Тарау немесе бөлім атауы:
|
Ғасырлық туынды
|
Сабақтың тақырыбы:
|
«Абай жолы» романы. Қайтқанда
|
Оқу мақсаттары:
|
11.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау
|
Сабақ мақсаты:
|
Үзіндінің сюжеттік-композициялық құрылымын талдайды;
Жанрлық ерекшелігін ашады;
Уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды.
|
Бағалау критерийі:
|
Оқиға желісіне композициялық талдау жасайды;
Оқиға құрылымы бойынша оқиға өткен уақытты көрсетеді;
Оқиға құрылымы бойынша оқиға орын алған кеңістікті көрсетеді.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Сабақтың мазмұны
|
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
|
Ресурстар
|
1 минут
|
Ұйымдастыру
|
Амандасу.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Психологиялық ахуалды қалыптастыру.
Бір-біріне жақсы тілек тілейді.
|
|
суреттер, кесте, презентация, электронды құралдар, т.б.
|
3-5 минут
|
Жаңа сабақ
Мағынаны тану
|
Халқымыздың біртуар перзенті Қ.Сәтпаев: «Егер сен XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ халқының өмірін, тіршілігін, тарихын, әдет-ғұрпын білгің келсе, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолын» оқы. Ол – шын мәніндегі энциклопедиялық шығарма», - деп бағалаған.
Ойтүрткі сұрақтары
М.Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы жанрлық ерекшелігіне қарай неге роман-эпопея деп аталады?
Оқушылардың жауаптары ескеріледі.
1-тапсырма. Роман, роман-эпопеяға тән 3 ерекшелікті атаңыз.
Роман
|
Роман-эпопея
|
1.
|
1.
|
2.
|
2.
|
3.
|
3.
|
Дескриптор:
Роман, роман-эпопеяны бір-бірінен ажырата алады;
Романға тән ерекшілікті атайды;
Роман –эпопеяға тән ерекшелікті атайды.
Біліміңді арттыр, өзіңді тексер:
Романға тән ерекшелік
|
Роман-эпопеяға тән ерекшелік
|
1.Адамның жан-дүниесін, болмысын, тұтастай өмір белестерін кең ауқымда суреттейтін проза жанрының бір түрі.
|
1.Бүкіл бір дәуірді кеңінен қаптып бейнелейтін кеңтынысты, сан-саналы эпикалық шығарма.
|
2.Сюжеттік құрылымы шытырман оқиғаларға толы әрі көлемді болып келеді.
|
2. Белгілі бір немесе бірнеше тарихи дәуірдің типтік оқиғаларының кең көлемде суреттелуі. Бірнеше ұрпақ өкілдерінің іс-әрекеттерін ортақ идея мен бір тақырыптың арнасында, көркемдік тұтастықта баяндайтын прозалық кесек туынды.
|
3.Жеке адам тағдыры арқау болады.
|
3.Жарты ғасырлық немесе бір ғасырлық қоғамдық өзекті мәселелерді қозғап, халықтың тұрмысы мен тіршілігінен сыр шертеді. Сондай-ақ кейіпкер сипаты байсалды түрде дараланады.
|
2-тапсырма. Оқиға желісіне композициялық талдау жасаңыз, оқиға құрылымын мазмұндаңыз.
Оқиғаның басталуы.
Дамуы мен байланысы.
Шиеленісі.
Шарықтау шегі.
Оқиғаның шешімі.
|