Сабақтың тақырыбы: Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. Асқазанды шаю. Стомаларды күту



бет5/7
Дата23.02.2022
өлшемі40.77 Kb.
#455689
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
клин практика№8

Ескерту:

  1. сүңгіні енгізгенде оның асқазанға ерікті өтуіне бақылау жүргізу қажет;

  2. егерде жуынды суда қан көрінсе, онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз;

  3. шылапшындағы жуынды судың мөлшері құйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек;

  4. егерде науқас құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз;

  5. сүнгіні енгізгенде науқаста жөтел болса, тыныс алу қиындаса, беті көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен), онда сүнгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Асқортудың негізгі клиникалық белгілері және олардың жеке-жеке сипаттамасы ?

  2. Ас қорыту жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері.

  3. Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу.

  4. Асқазан шаюдын көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.

  5. Белсенді және пассивті пациенттерге емшараны өткізу техникасы.

  6. Емшара кезінде пациенттін жағдайын бақылау. Жабдықтарды өндеу.

  7. Ішек қызметі бұзылуының көрінісі: іштін ауыруы, тенезмалар, асқазан деспепсиясы: қыжыл, дисфагия, кекіру, тәбеттін бұзылуы, жүрек айну, құсу, «кофе қою» тәрізді құсу.

  8. Ішек қызметінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері.

  9. Ішек қызметі мүшелерін аспапты зерттеу әдістері.

  10. Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу.

ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: КӨРНЕКІ ЖӘНЕ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР
Қосымша №1
Ситуациялық есеп№1
Стационарлық емдеуде 9 жастағы қыз бар. Диагноз: созылмалы гастродуоденит. Қыз кесу сипатындағы іштің ауыруына шағымданады, ауырсыну тамақ ішкеннен кейін бірнеше минуттан кейін пайда болады және 30-40 минутқа созылады. Ауырсыну іштің жоғарғы бөлігіне беріледі. Кейде жүрек айнуы, құсу жүреді. Қыз мінезі бойынша қыңыр. Қыз 1 жүктіліктен, жетіліп туылған. Жақсы оқиды. Соңғы 3 жыл ретсіз қоректенеді. Ата-аналар жұмыс істейді және қызмет көрсетуге қызды ешкім жоқ. Қыз өгей әкесімен отбасында тұрады. Объективті: төмен тамақтану . Көз астындағы бозғылт, көк көлеңке. Пульс 88 СД. / мин., ЧДД 20 минутына, АҚ 100/60. Пальпация кезінде іш жұмсақ, эпигастральды аймақта ауырады. .

  • Пациенттің проблемаларын анықтаңыз; әрбір мейірбикелік араласудың уәждемесі бар басым мәселе бойынша мейірбикелік күтімнің мақсатын қалыптастырыңыз және жоспарын құрастырыңыз.

  • Диеталық тамақтану туралы әңгіме жүргізіңіз




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет