Сабақтың тақырыбы: Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі. Адамның жыныс жүйесінің құрылысын сипаттау


Адамның жыныс жүйесінің қызметі мен құрылысы



бет2/4
Дата19.04.2024
өлшемі0.5 Mb.
#499281
түріСабақ
1   2   3   4
Жулдыз Таскул жыныс жуйе

Адамның жыныс жүйесінің қызметі мен құрылысы.
Адамның жыныс жүйесінің қызметі оның көбею және даму процестерінің іске асырылуымен байланысты. Адам – сүтқоректі, демек ол тек жынысты жолмен көбейеді. Аталық және аналық жыныс дараларында гаметалар (жыныс жасушалары) қалыптасады: әйелдерде жұмыртқа жасушасы, ер адамдарда сперматозоидтер түзіледі. Ұрықтану нәтижасінде заметалардағы ядролар қосылып, зигота түзіледі, осы бір жасушадан ұрықтың дамуы басталады.Ұрықтану және ұрықтың дамуы аналық организмде жүреді. Ұрықтың қалыптасуы толық аяқталып, ананың босануы нәтижесінде нәресте дүниеге келеді,анасы оны алғашында емшек сүтімен асырайды. Көбею ерлі-зайыптылар жыныс жүйелерінің қызметі болып табылады. Көбеюдің барлық кезеңдерін организмнің реттеуші жүйелері басқарады, ең әуелі-гуморальдық жүйе. Бүйрекүсті бездерінің қыртысы және жыныс бездері бөліп шығаратын жыныс гормондары жыныс жүйесінің жұмысына және адамның бүкіл тіршілігіндегі дамуына әсер етеді. Ер адам мен әйелдің жыныс мүшелерінің құрылысы бірдей емес. Аталық Аталық жыныс мүшелері сперматозоидтерді қалыптастыру және оларды аналық организмге жеткізу қызметін атқарады. Аналық жыныс мүшелері жұмыртқа жасушараының пісіп жетілуіне, олардың ұрықтануына, ұрықтың дамуына жағдай туғызып, соңында ананың босануын қамтамасыз етеді. Бұл екі жыныс жүйелері ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінен тұрады.
Аталық жыныс жүйесі.
Аталық жыныс жүйесі аталық жыныс бездерінен (жұмыртқалардан), қуықасты безінен, тұқым көпіршіктерінен, тұқым (шәует) шығару өзегінен, аталық жыныс мүшесінен тұрады. Жыныс жасушалары- сперматозоидтер- аталық жыныс бездерінде түзіледі . Аталық жыныс бездері құрсақ қуысынан тыс жердегі жұқа тері- бұлшықетт қапшықтарда-ұлпаларда орналасқан. Осылай орналасуына байланысты аталық бездерінде температура бірқалыпты-34 0С болып, гаметалардың пісіп жетілуіне қолайлы жағдай қалыптасады. Аталық бездердің борпылдақ дәнекер ұлпаларында жыныс гормондарын өндіретін жасушалар болады. Аталық бездерде 1000 ға жуық тұқым шығарушы өзектер- жіңіщке, ұзындығы 50 см және көлденең қимасы 200мкм шамалас иректелген түтікшелер орналасқан. Аталық без қабырғасының бірқатар жасушаларында сперматозоидтер түзіледі, ал басқаларында тұқым сұйықтығы- шәует өндіріледі. Шәуетпен араласқан сперматозоидтер сперма деп аталады. Тұқым шығару өзектерінен шәует қосалқы шәует қосалқы бездің өзектеріне өтеді., осы жерде сперматозоидтің толық қалыптасуы жүреді. Әрбір қосалқы безден басталатын тұқым шығару өзегі зәр шығару түтігіне ашылады. Ер адамдарда жыныс жүйесі анатомиялық тұрғыда зәр шығару жүйесімен тығыз байланысқан. Олай болса зәр шығару түтігіне қосалқы бездің және тұқым көпіршіктерінің өзектері ашылып, шәует бөлінеді. Шәует- құрамында сперматозоидтер бар қоректік сұйықтық. Зәр шығару түтігінің бойымен шәует сыртқа шығарылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет