Сабақтың тақырыбы: «Ақпараттық технология-заман талабы»



Дата25.10.2019
өлшемі115.29 Kb.
#447304
түріСабақ
Алтын диск

Сабақтың тақырыбы: «Ақпараттық технология-заман талабы»

Сабақтың түрі: Брейн-ринг

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Компьютерлік сауаттылыққа байланысты білімгерлердің білімдерін нығайту, тиянақтау;

Тәрбиелік: Білімгерлер өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Білімгерлер компьютер туралы толық ой қалыптастыру, білімгерлердің тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, компьютерлік технологияға қызығушылығын арттыру;

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап /тәжірибелік тапсырмаларды орындау, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, слайд, интерактивтік тақта, компьютер.



Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Топ мүшелермен және әділ қазыларменмен таныстыру

Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті оқытушылар, білімгерлер! Сіздермен бірлесе отырып «Ақпараттық технология-заман талабы» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыста

Біреу озып келеді қатарынан

Біреу қалып жатады асығыста


Ойын толқын жатқанда асып, тасып

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар

Жеңседе, жеңілседе қалма жасып


Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды топтармен таныс болайық: WINDOWS XP тобы және INTERNET тобы. Әр топ 3 білімгерден тұрады. Топ басшысы өз тобының атын таныстырыуы қажет.

Әр топ өзін таныстырады.

Бүгінгі ойынымыз 5 турдан тұрады.

1-тур. “Кім білімді?”

2-тур. “Ғажайып алаң”

3-тур. «Программамен жұмыс»

4-тур. «Білімді топ басшы»

5-тур. «Ақпаратты сәйкестіру»
Жарысқа қатысып отырған топтарға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал енді Кім білімді?” турын бастаймыз. Бірінші WINDOWS XP тобына 10 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.


  1. Принтердің қандай түрлерін білесіңдер? (Матрицалык, Сия бүріккіш, Лазерлік, Сублимационалдық, Жарық диодты)

  2. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі ? (Байт, бит)

  3. Терезе элементтерін ата. (тақырып қатары, меню қатары, қүралдар тақтасы, пішімдеу қатары, шекара, сызғыш, жұмыс аймағы, сырғытпа, басқару батырмалары, қалып күй қатары.)

  4. Бэббидж машинасына алғашқы программа жазған кім? (Ада Лавлейс)

  5. Батырмасын басасың, қажетті файлды ашасың ? (Тышқан)

  6. Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарын білдіретін сөз. (Информация)

  7. Қандай браузерлерді білесіңдер? (Internet Explorer, Opera)

  8. Қандай программалау тілдерін білесіңдер? (Паскаль, Фортран, Си+, Дельфи, Бейсик)

  9. Шекарамен шектелген аймақ (терезе)

  10. Microsoft Word редакторында абзацты пішіндеу үшін қандай менюді таңдаймыз? (Формат).

Ал енді сұрақтарды INTERNET тобына қоямыз.



  1. Хабар жеткізуде пайдаланылатын құралдарды қалай атайды? (Ақпарат көздері)

  2. Кестелік процессорға жататын программа. (Microsoft Excel)

  3. Бейнелі ақпарат деген не? (Табиғат көріністерді, кескіндерді қабылдауды , дәм, иіс сезу арқылы алынатын ақпарат)

  4. Қандай программамен суреттерді өңдеуге болады? (Photoshop)

  5. Электрондық пошта дегеніміз не? (Интернеттегі хат және файлдармен алмасу программасы).

  6. Windows жұмыс атқара алатын барлық мүмкіндігі? (объект)

  7. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)

  8. Бір жолға канша оператор жазуға болады? (256)

  9. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Антивирус)

  10. ЭЕМ-нің неше буыны бар? (Бес буын)

2 тур – «Ғажайып алаң»

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір кеш болсын

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын.


Үш бөлімнің сұрақтары сандар арқылы ұяшықтарда көрсетіледі және санға байланысты дұрыс жауабына ұпай алады. Бірінші болып сұрақты ұпайы көп топ таңдайды және дұрыс жауап бермеген жағдайда таңдау келесі топқа өтеді. Келесі сұрақ таңдаң екінші командаға өтеді.

«Операциялық жүйе» бөлімі бойынша

30-1 ОЖ дегеніміз не және оның түрлері қандай? (Адам және компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйелік программа. ОЖ компьютер жұмысын басқарады)

30-2. Бас меню қалай ашылады және қандай командалалардан тұрады? (Бастау командасы арқылы және мынадай командалалардан тұрады: Программалар, Құжаттар, Анықтама беру, Орындау, Компьютерді қайта жүктеу, Компьютерді өшіру)

30-3. Жұмыс үстелі дегеніміз және оның негізгі объектілері? ( ОЖ жүктелгеннен кейін пайда болған экран және Windows ОЖ негізгі терезесі. Негізгі объектілері: Менің компьютерім, корзина, менің құжаттарым, желілік орта)

40-1. Тапсырмалар тақтасы дегеніміз не? (Бастау менюінен кейінгі орналасқан ұзын жолақ)

40-2. Архивтік программа дегеніміз не және оның түрлері қандай? (Үлкен көлемді файлды немесе буманы қысу арқылы көлемін кішірейту. Win RAR, Win Zip, ARJ, PKZIP)

40-3. Windows терезесінің түрлері қандай? (сұхбат терезе, анықтама терезе, ескерту терезе, бума терезе, құжат терезе, сілтеуіш терезе)

50-1. Стандартты программалар (Блокнот, Калькулятор, Word Pad, Paint)

50-2. Интернет желісі ( Бүкіл әлемдік желі, өрмек)

50-3. Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларын ата? (процессор, аналық тақша, оперативті жады, тұрғылықты диск, алмалы дискілерге арналған диск жетегі, CD, DVD диск жетегі)

«Есептеуіш техника негіздері» бөлімі бойынша сұрақтар

30-1. Деректер қоры дегеніміз не? (Кестелік ақпараттарды өңдеуге арналған жүйе)

30-2. Excel мүмкіндіктері (Кесте құру, ат қойып дискіде сақтауга, сақталған кестелердге түзетулер жасауга, кестеге жол, баган, ұяшық қосуға, алып тастауға, ұяшықтарды өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауға, формулаларды қолданып есептеулер жүргізуге, кесте бойынша диаграмма құруға, суреттер кірістіруге, баспага шыгаруга)

30-3. Жұмыс кестесінің элементтері (айналдыру жолаға, жол номері, баған тақырыбы, кестелік меңзер, таңбалар, стандартты аспаптар панелі)

40-1. Диаграммалар типтері (бағандық, сызықтық, дөңгелек, нүктелік, сақиналық, жапырақшалық, цилиндрлік, конустық, пирамидалық)

40-2. MS Access өңдеу объектілері? (кесте, форма, есеп, сұрау)

40-3. Алгоритм деген не және оның түрлері? (Орындаушының қандай да бір мақсатқа жетуі. Түрлері : сызықтық, тармақталған, циклдік)

50-1. Айнымалы типтері (Integer, real, Boolean, char, string)

50-2. Қайталану командалары? (арифметикалық цикл -For,шартын соңынан тексеретін repeat, шартын алдын ала тексеретін- while

50-3. Тармақталған алгоритм деген не, мысал келтір? (Орындаушының алдыға қойған мақсаты екі түрлі немесе бірнеше түрлі болған жағдай тармақталған алгоритм деп аталады)

«Аралас сұрақтар» бөлімі

30-1. Операциялық жүйе қызметі? (компьютердің барлық ресурстарының жұмысын басқарады)

30-2. MS DOS программасы қандай программа? (Жүйелік программа, 1981 жылы)

30-3. Компьютерде орындалатын программалар қандай топтарға жіктеледі? (жүйелік, қолданбалы, программалау тілдері)

40-1 Утилиттер деген не? (Комекші программалар)

40-2 Microsoft фирмасын құрған адам? (Билл гейтс)

40-3 Пішімдеу дегеніміз не? (Пішімдеу дегеніміз - мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтамыз.)

50-1. ОЖ жікте. (Бірміндетті және копміндетті, бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын ож)

50-2. Антивирустық құралдар (детектор программалар, фагтар немесе доктор-программалар, ревизор программалар, фильтр-программалар)

50-3. Мәтін түрлері (Кәдімгі мәтін, кесте, программалық, енгізілген объектілер)
3-тур. «Программамен жұмыс». Берілген программалардың ішінен бір программаны таңдап, берілген тәжірибелік тапсырманы орындау және орындалу барысын түсіндіру қажет. Тапсырманы орындауға 7-10 минут беріледі.


  1. Microsoft Word (Шақыру қағазын дайындау)

  2. Microsoft Excel (Жалақыны есептеу)

  3. Microsoft Access (Кітапхана мәліметтер базасын құру)

  4. Microsoft Power Point («Гүлдер» дүкеніне жарнама жасау)

  5. CorelDraw (Фирма лакотипін жасау)

  6. PhotoShop (Суреттерді безендіру)

Осы тур бойынша топтарға жасаған уақыты және программа мүмкіндіктерін толық пайдалануына және қосымша сұрақтарға жауап беруіне байланысты 10-50 балл арасында беріледі.

Топ мүшелері тәжірибелік жұмысты орындау барысында көрермендерге келесі сұрақтар қойылады.

1. Интерфейс дегеніміз не? (Адам мен компьютер арасындағы байланыс)

2. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым? (информатика)

3. Программаның орындалу барысында әртүрлі мәндер қабылдай алатын шамаларды не деп атаймыз? (айнымалы)

4. Әлемге әйгілі компьютер программаларын жасаушы, Microsoft компаниясының негізін қалаушы? (Билл Гейтс)

5. Өздігінен жұғуға және көбеюге қабілетті, көлемі шағын бағдарламалар?

(компьютерлік вирус)

7. Арифмометр қай жылы құрастырылды? (1694 ж)

8. ЕТ – нің қарқынды дамуы қай ғасырда басталды? (ХІХ ғасыр)

9. Алғашқы есептеу құралы (саусақ)

10. Көзіменен көрсетеді,

Сөйлемей – ақ айтар бәрін,

Алдына оның келсе теңі ( монитор)

11. Білмейсің өлі, тірісін,

Қолыңа алсаң әпсәтте,

Бітер жылдам бар ісің. ( тышқан)

12. Тұрмай ылғи жатады.


Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі)

  1. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары. (жүйелік блок, монитор, пернетақта)

14. Мәліметтер қорымен жұмыс жасауда қолданылмайтын ұғым (ұяшық)

15. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы? (интернет)

16. Информация өлгем бірлігі? (бит, байт)

17. Windows сөзінің аудармасы? (терезе)

18. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны? (файл)

19. Мәліметтер енгізу пернесі? (интер)

20. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)

4-тур. «Білімді топ басшы». Топ басшыларына екі тақырып беріледі. Сол тақырып бойынша өздерінің ойларын, тіл байлылықтарын және мақсаттарын дәлелдеу қажет.

1-конвертте «Интернеттің пайдасы»

2-конвертте «Интернеттің зияны»

Топ басшыларына көрермендер қолдарындағы тілме қағаз арқылы дауыс беріледі.Әр тілме қағаз 1 ұпай болып саналады.

Ойлануға 5 минут уақыт беріледі. Осы уақытта көрермендермен сөзжұмбақ шешіледі.


Сөзжұмбақ сұрақтары.


  1. Word бетін ашу үшін бірінші қолданатын амал?

  2. Құжаттың өрістерін және өрістерден шегінуді белгілеуге не арқылы болады.

  3. Комьпютерде ақпараты еңгізу және оның жұмысын басқару үшін нені қолданамыз?

  4. Мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін жасайтың құрылғы?

  5. Қандай сызықты қолданып ішінде қозғалып жүруге мүмкіндік береді.

  6. Мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеуге, пайдаланушы мен комьпютер арасындағы байланысты на арқылы көруге мүмкіндік береді.

  7. Ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға арналған құрылғыны не деп атаймыз?

  8. Пайдаланушының сызбалық тілдесуінде көрінетін бағдарламалар мен файлдарға арналған, бейне бетте кеңсе қалтасына ұқсайтын белгіше түрінде көрініс табатын сауыты не деп атаймыз







М











Ә


А










Т


Й







І


Н

М

К







Н


А

О

О




Б





П

А

Л

Н

М




А


С

Е

Л

Д

И

П

Қ

С


Ы

Р

Ғ

Ы

Т

Ь

А

Т


З

Н

Ы

Р

О

Ю

Л

А

Ғ

Е





У

Р

Т

Т

У

Ы

Т





Е

А




Ш

А





Р







Қ








Т








А

5-тур. «Ақпаратты сәйкестіру». Топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Бірінші сұрақ ұпайы жоғары топқа беріледі жауап болмаса екінші топ жауап береді.



  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

(Жігітті досына қарап, бағала)

  1. Байт биттен құралады.

(Теңге тиыннан құралады)

  1. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.

(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  1. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.

(Аттың сыры, иесіне мәлім)

  1. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада.

(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарсада)

  1. Білмесең, «анықтама»-дан сұра.

(Білмесең білгеннен сұра)

  1. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.

(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

  1. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды.

(Досы күштіні-жау алмайды)

  1. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.

(Күлсең кәріге күл)

  1. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
Осымен берілген тапсырмалар аяқталды. Барлық турдың қорытындысын шығарып, ұпайы жоғары топты анықтап, топты марапаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет