Сабақтың тақырыбы: §37 Оңтүстік Америка материгінің ашылуы мен зерттелуі



Дата21.06.2016
өлшемі75.13 Kb.
#152404
түріСабақ
7 сынып

Сабақтың тақырыбы: §37 Оңтүстік Америка материгінің ашылуы мен

зерттелуі



Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға Оңтүстік Америка

материгінің табиғат ерекшеліктерімен

оның географиялық орны,материк

жағалауындағы мұхиттар және ашылу,

зерттелу тарихы туралы түсінік

қалыптастыру.

ә)Дамытушылығы: оқушылардың логикалық

ойлануына, өз бетінше, атлас картамен

жұмыс жасауына дағдыландыру

б) тәрбиелілігі: оқушыларды елдермен таныстыруға,

достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу

Көрнекілігі: карта, атлас, кескін карта, тест, интерактивті тақта

Әдісі : сұрақ-жауап, ауызша, картамен жұмыс.

Түрі: жаңа білімді беру, оқушылар білімін тексеру.

Пәнаралық байланыс: тарих, биология

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

Зымыран сұрақтар, сөзжұмбақтар шешу, тест тапсырмасы, «ең, ең. . .»

III. Үйге тапсырма беру §37 оқу.

IV. Жаңа сабақ барысы

Оңтүстік америка жер көлемі жөнінен 4-ші орын алады. Ең суы мол өзен – Амазонка, ең биікте орналасқан көл – Титикака. Ең ұзын тау – Анд орналасқан. Оңтүстік Америка пішіні үшбұрышқа ұқсайды. Жағалауы аз тілімденген. Материкті көптеген саяхатшылар зерттеді. Христофор Колумб орталық Америка аралдарын ашты. Осы материкке 4 рет саяхатқа шықты. Бірақ оның жаңа материк екендігін білмеді.Х. Колумбтың жаңа материк ашқандығын Америго Веспуччи дәлелдеді. XVI ғасырда Ф. Магеллан Оңт. Американың оңтүстік батыс жағалауын айналып өтті. (Магеллан бұғазы) Осы ғасырда Ф. Дрейк отты жер аралының батысымен оңтүстікке жүзіп, Тынық және Атлант мұхиттарын жалғастырып жатқан жаңа бұғазды ашты. (Дрейк бұғазы) XVIII-XIX ғасырда А. Гумбольдт француз ботанигі Бонпланмен Оңтүстік Американың табиғатын зерттеп, алғашқы геологиялық картасын жасады. 1874 жылы А. И. Воейков климатын зерттеді. 1932-33 жж орыс ботанигі Н. И. Вавилов өсімдіктерін зерттеді.

V. Бекіту сұрақтарын қою

VI. Кескін картамен жұмыс.

Оңтүстік Американың шеткі нүктелерімен ірі шығанақтарды, бұғаздарды кескін картаға түсіру.

VII. Оқушыларды бағалау

VIII. Сабақты қорытындылау

Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары:


  1. Табиғат жағдайлары ұқсас.

  2. Оңтүстік Америка, Аустралияда жыл бойы жоғары температура.

  3. Материктердің ең енді бөліктері субэкваторлық және тропиктік белдеулерде орналасқан.

  4. Осы аталған үш материкті де тропиктік шеңбер кесіп өтеді.

  5. Жер бедерінде жазықтар басым.

  6. Ірі тау жүйелері материктің жағалық бөліктеріне сәйкес келеді.

  7. Экваторлық және тропиктік белдеу аралығындағы орнына байланысты табиғат зоналары бірдей.

  8. Материктердің жағалауы аз тілімделген.

Оңтүстік жарты шар материктерінің айырмашылықтары:

  1. Географиялық орны бойынша айырмашылық бар.

М: а) Африка материгінің тең ортасынан экватор қиып өтеді.

ә) Аустралия материгінің тең ортасынан тропиктік белдеу қиып өтеді.

б) Антарктида болса, оңтүстік поляр шеңберінің аумағында жатыр.

2. Бір ғана Африка материгінің климаттық белдеулері екі рет қайталанады.

3. Солтүстік Африка Оңтүстікке қарағанда климаттық жағдаында айырмашылық бар.

4. Африка материгінде мәңгі жаз болса, Антарктидада мәңгі қыс.



Зымыран сұрақтар

  1. Оңтүстік жарты шар материктері ұзақ уақыт бойы қандай материктердің құрамында болды?

  2. Гондвана қандай тақталарға ажырады?

  3. Тақталардың ажырауына байланысты қандай мұхиттардың табаны ашылды?

  4. Кейіннен қандай тақталар Еуразияға келіп қосылды?

  5. Оңтүстік америка не арқылы Солтүстік Америкаға жалғасты?

  6. Қай материктер арасында құрлықтық байланыс үзіліп, бір-бірінен алшақтап кетті?



«Ең, Ең. . .»

  1. Ең ыстық материк (Африка)

  2. Ең құрғақ материк (Аустралия)

  3. Ең суық материк (Антарктида)

  4. Ең ылғалды және ең жасыл материк (Оңтүстік Америка)

  5. Ең ұзын өзен (Ніл)

  6. Ең суы мол өзен (Амазонка)

  7. Ең биік тау көлі (Титикака)

  8. Ең биік сарқырама (Анхель)

  9. Ең ірі түбек (Арабия)

  10. Ең ұзын тау жүйесі (Анд)

Сөзжұмбақ




























































































































































Тігінен:

  1. Колорада қай тауды қиып өтеді?

  2. Куба мемлекетінің астанасы

Көлденеңінен:

  1. Миссисипи қай өзеннің саласын қоса есептегенде 6420шқ болады?

  2. Калифорния шығанағына қай өзен құяды?

  3. Миссисипи өзені қай шығанаққа құяды?

Сөзжұмбақ





























































































































































Тігінен:

  1. Африкадағы көлдердің бірі

  2. Бразилияның астанасы

  3. Абуджа қай мемлекеттің астанасы?

Көлденеңінен:

  1. Лондон қай мемлекеттің астанасы?

  2. Йемен мемлекетінің астанасы?

  3. Коммунизм қай таудың шыңы?

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

№214 орта мектебі

Оңтүстік Америка материгінің

ашылуы мен зерттелуі

(ашық сабақ)

Сыныбы: 7

Пәні: География



Пән мұғалімі: Қалыш Р

2009-2010 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет