Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту маңызы. Тістің құрылысы



Дата13.06.2016
өлшемі74.15 Kb.
#133777
түріСабақ
№205 қазақ орта мектебі

Тақырыбы: Ас қорытудың маңызы

Тістің құрылысы


Орындаған: Биология пәні мұғалімі

Оспан Үрләй

Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту маңызы. Тістің құрылысы.


Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Қоректік заттардың ас қорытудың маңызы, құрамы туралы, тістің тірі организм екенін көрсету. Тіс және тіс құрылысымен таныстыру.

2.Тәрбиелілік тамақты асықпай шайнай жұту, ауыз қуысының гигеналық талабы, тіс күтіміне көңіл бөлу керектігіне тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: С Дәруменіне бай өсімдіктерді пайдалана білуге, тіс дәрігерімен кеңесуді міндетті деп санауға ақыл-ойын дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,талдау,іздендіру, шығармашылық

жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек-сызба тестік сұрақтар, мақал-мәтел, жұмбақ,жазылған үлестірме қағаздар, плакаттар,



Сөзжұмбақ-«Ас қорыту жүйесі».
Сабақтың құрылысы: 1.Сабақтың құпиясы.Сөзжұмбақ.

2.Сабақты талқылаудың барысында оқушылар нені білу керек?

Ауыз қуысының құрылысын, қарын,ұлтабар ұшы, аш ішек, тоқ ішек, тіс оның құрылысын.

3.Нені ажырату керек? Қарыннан ішетерді, күрек тіс,ит тіс, кіші және үлкен азу тістерді.

4. Оқулықпен ондағы суреттермен, таблицамен тіре-сызбамен жұмыс.

5.тестік сұрақтармен жұмыс 3-минут

6.Мақал-мәтел,жұмбақ шешу.

7.Оқушыларды бағалау.

8.Сабақты бекіту.

9.Үйге тапсырма беру.

10.Қорытындылау.

Сабақтың өту барысы:


Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып,назарын сабаққа аудару.

1.Сабақтың құпиясы.Сөзжұмбақты шешіп, сол бойынша сабақ мақсаты хабарланады.Балалар біз жаңа тарату бастағалы отырмыз ол үшін мына сөзжұмбақты шешуіміз керек.




1,2,5,6,7,12 ас қорту мүшелері

3,8 кенеулі заттар

4 ас қорыту жйесіне тәжірибе жасаған ғалым

10 тістің пішіні

11 ас қорыту жүйесіне қатысатын без

13 бауырда кенеулі заттар бұзылуына байланысты пайда болатын ауру

14 сүттен жасалған ұлттық тағам

Жауабы:


1 ауыз, 2 тіс, 3 ақуыз,4 Павлов, 5 қарын, 6 бауыр,7 ұлтабар,8 су,9 жұтқыншақ,

10 күрек тіс.11 ұйқы безі,12 өңеш,13 серозит,14 ірімшік

Адам организміндегі клеткалар мен ұлпалар қоректік заттардың үздіксіз келіп тұруын қажет етеді.Организмнің қалыпты өсіп, дамуымен тіршілік әрекеті үшін ең негізгі жағдай-дұрыс тамақтану.Қоректік заттарға өсімдіктермен жануарлардан алынатын азық-түліктер жатады.Олардың құрамына нәруыз,май,көмірсулармен минералды заттар және витаминдер кіреді.

жарма

Жаңғақ





сүт

жұмыртқа



Мал еті


Құс еті




Жеміс-жидектер



Қызылша



Көмірсулар бір күнде 400 гр крахмал 100 гр қант



Күріш,бидай

Картоп

Нан


Бал

Адамның қалыпты тіршілігі мезгіл-мезгіл ас ішіп, оны қорытып,организмге сіңіруге байланысты.Халқымыз: «Ас-адамның арқауы» деп, тамақтың нәрлі болуына құнарлы назар аударса «Ауру-астан» деп тамақты таңдап ішу, кейбір астан бас тарту туралы көзқарастары болған.Ас-адам организмінің құрылыс материалдары,энергия қоры.Адамның денсаулығы, дене қимылы,ой еңбегі және толып жатқан басқа іс-әрекеттер астың құрамына тікелей байланысты.



Ас қорыту деп,қоректік заттардың күрделі түрінен жәй,суда еритін, қанның құрамына жеңіл өте алатын күйіне айналуын айтады.Ас қорыту-өте күрделі процесс, ол ас қорыту жолынан және бездерден құралады.

Ауыз қуысы



Жұтқыншақ

Өңеш

Қарын


Тік ішек


Тоқ ішек

Аш ішек

Ұлтабар

Оқушыларға кітаптағы 92 суретті пайдалана отырып,жоғарыдағы схеманы түсіндіремін.Ас қорыту мүшелерімен танысқанда қарынның ұйқы безіне,ұйқы безімен бауырдың ұлтабарға ашылатын өзегіне баса назар аударуды ұсынамын.Ауыз қуысында астыың қорытыла бастауына әсер ететін шықшық безі,алқым безі,бұғаз безі туралы таблицадан көрсетіп өтемін.Сабақтың тәрбиелілік мәніне назар аударамын.Ас тістердің әсерінен физикалық өзгеріске ұшырайды (ұнтақталады). Жақсы ұнтақталған асқа сілекей сөлі жақсы сіңіріледі де, оның тез ыдырауына әсерін тигізеді, жақсы уақталған ас қарынға барғанда да тез қорытылады.


Тістер

(пішініне қарай)



Күрек тіс ит тіс кіші азу тіс Үлкен азу тіс



Тістер


(түбіріне қарай)

Бір түрлі Екі түрлі Үш түрлі




Күрек тіс Астыңғы жақтың азу тістері Үстіңгі жақтың азу тістері

Ит тіс
Тістің ең соңғы жұбы: ақыл тіс адам 20-22 жасқа келгенде шығады. Тістің барлық саны -32.Жаңа туған балада тіс болмайды.Бала 6-9 айға жеткенде алдыңғы тістер шығға бастайды.Бұл сүт тістер деп аталады.Бала екі жасқа келгенде, оның ауызындағы тістердің саны 20-ға жетеді.Бала 6-7 жасқа толғанда сүт тістері түсіп, оның орнына тұрақты тістер шығады. Бұл тістердің өзгеріп алмасуы 12-14 жасқа дейін аяқталады.Адам 20-22 жасқа келгенде, ең соңғы жұп-азу тістер-ақыл тіс пайда болады.Тіс-тіс сауыты,мойыны,түбірінен тұрады.Тіс сырты кіреукемен (эмальмен) қапталады, оның астында қатты зат-дентий жатады.Тістің іші қуыс, ол борпылдақ ұлпадан құралады,оның арасынан қан тамырларымен жүйке талшықтары өтеді.Қан тамырлары тіске кенеулі заттар, ал жүйкелер оған сезімталдық қасиет береді.

Ас жақсы ұнтақталу үшін тістерді жақсы сақтау керектігін айтамын.Тіспен жаңғақ әртүрлі жеміс сүйектерін шағу, шөлмектердің аузын тіспен ашу, суықтан кейін ыстық немесе керісінше,балалардың әдетьіне айналған.Тіс щеткасымен жатарда және таңертеңгілікте жақсылап тазартып отырудың тістің бұзылмай сақталуына маңызы зор екендігі,егерр сызат түссе біртіндеп ұлғаяды.Мұндай жағдайда тіс дірігеріне (стамотолог) бару туралы кеңес беру арқылы сабақтың тәрбиелілігін арттыру тиімді.



Оймаржан

Кім тісін қандай пастамен жуады?

Жауаптар: ппсодент,блендомент,колгеит,северал

5.Тестік сұрақтармен жұмыс

1.Асқорыту мүшесінің ең кеңейтілген бөлігін ата

А)жұтқыншақ

В)өңеш

С) қарын


Д) ас ішек

2.Ересек адамның тісі қанша?

А)34

В)36


С) 38

Д)32


3.Ұлтабарға қандай бездің өсіндісі ашылады?

А) сілекей безі

В)ұйқы безі

С) бауыр


Д) тимус безі

4.Мына жауапты толықтыр: ас қарыннан барады.....

А)өңешке

В)ұлтабарға

С) тоқ ішекке

Д)тік ішекке

5.Ең ұзын ас қорыту каналын ата?

А)ұлтабар

В)қарын

С) аш ішек



Д)тоқ ішек

6.Ас қорыту жүйесінің қызметі

А) денедегі керексіз зиянды заттарды шығару

В) ақзаны сыртқы ортамен байланыстырады

С)кенеулі қоректік заттарды күрделі түрінен жәй, қанның құрамына өте алатын күйіне айналдыру

Д)қоректік заттарды,оттегіні жасушаларға тасымалдау


Мақал –мәтел: Әуелгі байлық-денсаулық

Ауру қадірін сау білмес,аш қадірін тоқө білмес

Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый.

Отыз тістен шыққан сөз,отыз рулы елге тарайды.

Тіс шыққан балаға шайнап берген ас болмайды.
Жұмбақтар: Қатар-қатар тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым.

(тіс,тіл)

Асыл тастан қаланған

Аспандағы ақ қамал

Сынға шыдап сан алуан

Ғұмыр бойы сақталар

(Тіс)


Ақ даауылдың ар жағында қызыл ат

Байлаудан бір босамайтын қызыл ат

(тіс,тіл)
7.Өткен сабақты сұрап бағалаймын.

8.Сабақты бекіту жылдамдық түрінде өтеді

1.Оқушылар, бір рет болса да ауруын сездіңдер ме?

2.Тіс бізге не үшін керек?

3.Адамда неше тіс болады?

4.Неге тісті тірі ағза дейді?

5.Тістің неше бөлімін білездер?

6.Тістің құрылысы неден тұрады?

9.Үйге тапсырма беру- § 40.92, 95 суреттерді сала отырып түсінік айту

10.Қорытынды



Тістерінен ерте айырылған адамдар тағамды жартылай ұсақталған түрінде,не жартылай құрғақ күйінде жұтады. Соның салдарынан адамның бет әлпеті де көріксіздене түседі. Маңдайында әжім ерте пайда болады, өңі егде тарта бастайды, сөйлеген сөзі өзгереді.Жеткіліксіз шайналған тамақ жеуден адам гастрит,асқазан ісіктері т.б ауруға шалдығуы мүмкін.Ертедегі шығыс мақалы «Ажал ауыздан кіреді» дейді Дүниежүзілік днесаулық сақтау ұйымы экспертінің дерегіне қарағанда Жер шары халқының 95% тіс ауруынан зардап шегеді екен.Тістің көбіне бұзылатын кезеңі 13-22 жас аралығы бұдан арғы жастағы адамдарда тістің бұзылуы азая түседі.Медицина ғылымдарының зерттеулеріне жүгінсек, 1 мл ауыз сілекейінде 800 млн-ға жуық бактерия талшығы болатыны көрінеді.

Мұндай бактериялар санын тісті уақтылы дұрыс тазалап жүрсе, он есеге дейін азайтуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет