Сабақтың тақырыбы: Антропогенез кезеңдері. Проантроптар. Архантроптар. Палеоантроптар. Неоантроптар



бет3/3
Дата15.03.2024
өлшемі2.43 Mb.
#495711
түріСабақ
1   2   3
Антропогенез

Өзіңді тексеріп көр ...

  • Адамның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы...
  • Адам мен маймылды сүтқоректілер класының өкілі ретінде бір туысқа жатқызған ғалым.
  • Адамның сүтқоректілер класына жататын белгілері.
  • Адамның приматтар отрядына, адам тәрізді маймылдар отряд тармағына жататынын көрсететін белгілер.

Деректерге сүйенсек ...

А. Homo habilis епті адам,бұдан 3-2млн жыл бұрын тіршілік еткен, миының салмағы 650г. Малта тастардан қарапайым құрал жасай білген.

В. Homo erectus –тік жүретін адам, питекантроптар - ежелгі адамдар(архантроптар),1млн-500мың жыл аралығында өмір сүрген,ми салмағы 750,900,кейде 1000-1100г-дай.(питекантроп, синантроп, гейделберг)

Ірі жануарларды ұжымдасып аулаған, отты пайдалана білген,тастан құралдар жасағанды жетілдірген.Басты ерекшелік - сөз қарым-қатынас құралы болған.Негізінен үңгірлерде өмір сүрген.

С. Homo sapiens – (неонтроп, кроманьон) 50-30мың жыл бұрын ми сауытының көлемі шамамен 1400-1600см3. Өздері баспана салып, сонда тұрған.Аң аулау үшін тастан, сүйектен әртүрлі құралдар жасай білген.Үңгірлерге суреттер салған.Тайпа,ру болып өмір сүру салты қалыптасқан.Неоантроптарда әлеуметтік факторлар басты роль атқарған.

Сәйкестендіру тапсырмалары

А. Homo habilis –

В. Homo erectus –

С. Homo sapiens –

1) 2-3 млн жыл бұрын тіршілік еткен, ми көлемі 650 см3

2) бұдан 200 мың жыл бұрын тіршілік еткен неандертальдық адам, ми көлемі 1400 см3

3) осыдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген Қытай жерінен табылған синантроп, ми көлемі 800-1000см3

4) топтасып өмір сүрген, сөз арқылы қарым-қатынас жасаған

5) үңгірлерде тұрған, отты пайдаланған

6) малта тастардан құралдар жасай білген.

7) маңдайы тайқы, маймылдарға тән белгі басымырақ

8) әйелдері мен балалары өсімдіктер жемісін, тамырын жинап, киім тіккен.

9) сүйектен үшкірлеп, қашап құралдар жасаған.

(мұғалім қалауына байланысты басқа да мәліметтер алуға болады)

Рефлексия

  • Мен енді білемін .....
  • Маған ұнағаны .....
  • Менің түсінбей қалғаным ....
  • Мен жақсы түсіндім .....
  • Менің келесі сабақта білгім келетіні ....


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет