Сабақтың тақырыбы: Архаикалық мәдениет. Миф – мәдениеттің бір түрі Алғашқы қауым мәдениеті және оның сипаттамалары



бет2/3
Дата20.05.2022
өлшемі25.57 Kb.
#458092
түріСабақ
1   2   3
Саба ты та ырыбы Архаикалы м дениет. Миф – м дениетті бір т

Миф – мәдениеттің бір түрі. Грек тіліндегі «миф» сөзі – «аңыз», «ертегі» мағынасын береді. Миф те мәдениеттің бір түрі болып табылады. Мифтен біз халықтардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, наным-сенімдері жайлы біле аламыз. Миф дінмен тығыз байланысты. Олар ертегі емес, өйткені жұрт оларға дінге сенгендей сенеді. Мифті адамдар өзін қоршаған әлемді түсіну үшін ойлап шығарады. Олар – адамдардың әлемге қызығушылығының көрінісі. Миф адамдардың алғашқы діни және философиялық сұрақтарына жауап ретінде туады. Мифтерде мистика және магия орын алады. Қоғамның алғашқы дамуы кезіңдерінде мифтер жан –жақты сипатта болды. Оларда қоршаған ортаны түсінуге тырысу әрі оған табыну ұғымы болды. Мифтер алғашқы дін түрлерін қамтыды. Алайда дінде дамып, күрделілене түсті де, мифтерден бөлініп шығып, жеке өрістед. Қоғамдық қатынастар жетілген сайын көптеген мифтер ескіре ертегіге айналды. Кейде қазір де ойдан шығарылған, адастыру немо түріндегі мифтер пайда болады. Мысалы, демократия қоғамда адамдарға тең мүмкіндітер беретіні туралы мифті айтуға болады.
Миф (аңыз – ертегі) – мұнда адам хабарды (ақпаратты, білімді) алу, сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын табиғи және қоғамдық арнадан толық ажырап кете алмаған, ал оның ойлау жүйесі эмоционалдық ортадан мүлдем бөлуге болмайтын кездегі рухани мәдениеттің бастапқы формасы. Әдет-ғұрыппен тығыз байланысты миф өнердің өлең, саз, би түрлеріне негіз болап қаланды. Мифтің терең философиясын XVIII ғ. Италян ойшылы Джованни Баттиста Винд жасады. Ол “Жаңа ғылымның негіздері” еңбегінде мифті “Құдіретті поэзия” деп атады.
Адамзат руханилығының ең көне түрінде мифтік танымның мәні:
синкретизмде – әртүрлі көзқарастардың бір – біріне, қайшылығын елемеген кездегі үйлесімі;
антропоморфизмде – табиғи объектілерге адамдағы ерекшеліктердің тоғысуы (шабыттану, сезімталдық, қисындылық);
теңдестіруде – барлығын бір – бірімен: объектіні субъектімен, бөлшекті тұтастықпен, ақиқатты шектен тыс ақиқатпен, адамның өзін хайуанатпен, өсімдікпен, таспен және т. б. теңдестіру;
традиционализмде (дәстүрікте) – ата-бабалардың істері мен сөздерін пір тұтуда мифтің ақиқаттылығына шексіз сену;
этикеттілікте (әдептілікте)-жүріс-тұрыстың, сөздің берік діңгегіне, өнердің себептері мен түріне арқа сүйеуі;
ритуализмде (әдет – ғұрыпта) – ойынның, әңгіменің, бейненің элементтері бар әдет – ғұрып тәртіптерін ұстануы;
зерделенетін мифтер сюжеттерінің әмбебаптылығында (өмір, сенім, басталу, аяқталу).
Мифтік сана адамға әлемді игеруге, көмектесумен қатар өмір мен тіршілікке тұрақтылық бере отыра оны қорғайды. Мифтік сана беймәлімділік сырына қарамастан белсенді арна. Ол ұлттық өзіндік сананың қалыптасуына қатысады, халық үшін көзқарастың, тіршілік түрлерінің ежелгі принциптерін белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет