Ауыр металдардың қоршаған ортаға әсері
Ауыр металдардың қоршаған ортаны ластауы жылдан жылға артып келеді.Оның себебі металдарды өндірген кезде олардың бір бөлігі топыраққа, ауаға, суға түседі.Отынды жаққан кезде ауыр металдардың иондары қоршаған ортаға көп мөлшерде бөлінеді.Ол тірі ағзаларға зиянды әсер етеді.
Көптеген ауыр металдар улы, тірі ағзаларды уландырады.Мысалы: берилий, сынап, қорғасын, кадмий металдары улылығы жағынан бірінші санатқа жатқызылады. Сынап өте улы, оның қосылыстары ағзада жинақталып, қоректік тізбекпен беріледі.Адам ағзасына тамақпен түсуі мүмкін, мысалы сынап төгілген судағы балықты жеген кезде ағзаға түсіп, улануы мүмкін.Қатты уланған жағдайда адам өліп кетуі де мүмкін. Үй жағдайында қолданылатын дене қызуын өлшеуге арналған градусникті сындырып алғанда да қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жинап алу қажает.
Өте улы металдардың бірі қорғасын.Қорғасынды бензиннің сапасын жақсарту үшін қосады екен.Атмосфераға тараған ауыр металдар жол жиегіндегі өсетін өсімдіктерге барып түседі. Сол себептен жол жиегіндегі жемістерді теруге болмайды.
Улылығы жағынан орташа санатқа жатқызылатын металдар:барий, хром, алюминий.
Дескриптор
|
-ауыр металдардың қоршаған ортаға таралу жолдарын және бірінші санатқа жатқызылатын металдарды анықтайды;
-ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін түсіндіреді;
|
2-қосымша
Бөлім 9.3В Адам ағзасындағы химиялық элементтер
|
Оқу мақсаты
|
9.5.1.1.5 қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау және олардың ағзаларға әсерін түсіндіру
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атайды
Ауыр металдардың ағзаларға әсерін түсіндіреді
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу және түсіну
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |