Сабақтың тақырыбы: Абай жакқан бір сәуле



Дата10.06.2016
өлшемі66 Kb.
#126418
түріСабақ
Қазақстан агротехникалық колледжі МКҚК

Ашық сабақтың әдестемелік әзірлемесі

Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті.

Тақырыбы: Абай жаққан бір сәуле

Дайындарғандар: қазақ тілі пәнінің оқытушылары

Қүрақбаева С.С.

Агдавлетова А.Ш.

ЦӘК отырысында қарастырылған

Хаттама № 9 «21» 05 2009 жылы

ЦӘК Төрағасы ___________________
Қарабалық – 2009ж.

Сабақтың тақырыбы: Абай жакқан бір сәуле

Сабақтың максаттары: Абай өмірі мен шығармашылғы туралы алған білімдеріи тексере отырып, окушылардын таньшын кеңейту, сөздік корын молайту. Білімін толықтыруға ізденушілікке, зерттеушілікке ықпал жасау, бағыт беру, эстетикалык тэрбие беру, оқушыларды өнерге баулу.

Түрі: Сайыс сабак.

Әдісі: Сурақ-жауап, іздендіру. түрлендіріп өту, ойын элементтерін пайдалану; Көркекілік: Абайдың өмірі мен шығармашылығын бейнелейтін фото-сурет, тарихи деректер. реферат, газет-журнал, эдеби кітап. Сабақтың барысы:

-Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Сыныпты түгендеу.

-Кіріспе сөз.

-Асьгл сөзді іздесен.Абайды окы ерінбе.

Адамдықты көздесең, жаттап токы көңілге.

(С.Торайғыров )

Абай қазақ әдебиегіндегі ұлы тұлға, мандай алды ақын екені, тандаулы туындылары дуние жүзі поэзиясының озық үлгілермен деңгейлес тұрғаны - білген адамға айкын шындық. Сан ғасырлык бай поэзиясы, ел камын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау. жыршы, акындары бар қазақ эдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.

-Біз өткен сабақта Абай өмірімен.творчествасымен таныскан болғанбыз. Үйге өткен тақырыпқа байланысты арнайы тапсырмалар беріліп, өз беттерінше ізденіп, дайындалып келуді тапсырғанбыз. Оған қосымша Абай өлендерін оқып, жаттап келуге берілген. Міне сөйтіп өткен сабақта алган білімдерімен алдын-ала берілген тапсырма бойынша дайындыктарыңды, ойларыңды, пікірлеріңді жинақтап байқау ретінде өткізбекпіз.Сонымен сабағымыз дәстүрден тыс сабақтьін бір түрі - сайыс сабак. Яғни. екі топтың арасында бірнеше шарттан түратын жарыс өткізілмек.

-Сайыстың алғы шарты-өткен сабақта алған білімдерін байқау мақсатында - «Білім сайысы». Сонымен, ортаға Әйгерім және Абай тобын шақырамыз.



1 шарт.Білім сайысы. «Білгенге маржан».

Сұрак -жауап



Абай тобы

Абай Семейде қандай мектепте оқыды?

Ол шьіғыстың қандай классиктерін оқыған?

Абай туральі роман-эпопея жазған жазушы кім?



Оның қанша қара сөзі бар?

Абай қай жылы туған?

Абай турапы роман-эпопея қалай аталады?

Абайдың Әжесі кім?

Оны Абай деп кім атаған?

Абайдың неше жұмбағы бар?

Оның махаббат лирикасына шығарған өлеңдерін ата.

Әйгерім тобы.

Абайдың шын аты кім?

Абай қайда оқыған?

Абайдың анасы кім?

Абайдың орыс достарын ата.

Абай туралы кино түсірілген бе?

Абай кімнің тәрбиесінде болған?

Абай Семейде кімнің медресесінде оқыды?

Абайдың неше поэмасы бар?

Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін ата.

Ол қай ғасырда өмір сүрген?
2-шарт. Көрініс «Ат қою» деп аталады.
Абай атамыздың дүниеге келуін көрсету. Құрметті ақсақалдар мен бәйбішелер бала туған үлкен ақ үйге кіріп: «Бауы берік болсын! Ата – бабаларындай атақты, абыройлы болсын!» деп баталарын беріп жатыр.

Ел молдасы үйге кіріп, бәрімен амандасады. Үйдың бәйбешесі келініне: «жаңа туған немересін әкел» - дейді. Ол әкеліп баласын молдаға береді. Молда баланы қолына алып: «Сенің атың - Ибраһим» - деп құлағына үш рет қайталайды. Сосын ауылдын сыйлы ақсақалы бата береді.

Жас баланың күлкісін бер,

Жас ананың ұйқысын бер.

Жомарттың қолын бер,

Сапарлының жолын бер.

Қыздын қылығын бер,

Сұлудың тұнығын бер.

Даланың жазықтығын бер,

Гүлдін нәзіктігін бер.

Бүркіттің жүрегін бер,

Нағыз достың тілегін бер.


3-шарт. Абайдың қара сөздерінен үзінді окыту.«Оқыған жетер мұратқа»

Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң. аркалан,

Сен де - бір кірпіш,

Кетігін тап та, бар калан.

Қара сөздер такырып жағынан алғанда акынның өлеңдерімен астасып жатады. Алайда әңгіме-сүхбат жанрының өзіндік ерекшелігін толық пайдаланып. Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену. білім-ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың кылып жүрген харекеті, мінез-құлқы. адамгершілік, имандылық секілді бірталай мәселелерді кара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген кұнды пікірлер түйеді.

2 оқушы Абайдын «Қара сөздерінен» үзінділер оқиды.

4 шарт.Абайдың аудармасы Татьянаның Онегинге жазған хаты.«Мал жұтайды-өнер жұтамайды».Татьянаның хаты бойынша көрініс көрсету.

Ғашықтың тілі - тілсіз тіл.

Көзбен көр де, ішпен біл.

Сүйісер жастар қате етпес.

Мейлін илан, мейлің күл.

Абай шығарған Татьяна жыры. Татьяна әні бар деп мақтаныш етеміз. Мұның өзі екі өлең. Бірі - «Амал жок, кайттім білдірмей» деп басталатын жас Татьянаның Онегине ғашытык сезімін білдіріп жазған хаты. Екіншісі - « Тәңірі қосқан жас едің сен>> дейтін кейінірек Онегин Татьяна күйеуге шыққаннан сон кездесіп, жоғалтқан махаббатың қайта таппақ ниетімен өзі хат жазганда, Татьянаның оған айтқан жауап сөзі. Өнер сүйетін қазақбаласында осы екі өлеңді білмейтін, әнге салып айтпайтын адам кемде-кем



5-шарт. «Тындағанда көнілдің әсері бар...» Абай және Әйгерім тобының оқушылары Абай өлеңдерін жатқа оқиды.

Мен жазбаймын өленді ермек үшін

Жоқ - барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бүл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар

Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

Абай сөз өнерінің, өлеңнін. ән мен күйдің қогамдық маңызын аса жоғары багалағаны жиі айтылып келеді. Ақын поэзияның заманды түзетудін күшті құралы деп карағанын кептеген өлендерінен, әсіресе сөз өнері, ән күй туралы ой-толғамдарын арнайы баяндайтын «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін». «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудін кісісі өлсе каралы ол», «Көңіл құсы қүйкылжыр шар тарапқа», «Адамның кейбір кездері», «Қүлактан кіріп бойды алар». «Өзгеге, көңілім, тоярсың» секілді шығармаларынан толық байкаймыз.


6 шарт. «Әнді сүйсең, менше сүй...». «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындау.

Қүлактан кіріп бойды алар

Жақсы әнмен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

Өз заманында Абай әндерің таратушы әйелі Әйгерім. Әлмағамбет, Баймагамбет әншілер болған.



7 шарт. «Окыған білер әр сөзді», Екі топ бір-біріне сұрак қояды.

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге.

Көкірегінде болсын көз.
8-шарт. «Қиынынан қиыстырар...».Абай өлеңдерінен үзінділер оқылады.

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп.

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы

Абай шығармаларында көркемдік шарттылық та. көркемдік киял да шыншылдықпен жанасымды келеді, өмір шындығын терең. әсерлі бейнелеуге кызмет етеді. Еш жасандылығы жок, жарасымын толык тапқан. Осыны айта отырып оның шығармаларының әр кқайсысында өмір шындығы әр қырынан көрінетін, алынған тақырып, айтылған ой. акынның көңіл-күйі, жан сезімі әр- түрлі нактылы көркемдік шешімін табатынын ескеру керек.



9-шарт. «Табиғат лирикасы», Табиғат лирикасын пантомима арқылы көрсету.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай.

Тасыған өзен гүрілдеп.

Абайдың табиғат лирикасы үлгісіндегі өлендерінде ақынның ой-сезімі жан дүниесі де терең ашылған. Ол өзінің шығармаларында жыл маусымдарын: кысты. күзді, көктем мен жазды қайталанбас, соны бояулармен бейнелеп береді. Туған ел табиғатын сипаттауда оның суреткерлік шеберлігі айқын аңгартылады. Абай пейзажды адамның түрмыс кешетін табиғи ортасы, мекен-жайы ретінде ала отырып, әлеуметтік өмірмен, қазақ халқының көшпелі тұрмысымен тығыз байланыстыра керсетеді-



10-шарт. Абай және Әйгерім топтары дайындап келген суреттерін бір-біріне сыйлайды.

11 шарт. «Талап қыл артық білуге».Кластер құру.

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артык білуге.

Артық ғылым кітапта.

Ерінбей оқып көруге.
11-шарт. «Көзімнің карасы» әнін орындау.

Білектей арқасында өрген бұрын;

Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың керіп пе ең мұндай түрін?

Кеңес Одағы кезінде Абай әндерін, Абай дәстүрін жалғастырушы Е.Серкебаев. Қ.Байбосынов, Б.Төлегенова Абай өнерін елге тараткан.



Қорытынды сөз.

Ақылмен ойлап білген сөз.

Бойыңа жұқпас, сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз.

Бар тамырда қуалар.

Абай - халкымыздың жазба әдебиетінің негізін қалаушы ұлы акыны, ойшыл да сыншыл данышпаны. Ол - орыс патшасының отарлау саясаты Сахарада салтанат құра бастаған кезде өмірге келіп, көшпелі елдің басына тәуелділік ноқтасы біржола кигізіліп, жетекке алған кезінде тіршілік кешті. Оның өзі айтқандай. «соқтықпалы, соқпақсыз» заманда «мыңмен жалғыз алысып» өсті. «Қараңғы, саңырау қайғы ойды жеген» қапас тіршілктен жарыққа ұмтылды, болашаққа үмітпен қол созды. Өз заманынан, өз ортасынан үғыныстылық таппай, жұмбақ жанға айналған ол ұрпағына үміт артып, «жүрегімнің түбіне терең бойла» деп үн қатады.



Абай өмірі үлкен тәрбие мектебі, себебі оның өлеңдері жастарды білімге, еңбекке, адамгершілікке, өнерге баулитынын көз жеткізіп отырмыз. Абай сонымен бізге 45 қара сөзін, 3 поэма, 3 күй, 16 әнін, аудармаларын қалдырды.

Балаларды бағалау.

12.Үйге тапсырма. Балалар, Абай туралы оқуды одан әрі жалғастырамыз. Өткен сабақтағы, бүгінгі сабактағы білімдерді жинактап, әдебиеттерді пайдаланып, шығарма жазып келуді тапсырамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет