Д айын болған диаграмманы түзетуге болады. Ол келесідей элементтердің жиынтығынан тұрады: тақырыбы, координаттық осьтер, тор сызықтары, тұрғызу аймағы, маркерлері, сандық мәліметтері және т.б. Диаграмманың кез-келген элементін тышқанның көмегімен ерекшелеп алып, параметрлерін өзгертуге болады. Пішім(Формат) командасының көмегімен ашылған терезеде диаграмманы пішімдеуге болады. Диаграмманы өшіру үшін Delete пернесін басамыз немесе диаграмма орналасқан жұмыс парағын алып тастау керек (Түзету(Правка) ► Тазарту(Очистка)).
Фронтальды сұрақтар: (слайд 3)
Электронды кестенің ұяшығына …… енгізуге болады?
2. Excel – дің қызметі қандай?
3. Ұяшықтардың абсолют немесе салыстырмалы сілтемелері не үшін қолданылады?
4. Excel ұяшықтарындағы мәліметтердің орнын ауыстыру және оларды көшіру операциялары қалай ерекшеленеді?
5. Excel – дің жұмыс кітабы дегенді қалай түсінеміз?
6. Excel – де жаңа құжатты қалай құрамыз?
Тапсырмалар №3
Excel терезесінің негізгі элементтері (терминмен жұмыс) (слайд 8)
Жауабы: (слайд 8)
Сабақтың тақырыбы: № 14 Графиктер мен диаграммалар құру.
Бүгінгі сабағымыз «Кестелік процессор» курс тақырыбына графиктер мен диаграммаларды құруды үйренеміз. (слайд 10)
Жоспар:
Excel – де диаграммалар тұрғызу.
Диаграмманы түзету.
Диаграмманы безендіру
Диаграмманы редакциялау
Жаңа сабақты түсіндіруде қолданылған слайдтар тізімі: (№11-20)
Тәжірибелік тапсырма орындау топпен бірлесе отырып: (слайд 21)
ІV. Сабақты бекіту
Сабақты бекітуде берілген топ 3 топқа бөлінеді, әр топқа жекелей тапсырмалар беріледі, әр тапсырманы топтан бір оқушы орындау керек. Әрбір топқа берілеген тапсырманың өзі ішінде бірнешеге бөлінеді.
Сұрақ – жауап (слайд 22 )
Excel-де диаграммаларды неше жолмен құруға болады.
Excel диаграммасының негізгі түрлерін ата.
Excel диаграммасының құрылу ретін ата.
Диаграмманың негізгі элементтерін ата.
Диаграмма типтерін ата
Тақырып не үшін қажет?
Тапсырма «Диаграмма тұрғызу (сынып ретингісін құру)» (слайд 24)
Ескерту: Слайдтың көрсетілуі барысында әрбір доп үш реттен тышқан көмегімен шертіледі. 1-ші сұрақ пайда болады, 2-ші сұрақ жойылады, 3-ші доп қақпаға енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |