Жүргізуші:Міне, құрметті ата-аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп, сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.
Жүргізуші: Келесі бөлімімізде «Жұмбақ кейіпкерімізбен» болған жағдайды тыңдап көрелік.
Жұмбақ кейіпкер: Мен 16 жастамын.Мен өзімді мазалаған ойларымды сіздермен бөліскім келеді.Мен үйде жалғыз баламын. Ата-анам жұмысбасты адамдар. Жұмыс деп жүріп маған көңіл бөлуге,менімен әңгімелесуге де уақыттары жоқ. Үнемі жалғызсырап жүремін. Сұраған ақшамды береді, барам деген жеріме жібереді. Маған байлықтың, ақшаның қажеті жоқ. Маған тек қана ата-анамның аялы алақаны,мені еркелетіп бауырына басқаны керек. Ал менің ата-анам маған еш аландамайды.Өйткені олар жұмыстан басқа ештеңе ойламайды.Бірде мынадай жағдай болды.Мен досымның үйіне барып,түнгі сағат 10-ға дейін досыммен әңгімелесіп отырып қалдым.Үйге келсем ата-анам алаңдап отыр екен. Мен ата-анамның өзіме назар аударғанына іштей қуанып,осы жағдайды тағы қайталадым. Сондағы ойым-ата-анамның көңілін өзіме осы тәсілмен аудару, бірақ бұл жолы ата-анам маған дауыс көтеріп айқайлады. Мен мұнда ата-анамды жамандайын деп келген жоқпын. Ата-анасын кім жамандық ойласын. Мен ата-анамның өзіме деген жылы сезімдерін қалай оята аламын? Маған осы жағынан көмек берсеңіздер екен.Менің орнымда болсаңыздар сіздер не істер едіңіздер, достар?
Осы жағдайдан туындайтын сұрақтар.
1)Оқушылар, алдарыңдағы өздерің сияқты достарыңа қандай кеңес бересіңдер?
2)Ата-аналар,бұл жағдайда не істейсіңдер?
3)Балаға,ата-анасына қандай ақыл-кеңес айтар едіңдер?
4)Осындай балалардан болашақта қандай азамат шығады деп ойлайсыңдар?
Көрермендерге сұрақтар:
1)Ата-аналарыңызға деген махаббаттарыңызды білдірудің жолдары.
2)Жақын адамдарыңды ренжітпеуді үйрену жолдары.
3)Ата-ана көңіл –күйін түсіну жолдары.
4)Бірдеңе бүлдіріп алған кезде ата-ана алдында өзіңді ұстау жолдары.
Жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ата-ана, ұстаз, жақсы құрбысынан екені сөзсіз. Сондықтан «Бала тәрбиесі – бір өнер,өнер болғанда ауыр өнер. Жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев айтқан-бала тәрбиесі барлығымыздың бірлескен жұмысымыздың нәтижесі. Бұлардың барлығы қоғамға тәуелді.
«Мейірімділікті анадан,Әдептілікті данадан үйрен» дейді халқымыз.
Бір-біріне қамқор,қайырымды ұрпақ тәрбиелеу және адамгершілігі мол асыл қасиеттерді бойларына сіңіру біздің міндетіміз екенінайта келіп пікіралмасу кешімізді тамамдаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |