Сабақтың тақырыбы: 55. Архимед күші. Сабақтың мақсаты



Дата20.06.2016
өлшемі62.9 Kb.
#150818
түріСабақ
Таскарина Гаухар Жусиповна
Ақтөбе облысы, Темір ауданы 
Кеңқияқ орта мектебінің
физика пәнінің мұғалімі 

Сабақтың тақырыбы: 55. Архимед күші.

Сабақтың мақсаты:


  1. Ішіне батырылған денеге суйықтың әсерін зерттеу. Архимед заңынан физикалық мәнін ашу. өз бетінше жұмыс істеу дағдысын дамыту.

  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, жеке тұлғаның ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту физиканың ролін арттыру.

  3. Физикалық тілді теңгеруін, өз ойын толық жеткізе білуге мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу. Оқушы бойында адамгерішілік, жауапкерішілік, ұқыптылық сияқты қасиеттерді дамыту.

Мақсат: Архимед күші туралы түсінік беру.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:

Слайдтар, карточкалар, видеопроектор, тығыздықтары әртүрлі кішкене денелер металл, ағаш, пенопласт, суы бар ыдыс, динаметр, штатив, жүктер жиыны.

Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты таныстыру, білімді тексеру сабағы.

Сабақты ұйымдастыру түрлері: ұжымдық, топтық, индивидуалды.

Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

Психологиялық жаттығу.

    • Жақсы көңіл-күйде болатын жағдай жасайық. Көршіңізге бұрылып, оның көзіне күле қарап және онымен бірге, менің берген белгім бойынша «Саламатсың ба, көрші!» деп айтамыз.

    • Бір-бірімізге күле отырып, біз бойымыздағы қолайсыздықтанқұтыламыз, бір-бірімізге тек жақсылық тілейтінімізді білдіреміз және айналамызда жақсы көңіл-күй тудырамыз. Рахмет!

  1. Интеллектуалды гимнастика (4 мин)

P – қысым, Па манометр.

F – күш, Н, динамометр.

V – көлем, м3, мензурка.

t – уақыт, секундомер.

р – тығыздық, кг/м3.

m –масса, кг, таразы.

3. «Кім шапшаң?» ойыны. Викториналық сұрақтар мен ауызша тапсырмалар беру. (4 мин)

- Паскаль заңын тұжырымда.

- Газдың қысымы қалай пайда болады?

- Атмосфералық қысым дегеніміз не?

- Қалыпты атмосфералық қысым деп нені айтамыз?

- Атмосфералық қысымнан жоғары немесе төмен қысымдарды өлшейтін құралдар?

- Сызғыштың бөлік құнын анықтаңдар.

- Мына денелерді сұйыққа батырса, қандай құбылыс байқалады?

- Мұз ойылып, суға батқан адамды құтқару тәсілі неге негізделген?

4. Физикалық диктант. 2 нұсқаға, 5 сұрақтан (5 мин)


І-нұсқа.

1) Тығыздық бірлігі ...

А) м/с Ә) м3 Б) сағ В) кг/м3

2. «Көптің күші – бірлікте» деген аталы сөзде ... ұйымы қолданылады.

А) күш Ә) уақыт Б) масса В) инерция

3. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш - .... күші деп аталады.

А) ауырлық күші Ә) серпімділік күші

Б) қысым күші В) үйкеліс күші

4. Қысым түсетін күштің модуліне ғана емес, күш перпендикуляр бағытта әрекет ететін беттің .... да тәуелді.

А) қысымына Ә) көлеміне

Б) ауданына В) ұзындығына

5. Атмосфераның қысымы тікелей биіктікті өлшеуге арналған құрал ... деп аталады.

А) альтиметр Ә) барометр Б) анероид В) барометр-анероид
ІІ-нұсқа.


  1. Қатаңдықтың өлшем бірлігі:

А) м3 Ә) км/сағ Б) кг/м3 В) Н/м

2) Нормаль қысым күшін ... әрпімен белгілейді.

А) N Ә) µ Б) R В) p

3) Гук заңын өрнектейтін теңдеу ...

А) Fa=mg Ә) F=µN Б) F=kx В) p=m/V

4) Газға не сұйыққа түсірілетін қысым олардың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл кімнің заңы:

А) Ньютон Ә) Паскаль Б) Аристотель В) Гук

5) Қан айналым жүйесіндегі қысымды өлшеу үшін ... қолданылады.

А) барометр Ә) манометр Б) сфигмоманометр В) анероид
5. Жаңа сабақ. Архимед күші.

Ауада әрең көтере алатын тасты біз судың ішінде оп-оңай көтереміз. Егер тығыңды суға батырып тұрып, қолымыздан шығарып жіберсек, ол қалқып су бетіне шығады. Бұл құбылыстарды қалай түсіндіруге болады?

Біз ыдыстың түбіне және қабырғаларына сұйықтың қысым түсетінің ал оның ішіне бір қатты дене қойылса, оған да қысым түсіретінін білеміз. Ішіне батырылған денеге сұйық тарапынан әсер ететін күштерді қарастырайық. Дененің бүйір жақтарына әсер ететін күштер өзара тең. Бұл күштердің әсерінен дене тек сығылады. Ал дененің үстіңгі және астыңғы

Есеп №1.

Ертедегі гректер Архимед өте күшті адам болған деген аңыз бар. Ол судың ішінде тұрып, сол қолымен 1000 кг жүкті көтерген, бірақ беліне дейін ғана. Бұлай болуы мүмкін бе?


Есеп №2.

Неге тауық таза суда батады, ал егер тұзды су болса, батпайды?




Есеп №3.

Балықұ аулау үшін алынған құрттың массасы 0,09г, ұзындығы 2 см, ал көлденең қимасының ауданы 0,05 см2. Қармаққа ілінген құрттың судағы салмағы қандай?




Есеп №4.

Катермен табиғатты тамашалап жүрген жолаушы суға қалай құлап түскенін де байқамай қалды. Оның массасы 95 кг. Құтқару дөңгелегінің көлемі 0,15 м3, тығыздығы 240 кг/м3 болса, жолаушымыз суға бата ма, батпай ма?



Тест.


  1. Сұйыққа батырылған шарларға әсер ететін кері итеруші күшті салыстыр:

А) барлық шарға әсер ететін кері итеруші күш бірдей.

Б) сол жақтағы шарға әсер етуші күш көп

В) оң жақтағы шарға әсер етуші күш көп

Г) ортадағы шарға әсер етуші күш көп.





  1. Бірдей серіппелерге массалары бірдей шар ілінген. Егер шарларды толығымен суға батырса, қай серіппе көбірек қысқарады.

А) сол жақтағы Б) ортадағы

В) оң жақтағы Г) барлық серіппе бірдей қысқарады.





  1. Бірдей серіппеге ілінген жүктердің көлекдері мен массалары бірдей, бірақ пішіндері әр түрлі. Суға батырса қай серіппе көбірек қысқарады.

А) сол жақтағы Б) ортадағы

В) оң жақтағы Г) барлық серіппе бірдей қысқарады.





  1. Суретте әр түрлі сұйыққа батырылған бірдей денелер берілген. Қай ыдыстағы сұйықтың тығыздығы көп.

А) сол жақтағы бірінші Б) сол жақтағы екінші

В) сол жақтағы үшінші Г) сол жақтағы төртінші





  1. Суға салынған білеушелердің көлемдері бірдей. Қай білеушенің тығыздығы көп.

А) барлық білеушенің тығыздығы бірдей

Б) сол жақтағы білеушенің тығыздығы көп

В) ортадағы білеушенің тығыздығы көп

Г) оң жақтағы білеушенің тығыздығы көп.





  1. Суретте сұйыққа батырылған білеушеге әсер ететін күштер көрсетілген.

Бұл білеуше ..., өйткені, Архимед күші ауырлық күшінен .... болғандықтан

А) батады .... аз Б) сұйық ішінде жүзіп жүреді ... тең.

В) қалқып шығады ... көп Г) Батады ... көп.



  1. 7. Суретте сұйыққа батырылған білеушеге әсер ететін күштер көрсетілген.

Бұл білеуше ..., өйткені, Архимед күші ауырлық күшінен .... болғандықтан

А) батады .... аз Б) сұйық ішінде жүзіп жүреді ... тең.

В) қалқып шығады ... көп Г) Батады ... көп.



  1. Сұйыққа батырылған дене қай жағдайда батып кетеді

А) егер ол темір болса

Б) ауырлық күші Архимед күшінен аз болса

В) ауырлық күші Архимед күшінен тең болса

Г) ауырлық күші Архимед күшінен көп болса.

9. Әрқайсысының көлемі 0,5м3, 10 бөренеден жасалған ағаш салға қандай жүк салуға болады?

А) 15 кН Б) 85 кН В) 1,5кН Г) 50 кН



  1. Массасы 480г. Тығынан жасалған пластинканы су астында ұстап тұру үшін қандай күш жұмсау керек?

А) 4,8Н Б) 15,2Н В) 20Н Г) 24,8Н

Жақтарына әсер ететін күштер бірдей емес. Дененің үстіңгі бетін биіктігін сұйық бағаны жоғарыдан төмен қарай F1 күшпен қысады. Дененің астыңғы жағының деңгейіне биіктігі h2 сұйық бағаны төменнен жоғары қарай күшпен қысады. Мұнда h1 биіктігі h2 биіктігінен үлкен, сондықтан F күшінің модулі F1 күшінің модулінен үлкен болады. Сондықтан дене F2-F1 күштердің айырымына тең Fы күшпен сұйықтан кері итеріледі, яғни Fы= F2-F1.

Сонымен, сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйықтан ығыстыратын күш әрекет етеді.

Осы ығыстырушы күшті есептеп көрейік. Параллелепипедтің жоғары және төменгі жақтарына әсер ететін F2 және F1 олардың аудандары мен осы жақтары деңгейіндегі сұйықтың қысымдары юбойынша есептеп щығаруға болады. F1 p1S және F2 p2S мұндағы p1=pcgh1, p2=pcgh2, ал S1=S2=S параллелепипед көлеміндегі массасы. Олай болса, Fы=gmc=Pc.

Сондықтан, ығыстырушы күш дененің сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең.

Архимед заңы: сұй ыққа батырылғын денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді.

6. Сабақты бекіту.

- Сұйық өзіне батырылған денеге неліктен төменнен жоғары қарай бағытталған қысым түсіреді?

- Архимед күшінің пайда болуы қалай көрініс табады?

- Архимед күші неге тең?

- Архимед күші қандай шамаларға тәуелді?

- Формуласын жаз?



29- жаттығу. №1,2.

7. Үйге тапсырма. 55, 29 жаттығу, №3,4.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет