Сабақтың тақырыбы: Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Сабақтың мақсаты



жүктеу 25.37 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі25.37 Kb.
9 сынып ____________________

Сабақтың тақырыбы: Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Акустикалық резонанспен, дыбыстың шағылуымен, жаңғырықпен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.



ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Акустикалық резонанспен, дыбыстың шағылуымен, жаңғырықпен танысамыз.



  1. Дыбыс дегеніміз не?

  2. Дыбыс қалай таралады?

  3. Вакуумда дыбыс тарала ма?

  4. Дыбыс жылдамдығы таралатын ортаға байланысты ма?

  5. Ауада қандай толқын тарайды-көлденең бе, әлде бойлық па?

  6. Дыбыстың қанадй сипаттамаларын білесіңдер?

  7. Қандай дыбыстар музыкалық деп аталады?

  8. Дыбыс қаттылығ немен аныталады?

  9. Дыбыс тембрі дегенді қалай түсінесіңдер?

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

1. Акустикалық резонанс

2. Дыбыстың шағылуы.

3. Жаңғырық-қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.

4. Реверберация-дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында естілу ұзақтығының артуы.

5. Ультрадыбыс.



VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§33,34 дайындық сұрақтарын талдау.



  1. Акустикалық резонанс дегеніміз не?

  2. Камертон орнатылған жәшікті неліктен резонатор деп атайды?

  3. Акустикалық резонансты қалай байқауға болады?

  4. Жаңғырық дегеніміз не?

  5. Жазық далада жаңғырық пайда болуы мүмкін бе?

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

  1. 27-жаттығу 1,2

  2. Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей.

  1. Найзағай кезінде адам күннің күркірегенін найзағай жарқылынан 15с-тан кейін естіген. Разряд одан қандай қашықтықта болған?

  2. Дыбыс қоңыраудан дыбыс қабылдауышқа қалай жетеді?

ІІ деңгей.

  1. Дыбыстың ауадағы таралу жылдамдығы 340 м/с болса, жиіліг 340 кГц. Дыбыс көзінен ауаға таралатын ультрадыбыс толқынының ұзындығын анықтаңдыр.

  2. Ер адамның ең төмен дауысы үшін ауадағы дыбыс толқынының ұзындығы 4,3м-ге, ал әйел адамның ең жоғарғы дауысы үшін 25см-ге жетеді. Осы дауыстардың тербеліс жиілігін табыңдар.

ІІІ деңгей.

  1. Мылтық атылғаннан соң, дыбыс пен оқ 1360м биіктікке бір мезгілде барып жетсе, оқтың бастапқы жылдамдығы қандай? Мылтық вертикаль жоғары қарай атылған. Оққа әсер етуші ауа кедергісін ескермейік. Дыбыс жылдамдығы 340 м/с.

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §33,34 27-жаттығу (3,4).


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет