Сабақтың тақырыбы «1931-1933 жылдардағы ашаршылық» Сілтеме «Қазақстан тарихы»



Дата02.07.2016
өлшемі2.84 Mb.
#172646
түріСабақ
Қазақстан тарихы 9 класс


Сабақтың тақырыбы

«1931-1933 жылдардағы ашаршылық»

Сілтеме

«Қазақстан тарихы» 9 сынып. Алматы мектеп,2013,

интернет материалдары. ҚР картасы, электронды оқулық



Жалпы мақсаты

  • Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру салдарынан Қазақстан жерінде болған ашаршылық кезіндегі жіберілген ащы ақиқатқа оқушылардың көздерін жеткізу.



Оқушылар үшін оқу нәтижелері

  • Ұжымдастыру салдарын ажырата алады

  • Ашаршылық қасіретіне талдау жасай отырып, баға бере алады




Негізгі ұғымдар

Ұжымдастыру, геноцид, қуғын-сүргін, қасірет

Қолданылатын модуль


1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

3.Оқыту үшін  бағалау ж/е оқуды бағалау;

4. АКТ-ны қолдану;

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту;

6. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту;

7.Оқытуды басқару және көшбасшылық.


Қолданылатын стратегиялар:

«Топтастыру», «Қарлы кесек» әдісі, «Бағалау парақшалары», «Топтық бағалау».

Сабақтың кезеңдері, уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Топтастыру

2 мин

Оқушыларды жетондар бойынша топқа бөлемін

Оқушылар таңдап алынған жетондары арқылы А,Б,В,Г топтарына бөлініп отырады




Жетондар, бағыттау парақшалары, үстел сілтемелері

Қызығушы-лықты ояту

2 мин

«1930-1932 жылдардағы ашаршылық» деректі фильмнен «Елім-ай» эпизодын көрсетемін. Сұрақ:

«Бұл тарихтағы қандай оқиғамен байланысты?»



Оқушылар ұсынылған үзіндіні қарайды. Сұраққа жауап береді




Проектор, деректі фильм

Мағынаны тану

Мәтінмен танысу:

І тур: 3 минуттан – 15 минут

ІІ тур: таныстырылым

10 минут


«Қарлы-кесек» әдісін түсіндіріп, әр оқушыға бағыттау парағын беремін:

«А» тобы :

Ашаршылық себептері



«Б» тобы: Ф.И.Голощекиннің геноциді

«В» тобы: «Бесеудің хаты»

«Г» тобы:

«Ашаршылық құрбандарын еске алу»



1. Бағыттау парағы бойынша топқа бөлінеді

2. Әр оқушы жеке-жеке берілген мәтінмен танысады

3. Бағыттау парағы бойынша сол мәтінді шектелген уақытпен келесі топта түсіндіреді.

4. Әр топтан өзіне түсінікті болған , ең жақсы сөйлеген ойыншының нөмерін бағыттау парағына белгілейді.



Бағалау парақшаларына бірін-бірі бағалайды

Бағыттау парақшалары, оқулық,

Бағалау парақшалары




Ой толғаныс


  1. Әр топтың ұпай саны есептеліп, жеңімпаз топ анықтаймын.

  2. Қорытынды – рефлексия ұсынамын:

Тапсырманы орындау........................болды.

Себебі....................................

  1. Оқушылар ұпай сандарын есептейді

  2. Үздік ойыншыны анықтайды

Бағалау парағына түскен бағаларды қорытындылау

Стикерлер, бағалау парақшалары

Үйге тапсырма

« Бесеудің бірі мен едім» Голощекинге хат жолдау


Өз беттерімен кітапхана, интернеттен қосымша мәліметтер іздейді

Электронды почтаға салған мәліметтерді бағалап, жауап жазамын

Интернет

АШАРШЫЛЫҚТЫҢ АУЫР ЗАРДАБЫ

Қазақ халқы талай тарихтың ауыр кезеңдерін бастан өткерген қайсар да қайтпас халық. Тек өткен ғасырдың басында Қазақ халқы трагедияға толы түрлі оқиғаларды басынан кешірді: үлкен және кішілі революциялар, отарлық қанау, репрессия, ұжымдастыру, тәркілеу, аштық  және т.б. сындардан өтті.

Осы аталған большевиктік саясат тұсында қазақ даласы екі ірі аштықты бастан өткерді.



Аштық жылдары

1921-1922 жылдардағы аштық

1930-1932 жылдардағы аштық

Болусебептері

1921 жылы жазда куаңшылық болып, малдың 80%-ы кырылды. Астық   мол   болған   аймақтардан   азық-түлік   отрядтары   орталыққа ауылшаруашылық өнімінің 80%-н әкетті.

Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырады. ¥жымдастыру карсанында- 40,5 млн. мал болды. 1933 жылы 4,5 млн. мал қалды.

 


Аштыққаұшыраған аймақтар

Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай, Семей, Ақмола губерниялары

 


Бүкіл Қазақстан

Ашығушыларсаны

Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін камтыды. 1921 жылғы карашада 1 млн. 508 мың адам ашықты. 1922 жылғы наурызда 2 млн. 303200 адам ашыкты. Аштыққа індет қосылып, 1922 жылы маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82%-ға жетті.

1930 жылы- 313 мың адам; 1931 жылы- 755 мың адам; 1932 жылы 769 мың адам қайтыс болды. 1930-1932 жылдары барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40% -ы жаппай кырылды. Актөбе облысында 1930 жылы 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы 725800 адамға кеміген (71%).Балқаш ауданында 1930 жылы 60 мың адам болса, 1932 жылы 36 мыңы қырылып, 12 мыңы баска аймақтарға көшіп кетті. 1930-1931 жылдар аралығында 1 млн. 70 мың адам Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті. 616 мыңы қайтып оралған жоқ. 414 мыңы кейін елге оралды. 1930-1933 жылдары 2,1 млн. адам аштықтан қырылды.

Іс-шараларұйымдастыру

1921 жылғы 14 маусымда «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, казақтар ет салығынан босатылды.1922 жылы егістіктің 60%-на Кеңес үкіметі берген дән себілді. 1922 жылғы 4 тамызда ауылшаруашылық машиналарын сатып алу үшін 25 млн. сом берілді. 1922 жылы мал сатып алу үшін 2 млн. 131 мың сом бөлінді. 18,5 мың жетім бала Ресейге әкетілді. Кеңестік Туркістан туыскандық көмек көрсетті. 2 млн. пұт астық жіберілді. Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды.

1932 жылғы 17 қыркүйекте «Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы» каулы қабылданды. «Жасанды колхоздар» таратылды. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер үйымдастырылды. Қоғамдастырылған мал-мүліктер кайтарылды.

Отырықшы аудандарға 2 млн. пүт астық және 30 млн. сом акша бөлінді.

 


Зардаптары

Демографиялық жағдай қиындады. Орынбор, Қостанай, Актөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны l/3-не дейін азайды. 700 мыңнан астам адам республикадан көшіп кетті.

Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана калпыпа келді. 1930-1932 жылдардагы аштық тарихта «ұлы жұт» атанды.

 


Ашаршылық кезінде төмендегідей қарсылықтар болды:

1929-1931жж – Қазақстанда ұжымдастыруға қарсы қарулы қарсылықтар толқыны (Семей округі – халық наразылығының ірі ошағы).

1930ж ақпаннан мамырға дейін – 6 ауданды қамтыған күшті толқу болды (Торғай шаруаларының Батпаққара көтерілісі – «бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі» деп бағаланды).

Қарақұм көтерілісі – 5000 шаруа біріккен көтеріліс. Оны Орынборда орналастырылған 8-дивизия басып тастады.

Созақ жеріндегі көтеріліс – Шебер ұйымдастырушылығымен, табандылығымен ерекшеленеді. Басшысы – Жақыпов. Аудан орталығын басып алып, көтерілісшілер аудан басшыларын өлтірді.

1931ж көктем – Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау және Шұбартау аудандарындағы көтеріліске қатысқандар түгелдей қырылды.

«Бесеудің хаты» – Ф.Голощекинге арналған ашық хат. 1932ж шілде де Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Даулетқалиев, Е.Алтынбеков, К.Қуанышбаев бірлесіп жазды.

1933ж наурызда – Тұрар Рысқұлов Сталинге хат жазды.

Республика аумағында 1929-1931жж аралығында ұжымдастыруға қарсы372 жаппай толқулар мен көтерілістер болып, оған 80 мың адам қатысқан(Толқулар мен көтерілістерді жаншу кезінде 1916ж көтерілісті басу тәжірибесі қайталанды).

 

Төменде ашаршылық кезеңдерінің фото суреттер жиыны келтірілген



 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігі Ақпарат және Мұрағат комитеті "Орталық Мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағаты"

РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3357    Қазақ әйелі. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.

 

РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3498    Су тасу. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.



РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-4353   Көшпенді қазақтар. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.



РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-4355   Тезек теріп жүрген қыз. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.



РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3448     Базардағы жоқшылық. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.



РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 2-39320   Қазақ ауылы. 1928 жыл.



РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3466     Баян-Ауыл маңындағы Әулие-Тас үңгірі алдында отырған қазақ жігіті. Павлодар облысы, 1928 ж.



РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3473  Әскери комиссариаттағы әскерге дайындык шаралары.  Павлодар 1929 жыл.



РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3497    Төлдеген мал. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.

 

РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3545     Трактор курсын бітірген алғашқы түлектер. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары.

 

РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3614    Көші-қон кезінде. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары.



РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3620   Жұттан кейін қалаға көшіп келе жатқан отбасы. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары.

 

РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3515   Көші-қон кезінде. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары.



РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3613    Көші-қон кезінде. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары.



РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3612    Көші-қон кезінде. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары.



РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-4383        Сәбилердің бейіті (Моянды демалыс орнының маңы). Павлодар облысы, 1931 жыл.



РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3571        Қыстақ. Павлодароблысы, 1933 жыл.

 

РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 2-39293   Келі түйіп жатқан келіншек. Уақыты белгісіз.

 

•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 2-36481    Сауыншының баласы. Алматы обл. 1930 жыл

 

•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3511.      Баурсақ дайындау кезінде. Павлодар обл. 20-шы жылдар.

 

•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3400.      Жұт. Павлодар обл. 1914 жыл.

 

Қазақ даласындағы ашаршылық. Государственный архив Южно-Казахстанской области



http:// kargaly.ucoz.kz/news/2008-12-10-253



Ашаршылық зардаптарының бірі – балалар панасыздығы

Фото ҚР Президенттік Мәдениет Орталығының мұражай қорынан алынған



Адамдар аштықтан аман қалу үшін мекен еткен жерлерін тастап, қоныс аударуда. Қазақстан, 1930 жж.

http:// kargaly.ucoz.kz/news/2008-12-10-253

Аштан өлер алдындағы қазаққа көмек беруге тырысқан Татьяна Невадовская. Қазақстан, 1933 жыл



http:// kargaly.ucoz.k

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет