Сабақтың тақырыбы: Arduino-ға арналған ортаңғы бағдарламалау (ide arduino) және Processing-ті бағдарламалау тілі



бет2/4
Дата15.02.2024
өлшемі62.43 Kb.
#491922
түріСабақ
1   2   3   4
Қойын дәптер (Sketchbook)
Arduino ортасымен қойын дәптер қағидасы қолданылады: бағдарламаларды сақтауға стандартты орын (скетчтарды). Қойын дәптерден скетчтер File > Sketchbook мәзірі арқылы немесе басқару тақтасындағы Open түймесі арқылы ашылады. Arduino бағдарламасын алғаш ашқан кезде қойын дәптер үшін автоматты түрде директория ашылады. Қойын дәптердің орналасуы Preferences диалогтік терезесі арқылы өзгереді.
Бетбелгілер, Файлдар және Компиляция
Скетчтердің бірнеше файлдарымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді (әр біреуі жеке затбелгіде ашылады). Кодтың файлдары Arduino стандартты болуы мүмкін (кеңеюсіз), С файлдарымен (кеңею *.с), С++ файлдарымен (*.срр) немесе бас файлдарымен (.h).
Arduino-ға скетчті жүктеу
Скетчті жүктемес бұрын мәзірде қажетті параметрлерді орнату қажет Tools > Board және Tools > Serial Port. Платформалар әрі қарай мәтін бойынша сипатталады. Mac ОЖ-де тізбекті порт dev/tty.usbserial-1B1 (USB тақтасы үшін) сияқты көрінуі мүмкін немесе Keyspan USB-to-Serial адаптері арқылы қосылған /dev/tty.USA19QW1b1P1.1 (тізбекті шиналар тақтасы үшін). Windows ОЖ порттар COM1 немесе COM2 сияқты белгіленуі мүмкін (тізбекті шиналар тақтасы үшін) немесе COM4, COM5, COM7 және жоғары (USB тақтасы үшін). USB портын анықтау USB Тізбекті шиналар өрісінде Windows құрылғылар Диспетчерінде өндіріледі. Linux ОЖ порты /dev/ttyUSB0, /dev/ttyUSB1 сияқты көрінуі мүмкін.
Порт және платформаны таңдағаннан кейін басқару тақтасындағы жүктеу түймесін басу керек немесе мәзір File > Upload to I/O Board пунктын тадау қажет. Заманауи Arduino платформалары жүктеу алдында автоматты түрде қайта жүктеледі. Ескі платформаларды қайта жүктеу батырмасын басу қажет. Көптеген тақталарда үдеріс кезінде RX және TX жарық диодтары жыпылықтап тұрады. Arduino әзірлеу ортасы жүктеудің аяқталғаны туралы немесе қателер туралы хабарламаны шығарады.
Скетчті жүктеу кезінде Arduino Жүктеуші (Bootloader) қолданылады, тақтадағы микроконтроллерге жүктелетін кішігірім бағдарлама. Ол қосымша аппаратты құралдарды қолданбай-ақ бағдарламалық кодты жүктеуге мүмкіндік береді. Жүктеуші (Bootloader) платформаны қайта жүктеу кезінде бірнеше секунд және микроконтроллерге кез келген скетчтердің жүктелуі кезінде белсенді. Жүктеуші (Bootloader) жұмысы жарық диодының 13 пин) жыпылықтауы кезінде анықталады (мысалы: тақтаның қайта жүктелу кезінде).
Кітапханалар
Кітапханалар скетчтерге қосымша қызметтерді қосады, мысалы апаратты бөлшекпен жұмыс немесе мәліметтерді өңдеу кезінде. Кітапханаларды қолдану үшін мына мәзірді таңдау керек Sketch > Import Library. #include  бір немесе бірнеше директива кейінгі кітапханалар компиляциясымен және скетчпен бірге скетч кодының алдында орналастырылатын болды. Кітапханаларды жүктеу Arduino жадында қосымша орынды талап етеді. Қолданылмайтын кітапханаларды скетчтен #include директивасын алып тастап өшіруге болады.
Arduino.cc-та кітапханалар тізімі бар. Кейбір кітапханалар Arduino әзірлеу ортасына қосылған. Басқалары кез келген ресурстардан жүктелуі мүмкін. Жүктелген кітапханаларды орнату үшін қойын дәптерде «libraries» директориясын құру қажет және кейін мұрағатты ашу керек. Мысалы, DateTimе кітапханасын орнату үшін оның файлдары /libraries/DateTime қойын дәптер бумасының бума астында орналасуы керек. 
Жеке кітапхананы жазу үшін осы нұсқаулықты қараңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет