Сабақтың тақырыбы: Алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу


«Қобдишадағы түйінді сөздер» әдісі



бет2/3
Дата02.04.2023
өлшемі27.61 Kb.
#471599
түріСабақ
1   2   3
08.02.23

«Қобдишадағы түйінді сөздер» әдісі арқылы ашамын (екі өрнектің айырмасы; екі өрнектің квадраттарының айырмасы; екі мүшенің квадраты; көпмүше; қысқаша көбейту формулалары; айырманың(қосындысының) толымсыз квадраты; екі өрнектің кубтарының қосындысы; көбейткіштерге жіктеу; өрнекті ықшамдау; көбейтінді түрінде жазу; бүтін өрнектерді түрлендіру)

Бүгін, Алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу тақырыбын қарастырамыз. Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:



топтау, қысқаша көбейту формулаларын қолдану сияқты түрлі әдістің комбинацияларын қолдану жолы

Амандасады, сабаққа
дайындалады.

Сұрақтарға жауап береді




Смайликтер арқылы қалыптастырушы бағалау

Тапсырмаларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалаймын. Толық орындаса, жасыл түсті жоғары көтереді. Қателер болса, қызыл түсті ұстайды.





Презентация
Слайд



10 мин

Жаңа сабақ


Тыңдалым: Видеоролик арқылы тыңдалым жүргіземін.
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін түрлі әдіс қолданады: ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару, топтау, қысқаша көбейту формулаларын қолдану. Кейде көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін бірнеше әдістерді бірінен кейін бірін қолдану керек. Түрлендіруді мүмкін және тиімді болған жағдайда ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарудан бастаған жөн.
⠀⠀
1-мысал.
Көпмүшесні көбейткіштерге жікте: 16x2 – 100y2.
Шешуі.
16x2 = (4x)2, 100y2 = (10y)2 түрінде жаз. Бұл өрнекті көбейткіштерге жіктеу үшін квадраттардың айырмасы формуласын қолдан:
16x2 – 100y2 = (4x – 10y)(4x + 10y).
⠀⠀
2-мысал.
Көпмүшені көбейткіштерге жікте: 20x3 – 5x.
Шешуі.
Бұл көпмүшенің мүшелерінде 5x ортақ көбейткіші бар. Осы көбейткішті жақша сыртына шығар:
20x3 – 5x = 5x (4x2 – 1).
4x2 – 1 өрнегіне квадраттардың айырмасы формуласын қолдану арқылы көбейткіштерге жіктеуді жалғастыруға болады. Нәтижесінде көбейткіштер ретінде неғұрлым төмен дәрежелі көпмүшелер шығады:
20x3 – 5x = 5x (4x2 – 1) = 5x (2x – 1)(2x + 1).
⠀⠀
3-мысал.
Үшмүшені көбейткіштерге жікте: 9a2 – 12ab + 4b2.
Шешуі.
9a2 – 12ab + 4b2 үшмүшесін екі өрнектің айырмасының квадраты түрінде жазуға болады. Демек: 9a2 – 12ab + 4b2 = (3a – 2b)2.
⠀⠀

Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады

⠀⠀

⠀⠀







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет