Сабақтың тақырыбы: «астана еуразияның ЖҮрегі»



Дата25.02.2016
өлшемі118.42 Kb.
түріСабақ
Ашық сабақтың тақырыбы:

«АСТАНА – ЕУРАЗИЯНЫҢ ЖҮРЕГІ»

Өткізген:

15 мектеп-лицейінің қазақ тілі пән мұғалімі



Жетпісова Ш.Ш.
15 мектеп-лицейінің француз тілі пән мұғалімі

Пашкова Н.П.

Өткізген орны: «Атамекен» этно-

мемориалдық кешені


Астана - 2012ж



Сабақтың тақырыбы: АСТАНА – ЕУРАЗИЯНЫҢ ЖҮРЕГІ
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Астананың бұрынғы атауы мен қазіргі маңызды мақтаныштары, қазақ жерінің кіндігіне Ақордасын тіккен жаңа Астана тарихы туралы айта отырып, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау арқылы оқушылардың білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Францияның астанасы Париждің дамуымен таныстыра отырып, оқушыларға Астананың қарқынды дамуы аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой-өрісін кеңейту, сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды екі ғасыр тоғысында Еуразия құрлығындағы ірі тарихи оқиға болып, тарихқа енген жаңа астанамыз – Астана қаласымен мақтануға тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін оята отырып, Отанын сүюге, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, француз тілі, дүниетану

Сабақтың типі: Француз пәнімен кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, іздендіру,талдау,шығармашылық жұмыс

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Бейне фильм «Астана»

Оқушылар қолдарынан ұстап шеңбер құрып бастайды және Отанымызға, елімізге, туған жерімізге, халқымызға қатысты жақсы сөздерді естеріне алады.

1.«Мен орыспын - Астанада тұрғаныма мақтан етемін»

2.«Астана – менің сүйікті қалам»,

3.«Астана – жас қала»,

4. «Менің ұлттым – украин - Қазақстанның елордасы - Астанада тұрамын»,

5. «Астана – арман қала»,

6. «Астана – болашақты қала»,

7. «Мен чеченмін. Астанада көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді »,

8. «Астана – жаңа қала»,

9. «Астана – ғажап қала»,

10. «Астана – елімнің жүрегі»,

11. «Астана – әлем таныған, болашақты қала »,

12. «Астана- ғасыр қаласы»,

13. «Астана – жастардың қаласы»,

14. «Астана - елдің құт береке дарыған Ақордасы»,

15.« Мен кәріспін – Астана - келісім, бейбітшілік қаласы»,

16 «Мен азербайжанмын. Астана – менің туған жерім»

17 «Астана - қазақтың жүрегі»,

18 «Болашақ Астанадан басталады»

19 «Астана – әсем, сәулетті қала»,

20 «Астана – ару қала»,

21 «Астана - әлемдегі дара қала», «Астана – әсем, сәнді - қала »

22 «Астана қазір- Еуразия жүрегіне айналған қала»,

23 «Астана - Қазақстанның еңселі Елордасы»,

24 «Мен қазақпын. Астана –менің туғам қалам. Астана барда Қазақ елі бар».



Мұғалім: Құрметті оқушылар, бүгін «Астана –Еуразияның жүрегі» атты сабағымыз ерекше, маңызды түрде - қаланың ортасында орналасқан «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде өтеді. Осы сабақтың өту барысында екі ғасыр тоғысында Еуразия құрлығындағы ірі тарихи оқиға болған, жаңа астанамыз туралы әңгімелейміз.

Қазақ халқы «Астанаға қарап елін таниды» дейді. Әлем таныған туған қаламыздың тарихына қысқаша шолу жасайық.



1 топ: - қаланың тарихын мәлімдейді. Слайд

Астана алғашында Есілдің оң жағалауында, Қараөткел бекініс ретінде бой көтерген. Бірнеше ғасыр бойы Қараөткел сауда-айырбас орталығы болған. Ал одан бұрын бұл жерде ғалымдардың есептеуінше, Шығыс Еуразияның ірі діни-мәдени орталығы және Ұлы Жібек жолының ошағы Бозоқ шаһары бір болған. Жыл сайын ұйымдастырылатын көктемгі жәрмеңкеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Ресейден, Орта Азиядан, тіпті Қытай мен Үндістаннан да саудагерлер жиналатын.

Уақыт өте келе Қараөткел Ақмола мекеніне айналды.

1961 жылы Ақмола қаласының аты Целиноград болып өзгертілді және ол республикамыздың бірнеше ірі облыстары кірген Тың өлкесінің орталығына айналды.

1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1997 жылы бұрынғы тыңның астанасы Ақмола қаласы Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның елордасы болып ресми жарияланды. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.

1997 жылғы 10 желтоқсанда Астананы ресми көшіруі жүзеге асты.

1998 жылы астана Ақмола қаласы Астана болып аталды.

Сол жылдан бастап, Астана әлемдегі саяси маңызды оқиғалар өтетін орталыққа айнала бастады. Міне осындай әдемі, әуезді әрі ауқымды атау - Астана атымен Қазақстан Республикасының жаңа елордасы үшінші мыңжылдыққа енді.



2 топслайд

Ел астанасын ауыстыру Астананың экономикалық дамуына қуатты серпін берді.

Бүгінгі Астана - саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша түрлі кездесулер өтетін Еуразия кеңістігінің орталығы, жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атты кітабының «Жаңа дәуірдің жаңа астанасы» деп аталатын бөлімінде: «Астана Еуропа мәдениетінен – прагматизмді, ал Шығыстан рухани дәлдікті мұра етіп алады. Таяу болашақта Астана Қазақстан Республикасының ірі саяси, мәдени және іскерлік орталығы, осы заманғы қаласы болады» - деген.



1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.

1999 жылы Рим папасы Астанаға келді.

2003 жылы - Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлік діндер көшбасшыларының 1/бірінші/ съезі болды.

2006 жылы қыркүйекте ашылған пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік пен келісім Сарайы – Астананың ең үлкен мақтаныштары қатарындағы ғимаратында Әлемдік және дәстүрлік діндер көшбасшыларының 2/екінші/ съезі өтті.

2012 жылы Әлемдік және дәстүрлік діндер көшбасшыларының 3/үшінші/ съезі болды.

2010 жылы Астанада Саммиті мемлекет басшыларының дүниежүзіндегі маңызды кездесуі ретінде тарихта қалды. Елордамызда 56 мемлекеттің басшысы ғаламдық проблемаларды талқыға салды. Осы Саммитте әлем қауіпсіздігіне баса назар аударылды. Елорда төрінде өткен ЕҚЫҰ Саммитінде Астана Декларациясы бірауыздан қабылданды. Астана Саммиті тек қана Қазақстан тарихында емес, әлемдік шежіреде мәңгілікке жазылып қалғаны анық.

Астана - Қазақстанның маңызды мәдени және ғылыми орталығы.


2010,2011,2012 жылдары – Астанада Халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалі өтті.

2011 жылдың 30 қаңтарынан 6 ақпанға дейін Астана және Алматы қалаларында 7-Қысқы Азиада ойындары өтті. Еуразияның жүрегіндегі Қазақ елінде тұңғыш рет өткелі отырған әлемдік деңгейдегі спорт додасы біз үшін үлкен бедел

2012 жылы – Лондон олимпиадасында біздің спортшыларымыз біздің еліміздің мәртебесін жоғары көтерді.

2012 жылы 1/бірінші/желтоқсан күні еліміз Тұңғыш Президент күні атап өтті. 10 желтоқсан күні - астана Алматыдан Ақмолаға көшірілген күні. «Ақиқатқа айналған арман қала» іс-шара Бейбітшілік және келісім Сарайында өтті.

Елбасымыздың: «Жаңа ғасырда даму үстіндегі еуразиялық кеңістіктің экономикалық, технологиялық, ақпараттық ағыны біздің жаңа астана арқылы өтетін болады» деген сөзінің бұл оқиғалар дәлелі. Қоғам да, мемлекет те, қала да қарқынды даму үстінде. Жыл сайын қалада түрлі халықаралық көрмелер мен музыкалық шаралар және көптеген фестивальдар ұйымдастырылып жатады. Мәдени қала Астананың төрінде Ұлттық опера және балет театры, орыс драма театры, Қазақ музыка драма театры, және көптеген мұражайлар қашанда келемдеушілерге есіктерін ашады. Ұлттық ғылым академиясы, Ұлттық кітапхана, Ұлттық мұражай, қазіргі заманғы арт-галереялары, Әлеуметтік-экономикалық технологиялар орталығы, бизнес-орталықтар, су аттракциондары ашылды. Осының барлығы бұрыңғы қала мен жаңа қала келбетін бір арнаға ұштастырады.


Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Аз уақытта қаланың бет - бейнесі де айтарлықтай өзгерді. Екі түрлі мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, тіпті географиялық тұрғыдан да екі құрлықта орналасқан. Қазақстанды «Азиядағы Еуропа» немесе «Еуропадағы Азия» деп атайды.

Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың - Астана келбеті - ұлт келбеті екенін, Астанамыз қай жағынан қарағанда да кісі қызығарлықтай, Шығыстың да, Батыстың да айшықтарын қатар қабыстырған қалаға айналсын, оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді. Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты, қайталанбас бейнесі бар қала туды.



Слайд

2000 жылы - Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.

2001 жылы - ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан картасы этногрфиялық мемориялдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар. Міне, осындай ғажап кешенде сабағымыз өтіп жатыр. Бұл саябақ Қазақстанның барлық қалаларының макеті мен Қазақстанның тарихи ескерткіштердің жиынтық көшірмесі жинақталған ашық аспандағы мұражай ретінде көпшіліктің сүйікті демалу орнына айналды. Биыл қыркүйек айында келгенбіз.

2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды.

2008 жылы - Асананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы – Елбасы Н.Назарбаев. Монумент биіктігі 91 метр.

Әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы.

Теңізден алыс орналасқан океанариум – «Думан» орталығы.

Бейбітшілік пен келісім сарайы



2002 жылы - Евразияның кіндігі- Астананың төрінде Елбасы Н. Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған « Астана- Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр. Бұл монумент қазақ елі тамырын жеті қабат жер астына жіберген мәуелі бәйтеректей тереңге жіберген ел екенінің дәлелі. «Тамырым менің тереңде, жапырағым биікте»-деп Ө. Ақыпбекұлы ақын жырлағандай, әлі де тамыр жаямыз, өсеміз, өркендейміз деген ұғымды береді.

Әлем –
Әлі көрген жоқ,


Бәйтеректі дәл мұндай,
Нұр сыйлап қала көркіне,
Тағзым етіп:
Жер, Күнге,
Тұр ғажайып ғимарат-
Зор бәйтерек кейпінде.

Сөйтіп, барша қазақтың арманы орындалып, Қазақстанның тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімімен Сарыарқа төсіне қонған, ХХІ ғасырға жаңа атаумен енген Астана дүниежүзіндегі сәулетті қалалардың біріне айналып келеді. Бүгінде қаламызда жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық – Қазақстанды және жаңа Астананы құрудың негізі. Біздің осы ерекше қасиетімізге Рим папасы назар аударған.

Расында да, Астана дегеніміз – ең алдымен адамдар. Астана өзінің тұрғындарымен асқақтайды. Біздің әлеуметтік мәселелері де өз шешімін табуда. Салауатты ғұмыр кешуі үшін жағдайлар жасалуда. Жаңа мектептер, емханалар, ауруханалар, бала-бақшалар, стадиондар ашылуда.

3 топ –

Астана қаласы қазіргі таңда ақиқатқа айналған арман қала, Тәуелсіз Қазақстанның киелі ордасы. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тікелей бастамасымен бой көтерген жаңа ғасырдың сәулетті қаласы. Ірі ресми кездесулерді айтпағанда, мәдениет пен өнер, білім мен ғылым саласындағы іс-шаралардың бәрі Астана қаласында өтеді. Сонымен қатар, әлем назарындағы Астанамыз алдағы уақытта бұдан да көркейе түсетініне сенеміз. Бұл қала келешекте де маңызды басқосулардың, ірі халықаралық шаралардың өтетін орталығы бола беретініне ешқандай күмәніміз жоқ. Соның дәлелі 2017 жылы өтетін - ЕХРО –2017.

Париждегi Халықаралық Көрмелер Бюросының штаб-пәтерiнде Бас Ассамблеясында EXPO-2017 өткiзуге үмiткер қала ретiнде Астананың таныстырылымда Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов өз сөзінде: «Сан ғасырлық тарихы бар басқа қалалардан Астананың ерекшелігі, мұндағы барлық жетістіктер – жаңа және алғаш рет орын алып отыр», – деді. Астана Елбасының ерекше назарында», – деді. Көркейген, нұрланған Астананың одан әрі нығая, көркейе түсуіне аталмыш көрменің де ықпалы зор болмақ.

Астананың 20 бауырлас қаласы бар. Астанада барлық өкіметтік ұйымдар мен дипломатиялық елшіліктер, көптеген шет елдік мекемелер орналасқан. Соның ішінде Еуропа елінің – Француз елшілігі.



Қазақстан – Франция: Астана – Париж:

ЫҚПАЛДАСТЫҚТАН ТЕРЕҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА.




Франция елінің астанасы Париж (фр. Paris)Франция елінің астанасы, маңызды экономикалық және мәдени орталығы. Франсия ортаңғы бөлігінің солтүстігінде, Иль-де-Франс аймағында, Сена өзенінің жағасында орналасқан. Ұраны — Fluctuat nec mergitur («Оны тербелтеді, бірақ ол батпайды»). Парижде 13 млн. халық тұрады.

Тарихи деректерге сүйенсек қала Филлип Август королінің тұсында ғана өркендеп өсе бастаған. Қала жоспары шеңбер үлгісінде құрылған. Архитектуралық ансамбілдері ғасырлар бойы қалыптасты. Готика үлгісіндегі архитектуралық құрылыстардың дені Сита аралына шоғырланған. 13 ғ-да шіркеулер мен монастырьлар салына бастады. Нақ осы тұста атақты НотрДам де Пари қолға алынса керек. В.Гюго оны (Париж құдай аналарының соборы) деген атпен әлемге әйгілі етті.

Атақты Лувр 1204 жылы салына бастап, сол тұста 20 мың шәкірті бар Париж мектептері университет болып бірігеді, алғашқы университет 1629 жылы салынған.

Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастар соңғы жылдары ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан мен Франция арасында білім беру жөніндегі қатынастар да ойдағыдай дамып келеді. «Бола­шақ» бағдарламасы бойынша Қазақстан­ның көптеген жастары Францияның беделді жоғары оқу орындарында білім алып, қазіргі кезде ел экономикасының дамуына үлес қосып жатыр.



Париж туралы француз тілінде оқушылар мәлімдейді /әңгіме, ән,тақпақ/

Енді Венн диаграмманы толтырайық.

Астана Париж



овал 12овал 13

Оқушылар екі жағына айырмашылықтарын, ал ортасына ортақ мәліметтерін жазып толтырады.

Сонымен көріп тұрсыздар:

- Астананың және Париждің символы бар - Бәйтерек пен Эйфель мұнарасы.

- Қаланың екеуі де өзен жағасында орналасқан, өзен сол және оң жағалауға бөліп жатыр.

- Астананың қала жоспары шуақты күн үлгісінде құрылған, Париждің қала жоспары шеңбер үлгісінде құрылған.

- Астана мен Париж әсем сәулетті қала.

- Астана – мешіттер. Париж - құдай аналарының соборы.



Ерекше айырмашылықтары:

– Астана – жас қала, Париж – көне қала.

- Астананың кли­маты шұғыл кон­ти­нентті.

- Париж климаты қоңыржай, теңіздік.


Жақсы, сонымен қарастырсақ Астана мен Париж қалаларының ортақ және айырмашылықтары бар екенін көріп тұрмыз.

Астанамыз сүйкімді,


Гүлдей жайнап құлпырды:
Қызықты боп барады,
Бір күнінен -
Бір күні.
Әлемдегі дара бір,
Әсем,
Сәнді - қала бұл. Ө. Ақыпбекұлы.

Шығармашылық жұмыс. Оқушылар хат (эссе) жазады. Сонан соң сол жазған хаттарын оқып береді.
Сабақтың қорытындысы:

«Жүректен жүрекке» - кезеңі. Әр оқушы өз аттарынан «Елімізде тыныштық болсын», «Әрқашанда бақытты болайық!» «Астанамыз гүлдене берсін!» «Астана жайнай берсін!», «Астана – арман, болашақты қалаға айналсын!», «Елбасымыз аман болсын!», «Астанам көркее берсін!», «Астана нұрлана берсін!», «Астана – әлемдік дәрежесіне өсе берсін!» деген сияқты тілектер білдіреді.


«Елімнің жүрегі -АСТАНА» әнін Жаулыбай Ақсанат орындайды.

Н.П.Пашкова, Ш.Ш.Жетпісова – қорытынды.

Біз Еуразияңың жүрегі - Астана қаласына саяхат жасадық. Астана жылдан-жылға көркейіп, асқақтай берсін! Елімізде мәңгі тыныштық, бейбітшілік болсын деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.



Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет