Сабақтың тақырыбы: Атысты тоқтату Сабақтың мақсаты: Уақыты: 45 мин



Дата01.07.2016
өлшемі23.53 Kb.
#169577
түріСабақ
«Бекітемін»

______________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы: Атысты тоқтату

  2. Сабақтың мақсаты:

  3. Уақыты: 45 мин.

  4. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.

  5. Өткізілетін күні:

  6. Көрнекілік құралдар: Плакаттар ,АӘД кітабы

  7. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –10 мин.

  • Атысты тоқтату қаншаға бөлінеді?

  • Атысты тоқтату уақытша тоқтату үшін қандай пәрмен беріледі?

  • Винтовканың оғын алу қалай жүргізіледі?

  • «Қаруды тексеруге?» пәрменінен кейінгі сарбаздың іс-әрекеті?


б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Тірей ату тию дәлдігін арттыру үшінқолданылады.Мерген атысқа ыңғайлана отырып,тіреуді атыс жүргізуге неғұрлым оңтайлы болатындай етіп орналастыру керек. Тіреу қандай ыңғайлы болса,атыс нәтижесі де сондай жақсы болады.

Таса қарсыластың бақылауын қиындату және оның атысынан қорғану үшін қолданылады.Атыс жағдайына орналасу және атыс дәлдігін арттыру мақсатында мерген тасаны денесіне тіреу болу үшін және кей жағдайда қаруды тіреу үшін қолданады.

Тірей ату үшін винтовканы ұңғы жабуымен тіреуге арналған сол қолдың алақанына қойып, ал оң қолменвинтовканы ұңғының алдыңғы жағынаннемесе винтовканы ұңғы жабуымен тіреуге қойып, оны сол қолмен оқжатардан болмаса ұңғының төменгі


жағынан ұстайды.Қатты тіреуді жұмсарту үшін оны плащ-палаткаға оралған шым топырақпен,шинель орамымен және т.б. жапқан жөн.

Ағаш тасасынан, ғимарат бұрышынан және басқа тасалардан ату үшін тасаға мерген қарсылас атысынан қорғанатындай етіп сүйенуі керек;винтовканы тасадан тыс жерден атыс жүргізетіндей етіп ұстау қажет.

Оқпанадан немесе ордан атыс жүргізу үшін денемен оқпанаға сүйеніп,қос қолдың шынтақтарын жерге тіреп,иыққа қысу керек;мұндайда атысты тіреуден жүргізуге де, қолмен жүргізуге де болады.

Әуедегі нысаналарды ату тәсілдері

Ашық жерден мергендік винтовкадан әуе нысаналарын ату – жатып, тізерлей және тұру жағдайында жүргізіледі.

Жергілікті нысандар артынан ату кезінде мүмкіндігіне қарай оны тіреу ретінде пайдалануға болады.

Әуе нысаналарын оқпанадан ату үшін сол қолдың білегімен оқжатарды оқпананың алдыңғы қырына тіреп немесе арқаны оқпананың артқы қырына және сол аяғын оқпананың алдыңғы қырына тіреп атады.




в) Қорытынды бөлім – 7 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Тірей ату не үшін қолданылады?

  • Тірей ату үшін не қолданылады?

  • Әуедегі нысаналарды ату қалай жүргізіледі?

  • Оқпанадан атыс жүргізу қалай орындалады?



Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет