай-ақ, ағартушы Ы.Алтынсарин өз шығармашылығында жұмбақтарға арнайы тоқталған. Ауыз әдебиетін зерттеуші орыс ғалымы А.В. Васильев, сондай-ақ қазақ ғалымдары С.Аманжолов, Т.Жанұзақов, Қ.Саттаровтардың құрастыруымен қазақ жұмбақтары жинағы бірнеше мәрте кітап болып шықты. Өзінің бастау көзін, өсіп-өркендеу жолын фольклор қойнауынан алатын жұмбақ қазақ жазба әдебиетінде жалғасын тапты. Жазба әдебиеттің көрнекті өкілдері Абай, Шәкерім, С.Торайғыров, т.б. жұмбақ жанрында қалам тартты. Қазақ әдеби жұмбағының өсіп қалыптасуына М.Жаманбалинов, Ж.Смақов, М.Әлімбаев, Қ.Ыдырысов, Қ.Мырзалиев К.Баянбаев, Қ.Шұғаев, Ә.Ысқабаев, т.б. ақындар қомақты үлес қосты. Қазіргі уақытта жұмбақ қазақ әдебиеттану ғылымының арнаулы нысаны ретінде зерттеліп келеді.[2]

1.2. Жұмбақ-таным құралы.

Оқу-білім, ғылым туралы жұмбақтарды жинақтап,зерделеуде зерттеу жұмысын жүргізе отырып, байқағаным, жоғарыда айтылғандай жұмбақтың байламы және шешімі болады. Мысалы бір заттың байламы әртүрлі болып келеді, ал шешімі сол бір зат қана бола алады екен. Мысалы, кітап туралы жұмбақтарды алып қарайық;

Тұрады ылғи сөреде, Іші толған өнеге (кітап).

Қабат-қабат қаттама , Ақылың болса аттама (кітап).

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мезгілінде бауырын жазып.

Ішінде толған қазынасы бар,

Қорек қып пайдаланар талай халық (кітап).

Сөзі дана, үні жоқ

Сөйлемейді, тілі жоқ.

Қолыңа алсаң-шешен,

Ақылы асқан-көсем(кітап).

Кітаптан біз білім аламыз,өнер,өнеге,ғибрат аламыз.Ой-санамызды,тіл байлығымызды дамытамыз.Осы берілген жұмбақтардың байламында оның аты аталмай, жасырын түрде сипатталып тұр. Егер байыппен қарасақ, жұмбақтың шешімін табуға болады. Бір затты әр қырынан қарастырып, сипаттай бере білуге болады екен.

Біз мектептен білім алғаннан кейін ол білімді бағалау көрсеткіштері де болады. Сол бағалауға байланысты да жұмбақтар болатынын білдім.

Шәкірт кездегі, білімнің безбені (баға).

Жалқаумен бір жүретін

Құдды қармақ ілетін.

Жоламайды зерекке,

Сабақтарын білетін (екілік).

Жалғаса жатқан қос шеңбер

Бүйірінде қақпасы.

Көрсең де оны дос сендер,

Жақсы,жаман ортасы (үштік).

Жақсыменен тең көрген,

Ата-ана да жөн көрген.

Орындықпен төңкерген (төрттік).

Мектептің алтын орағы,

Зейінділер одағы.

Жақсы көрер бар бала,

Зерекке дос ол-дағы (бестік).

Өзіміздің бағамызды да жұмбақпен жасырып беруге болады.

Қазақ тілі пәнінде біз «Сөйлем» туралы түсінік алдық,сонда мұғалім бізге жұмбақтар жасырды. Ол жұмбақтар оқулықта жоқ екен.Тақырыпқа сай келгендігі ме, маған жұмбақ құрылымы өте ұнады. Мысалы былай:

Ойды аяқтап қорытады,

Соңында доп тұрады (сөйлем).

Сөзді құрап, дөп тіземін,

Қоя салсаң бір тары,

Жаңалықты жеткіземін (хабарлы сөйлем)

Ойды аяқтап орақ тұрады.

Жауап сөзді қалап тұрады (сұраулы сөйлем).

Ұранды, шаттықты,

Өкініш, аптықты,

Білдіріп ойын талайдың,

Шарға ине қадаймын (лепті сөйлем).[5] Осы жұмбақтар байламы сөйлем түрлерінің ережелеріне сай келетіндіктен,ойлана отырып әрқайсысының шешімін таптық.

Жұмбақтар өлең жолдарымен ұйқас түрінде де, қара сөзбен де беріледі екен. Біз 1-сыныпта әріп және дыбыспен танысқанда ұстазымыз бізге әріптер туралы да жұмбақтар жасыратын.Айтылған жұмбақ-өлеңді тыңдай отырып, ойланып қай әріп екенін табатынбыз. Мысалы, Мұзафар Әлімбаевтың жұмбақтарын алайық:



Ағада бар, 
Ініде жоқ. 
Шамада бар, 
Іріде жоқ.   (А)

Таңда бар, 


Түсте жоқ. 
Аңда бар, 
Тісте жоқ.   (ң)

Құдықта бар, 
Апанда жоқ. 
Құрықта бар, 
Бақанда жоқ.   (Ұ)

Нөлде бар, 


Санда жоқ. 
Көлде бар, 
Жарда жоқ   (Ө).

Міне, осындай әріпті жасырған өлең-жұмбақтардың құрылымы да ерекше. Бұл жұмбақтарда ұйқас сөздер арқылы сол екі сөзге ортақ әріп жасырылып айтылады да «бар» деген сөз қолданылады.

Жұмбақ –таным құралы деп бекер айтылмапты. Мен жұмбақ шешкенде ойланамын, байламын көз алдыма елестетемін, таныс емес сөздерінің мағынасы нені білдіретінін анықтаймын, шешуіндегі заттың суретін саламын. Міне,осы әрекеттерді атқарғанда менің таным деңгейімнің арта түсетініне көз жеткіздім.

Жұмбақ-таңғажайып құбылыс секілді. Адам жұмбақты естігенде, бұл не болды екен деп жұмбақтың шешуін тапқысы келеді, ойланады, табуым керек дейді. Мен де жұмбақ әлемі туралы көп білгім келеді.

II тарау. Білім туралы жұмбақтар.

2.1.Білім туралы қазақ ауыз әдебиетіндегі жұмбақтар мәні.

Қазақ халқы тарихында сан ғасырлар мен замандар бойы ауыз әдебиетінде жұмбақ жанрын түрлендіріп келгені мәлiм. Сөз жоқ, халықтың ақыл-ойының, жан сезiмiнiң, берекелi, бейнелi iс-әрекеттерiнiң, тағылым-тәжiрибесiнiң, бiлiмпаздық зердесiнiң көрiнiсi, жемiсi iспеттi осынау көркемдiк сұлулыққа бөленген фольклорлық дүниелер – оның тұрмыс-тiршiлiгiмен, шаруа-кәсiбiмен, ғұрып-дәстүрлерiмен, дүниеге көзқарасымен тамырлас. Жұмбақтанудың өзектi мәселелерiн пайымдауда, тарихи-табиғи тамырларын айқындауда деректiк материалдарды тұтастай жинап, жүйелеу, фольклорлық, этнографиялық айғақтарға жүгiну, сонымен бiрге жұмбақ табиғатын танып тексеруде салыстырмалы типологиялық, диахрондық әрi синхрондық әдiске мықтап сүйену – ғылыми-теориялық тұрғыдан әбден негiздi. Тегiнде, ұлттық фольклортану ғылымында қазақ жұмбағының зерттеу тарихнамасына үңiлетiн болсақ, ұшан-теңiз жұмыстар атқарылғаны белгілі.. Яғни, жиналу, жариялану жағынан алғанда. Жұмбақ табиғатын саралап сипаттауда А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин сынды оқымыстылырдың ой-пiкiрлерi де әлі күнге дейін құнды. Десек те халықпен бiрге жасасқан қазақ жұмбағының беймәлiм қырлары мен сырлары өлшеусiз екендiгiн ерекше айтуға болады.[1] Осы орайда әдебиет зерттеушiсi, шығыстанушы, исламтанушы Шәмшәдин Керiмнiң “Қазақ жұмбағы” (Алматы, “Арыс”, 2007)атты еңбегiн де аталмыш көне жанрдың табиғаты, түп-негiзi, даму жолдары, көркемдiк әлемi, сөз саптау тәсiлдерi, дәстүр сабақтастығы және ғалам әрi түркiтiлдес халықтардың жұмбақтарымен ортақ сарын-cипаттары жарқын мысалдармен дәйектi дәлелденедi, зерделенедi. Арғыдағы қыпшақтың жазба мұрасы “Кодекс Куманикустан” бастап, Ш.Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннiң М.Ибрагимовтың, Я.Лютштың, М.П.Мелиоранскийдiң, Е.А.Алекторовтың. А.В.Васильевтiң, Г.Н.Потаниннiң, Ә.Диваевтың айту лы жинаушылық, жариялаушылық еңбектерiне тоқталады. Сондай-ақ, жұмбақ мәтiндерi тiркелген қолжазбалардың нөмiрiн атап көрсетедi. Бұл мәлiметтер зерттеудiң ғылымилығын, деректемелердiң шынайылығын айғақтайды. Жұмбақтанушы Ш.Керiм текстологиялық түзетулер жасап отырады. Түсiп қалған жолдарды қалпына келтiреді. Мысалы;

Дүниеде бір айдаhар білесің бе? Денесінде жаны жоқ қимылдайтын Iшiнде бау-бақша сүйегi бар,
Жарқылдар жалғыз көзi төбесiнде.
Тұрады адам келсе, аузын ашып,
Кетпейдi келген адам одан қашып,
Барады ақырын-ақырын қадам басып (Киізүй).

Зерттеушi соңғы үш жолын қосқан. Осындай көне жұмбақтар құрылымын алсақ, бұл жұмбақ мәтіндерінде қазақтардың ауызекі сөйлеу тіліне тән дыбыс үндестіктерін, жергілікті диалектілік ерекшеліктерін ескерген. Орыс фольклортанушысы С.Г.Лазутиннiң: “Жұмбақты жасыру және жұмбақты шешу – бұл поэтикалық жарыс, метафоралық образдар сайысы, адамның поэтикалық ойлау қабiлетiн сынау. Жұмбақтау және жұмбақты шешу кезеңi, сөз жоқ, эсте- тикалық ләззат бередi, бiз ондағы халықтың поэтикалық ой жүйесiнiң сұлулығына тамсанамыз, оның өткiр ауыстыруларымен , жұмбақтың тапқырлыққа құрылған поэтикалық-ассоциацияларымен, шымшыма юморымен қанаттанамыз” – деген түйiндi тұжырымы оның адамзат ақыл-ойының сұлулық әлемi екендiгiн дәлелдейдi.

Қазақ жұмбағының жып-жинақы керемет келiстi кемел суретшiлдiгiн көрсететiн оқу-білім туралы жұмбақтар былайша келтірілген:
Дүниеде бір дәрия беті қатқан. Бетінде бетегесі шығып жатқан.

Қараса сол құдыққа қол жетпейді,

Құр қалмас сол құдықтан дәм татқаны,- деп, (оқу-білімді) дәрияға теңеп,оны аңсаған халықты да бейнелей білген.
Әрi қарай:

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мерзімінде бауырын жазып.

Ішінде толып жатқан қазынасы бар,

Қорек қып пайдаланар тамам халық – деп, (кітапты) да көз алдыңа елестетедi.

Ерте кезде оқу-білім құралы болған (сияны) да жұмбақтай білген. Мысалы,

Бір кісі он әскермен жүреді ылғи,

Әскері мұздан бөрік киеді ылғи.

Кісі отырып,әскері қызмет қылып,

Еңбегі иесіне тиеді ылғи –деп, (сия мен он саусақты) жұмбақтайды.Осы (сия мен он саусақ) шешімі болатын тағы бір байламды айтсам;

Он қойым өміріме болады азық,

Инемен суарамын құдық қазып.

Жатсам да,тұрсам да өз қасымда,

Өзімнен көрген емес кейін қалып,-деп те, екінші түрінен жасырған.


Сыналар ер жігіттер,кезің келді,

Сәулең болса бермен кел,талапты ерің.

Жан құмары дүниеде немене екен,

Соны білсең, бәрін де білгендерің-деп (білуге құмартуды) да жұмбақтаған.


Жұмбақ – соншалықты таңғажайып күрделi құбылыс. Халықтың ғұламалық зердесінен дүниенi мейлiнше терең әрi жан-жақты ұшқыр қабылдауынан, суреткерлiк табиғатынан, көркемдiк ойлау мәдениетiнiң жоғарылығынан, ассоциациялық тұрғыдан байланыстыру шеберлiгiнен туған өзгеше бiр тастүйiн байтақ әлем екен. [6] Жинақтап айтқанда, әдебиет зерттеушiсi Шамшәдин Керiмнiң “Қазақ жұмбағы” дейтiн iргелi зерттеуiнде жұмбақтың мейлiнше көнелiлігi, тыйым сөздер – табумен төркiндестiгi, сан алуан көркемдiк қызметi, жанрлық түрлерi, типологиясы, логикалық құрылымы, поэтикасы, стилистикасы, көркемдiк дәстүр сабақтастығы, поэзиялық сипаттамалар жүйесi терең пайымдалған, байыпты түсiндiрiлген. Шамшәдин Керімнің зерттеулеріне сүйене отырып, жұмбақтың сырларын біле түстім.

2.2.Жұмбақ әлеміне қосқан үлесім.

Жұмбақ туралы білім жинақтап,зерделеуде зерттеу жұмысын жүргізе отырып,өз жұмбақтарымды да қоссам деген міндет қойдым. Жоғарыда айтылғандай жұмбақтың байламы, шешімі болады және бір заттың байламы әртүрлі беріліп, сол затқа бірнеше жұмбақ құрастырылады. Мен де қазіргі заманда балалардың ең керек ермегіне айналған компьютерге, оқу-білімге қатысты жұмбақтар құрадым.

Төрт бұрышты,әйнекті,

Қоссаң бәрі сайрапты.

Керек кино,ойынды,

Көрерсің басып тетікті (компьютер)

Қоссаң бейне түрлі-түсті,

Табарсың сен іздегенді.

Баурап алар өзіңді,

Жаңалығымен қызықты (компьютер).



Компьютер арқылы кіретін интернет желісіне де жұмбақ құрадым.

Кітап бетін ашқандай,

Ашарсың оның әр бетін.

Бейнелі, жанды, өзгеше,

Беттері оның кітаптан (интернет).Оқу құралдарына да байланысты жұмбақтар айта кетсем:


Арғы атасы ағаш екен,

Өтер талай өңдеуден.

Әп-әдемі,аппақ болған,

Өрнек салдың сен оған (дәптер).

Сыныпта тұрады,

Алдыда ілініп.

Мұғалім,оқушы,

Жазады сабақты (тақта)

Тәртібімді,білімімді,

Білдіріп менің жүретін.

Ата-әжеме,ата-анама,

Көрсетеді үлгерімді (күнделік).

Жұқа заттың бөлшегі,

Ұзындығы өлшемі (сызғыш).

Оқулықтан қарайсың,

Дәптерге жазу жазасың (қалам).

Ұзын,жіңішке бойы бар,

Түрлі түсі,түрі бар.

Ақ қағазға қолдансаң,

Сырлы бейне қалдырар (түрлі түсті қарындаш).



Мектепте ұстаздан білім аламыз, балалармен бірге сабақ оқимыз, сол адамдарға да байланыстырып, жұмбақ жасырып көрейін дедім.

Кіргенде сыныпқа,

Қарсы алар біздерді.

Үйретіп білгенін,

Береді білімін (ұстаз).

Сабаққа зейінді,

Ісіне ұқыпты.

Үлгілі тәртібі,

Оқу мен білімі,

Сыныпта белсенді

Қандай оқушы?(озат оқушы).

«Ұмыттым» әр сөзі,

«Білмедім» дейді көп.

Бұл қандай оқушы,

Білсең сен айта ғой (олақ оқушы).



Жұмбақ әлемін зерттей отырып,оны жасыруда, табуда үлкен мән барын аңғардым. Қазіргі таңда жұмбақтар түрленіп келеді. Мысалы, біз өзіміз сабақ барысында шешетін логикалық жұмбақтар, сөзжұмбақтар, өлең-жұмбақтар, суретті жұмбақтардың (ребустар) да көптеген түрлері кездеседі. Менің ойымша бұл жұмбақтардың түп тамыры ертеден келе жатқан жұмбақтарға жалғасады деп пайымдаймын. Өйткені құрылымы өзгеше болғанымен бұл жұмбақтарда да байлам мен шешім бар.

Сөзжұмбақта сызбадағы торкөз саны бойынша сұраққа жауап іздейсің, ал суретті жұмбақтарда берілген суреттегі заттардың атауындағы алдыңғы, артқы әріптерін алып сөз, сөйлем құрайсың.Осындай жұмбақтарға да біраз ойымнан жұмбақтар мысалға келтірсем деймін:

Білім туралы сөзжұмбақ.(1-сурет)

1.Білім негізі қай мектепте?

2.Үлгермеуші оқушының бағасы.

3.Білім беруші маман иесі.

4.Озат оқушының бағасы.

5.Білім ордасы.






б

а

с

т

а

у

ы

ш




е

к

І




м

ұ

ғ

а

л

і

м




б

е

с

т

і

к







м

е

к

т

е

п




1-сурет.

Жұмбақ сөзіне сөзжұмбақ.(2-сурет)

1.Сұраққа не береміз?

2.Тез айтқанды ұғатын бала.

3.Жұмбақтың жауабы.

4.Жұмбақтың жасырылуы.

5.Не тозбайтын тон дейді?

6.Мектепте білім алушыны кім дейді?






ж

а

у

а

п




ұ

ғ

ы

м

т

а

л

ш

е

ш

і

м







б

а

й

л

а

м




а

қ

ы

л







о

қ

у

ш

ы




2-сурет.

Осындай сөзжұмбақтарды құрастыруда,бір негізгі сөздің әр әрпінен жаңа сөз шығарып және сол сөздердің байламын да ойластыру керектігін білдім.

Енді осы жұмбақ құрастыруда маған суретті жұмбақтар қызықты көрінді. Көп ойландым.Заттардың атауларынан алдыңғы және соңғы әріптерін алып тастау, буын қосып жазуда көп ойландым, қандай суреттерді алсам екен,ол алған суреттерімнен сөз шыға ма деп те ойландым. Мысалға төмендегідей суретті жұмбақтар құрадым.


3 сурет


4 сурет

5 сурет


6 сурет


Тест-жұмбақ.

Тұрады ылғи сөреде, іші толы өнеге.

А.қарындаш В.кітап С.конфет Д.ыдыс.
Оқушыға мақтанады, бір серігі аз ғана:

«Күнде кешем ақ қарды, қыс түгілі жазда да.

А.шана В.қалам С.бояу Д.қарындаш.

Бір нәрсе бетінде жоқ ой мен қыр,

Өзінің кіндігінен айналып жүр.

Өзіне назар салып қарасаңыз,

Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.

А.айна В.глобус С.ұшақ Д.карта.



Ұзын, ұзын, ұзын жол,

Ұшына жеткен бар ма екен?

Түбі терең қара су,

Түбіне жетіп сол судың,

Қанып ішкен бар ма екен?[3]

А.бұлақ В.кітап С.оқу Д.қарындаш.

Жұмбақтарды тест түрінде де шешу қызықтырады екен.Сыныптастарыма осылай жасырып тест түрінде беріп едім, олар жауаптарын қызығушылықпен берді.

Қорытынды

Жұмбақ тақырыбына жазылған зерттеу жұмысымызды қорыта келе, жұмбақ туралы көп білгенімізді, білім алғанымызды және жұмбақты жасыра, шеше білуге, орынды қолдануға, ойымыздан құрастыра білуге үйрендік. Жұмбақтың адамның ой-өрісін өсіретінін,байыптылыққа, аңғарғыштыққа, ұғымталдыққа, зеректілікке баулитынын да байқадық. Сонымен қатар сөз ұйқастарын келтіре отырып, әр түрлі жұмбақ түрлерін құрастыруда тіл байлығымыздың да артқанын білдік.

Ұсыныстар:

1.Мектеп оқулықтарында жұмбақтың жаңа түрлері көптеп берілсе.

2.Таңдау курстарында жұмбаққа арнайы бөлім арналса.

3.Қазіргі заман талабына сай ұлттық нақыштағы жұмбақтар жинақталған кітапшалар, электронды оқулықтар шығарылса.

4.Мектеп кітапханасында осы бағыттағы кітаптар қамтамасыз етілсе.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



1.Әбжанов М. «Қазақ халқының жұмбақтары» Алматы,1966 ж.

2.Қазақтың халық жұмбақтары, Алматы,1959 ж.

3.Қазақ жұмбақтары. Алматы,1993 ж.

4.Қазақ энциклопедиясы,4-том.

5.Ысқабаев Ә. «777 жұмбақ» Алматы «Ана тілі» 2004ж.

6.Шамшадин Керім «Қазақ жұмбағы». Алматы «Арыс», 2007ж.








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет