Сабақтың тақырыбы: Қағаз және қатырма қағазымен жұмыс Сабақтың мақсаты



Дата27.06.2016
өлшемі30.72 Kb.
түріСабақ
«Еңбекке баулу» сабағы, 2-сынып

Ә.Ахметов атындағы орта мектебінің

технология пәнінің мұғалімі

Изетова Гүлназ Ертайқызы

Сабақтың тақырыбы: Қағаз және қатырма қағазымен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

  1. Қағаз және қатырма қағаымен жұмыс істеуге үйрету; қағаз және қатырма қағазды бүктеу тәсілдерін үйрете отырып бүктеу дағдысын қалыптастыру.

  2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру және қағазды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: қағаз түрлері, ашық хат түрлері, интерактивті тақта, электронды оқулық.

Жұмысқа қажетті материалдар: түрлі түсті қағаз, ақ қағаз, қатырма қағаз, қайшы, қарындаш, сызғыш, желім, қол сүртетін сүлгі.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

  2. Өткенді пысықтау. Симметрия, асимметрия дегеніміз не? Оны қалай анықтайды?

  3. Мақсат қою кезезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын қою.

  4. Жаңа сабақ.

Қатырма қағаз тығыз болғандықтан одан ашық хат жасауға болады. Ашық хаттардың түрлері мен өлшемдері әр алуан. Оларды неше түрлі фото суреттермен, түрлі түсті қағаздармен безендіруге болады.

Сарамандық жұмыс:

Алда мейрам келе жатыр. Өзіңе жақын адамдарды қуанқың келе ме? Олай болса ашық хат жасап жақындарымызды қуантайық.

Қағазбен жұмысты оқушыларға түсіндіре отырып орындау үшін оқушылардың назарын интерактивті тақтаға аудару.

Электронды оқулықта берілген ашық хаттың үлгісіне қарап өз бетінше ашық хат жасап, оны әшекейлейлеу.

Қайшымен жұмыс істеу кезіндегі ережелерді еске түсіру. Гигиеналық талаптарды орындау.

Оқушыларға жұмыстың арасында сергіту жаттығуын жасату:

Орнымыздан тұрайық,

Қолды қолға созайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Демімізді алайық.



V. Түсінгендерін тексеру: Оқушылар тақтаға шығып, электронды оқулықтағы берілген тапсырмадағы қажетті қалыптарды таңдап аппликация құрастырады.

VІ. Бекіту: Оқушының еңбегң,мұғалімнің көмегі.

VІІ. Үйге тапсырма:Жұмыстарын аяқтау, оқу.

VІІІ. Бағалау.

«Еңбекке баулу» сабағы, 2-сынып

Ә.Ахметов атындағы орта мектебінің

технология пәнінің мұғалімі

Изетова Гүлназ Ертайқызы

Сабақтың тақырыбы:Доңғалақтың даму тарихы. «Арба» үлгісін құрастыру.



Сабақтың мақсаты:

  1. Доңғалақтың даму тарихы жайлы айта отырып,металл құрастырғыштармен жұмыс істеуді үйрету.

  2. Баланың ой-өрісін дамыту.

  3. Шыдамдылыққа, өнертапқыштыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі:металл құрастырғыш, интерактивті тақта, электронды оқулық.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

  2. Мақсат қою кезезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын қою.

  3. Жаңа сабақ.

Оқушылардың назарын тақтаға аудару, электронды оқулықты ашып тыңдау. (Бұл қызықты)

  1. Мәтінді оқу 2. Суреттер бойынша әңгімелер құрастыру 3. Дөңгелек түрлерімен таныстыру 4. Шығу тарихы туралы түсінік беру

Сарамандық жұмыс:

Машиналармен басқа бұйымдарды кішірейтілген үлгілерін модель (үлгі) деп атайды. Оларды дайындау процесін модельдеу(үлгілеу) дейді.

Жасайтын затқа мұқият қарап зерттеу керек. Металл құрастырғыштардың бөлшектерімен таныстыру, бекіту жолдарын үйрету.

Оқушының еңбегі, мұғалімнің көмегі.



Баланың еркі бойынша электронды оқулықта берілген арбаның үлгісіне қарап құрастырғыштардан екі дөңгелекті арба құрастыру.

  1. Түсінгендерін тексеру: Оқушылар тақтаға шығып, электронды оқулықтағы берілген тапсырманы орындау. (Тапсырма)

  2. Қорытындылау: бүгінгі сабақта не жасап үйрендік? Сендерге ұнады ма?

  3. Үйге тапсырма: Жұмыстарын аяқтау, оқу. Бағалау.

Каталог: sites -> default -> files -> posled -> balkhash
balkhash -> Сабақтың мазмұны мен түрі Берілген уақыт Кіріспе 1с Модульдің құрылымы, мақсаты
balkhash -> Сабақтың тақырыбы: Теңдеу және оны шешу Сабақтың мақсаты
balkhash -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның өзендері Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еліміздің өзен торы
balkhash -> Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ
balkhash -> Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау Сабақтың мақсаты
balkhash -> Сабақтың тақырыбы : Kazakhstan is my motherland
balkhash -> Ағылшын тілі» сабағы 7-сынып «Ағылшын тілі 7-сынып» электронды оқулығы
balkhash -> Алматы облысы
balkhash -> Н. О. Нұрпейісова «­­­» 2010 ж
balkhash -> «Қазақ әдебиеті» сабағы 8-сынып «Қазақ әдебиеті 8-сынып»электронды оқулығы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет