Сабақтың тақырыбы: Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау



Дата12.06.2016
өлшемі51.5 Kb.
#130996
түріСабақ
«Бекітемін»

_____________ ______________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы: Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау.



  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға автоматты майлау және тазалау ретіне үйрету.

3. Уақыты: 45 минут.

4. Өткізілетін орны: 10 сынып, БӘД бөлмесі.

  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.



  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • атыс кезіндегі кідірістер болу себебі және оны жою жолдары қандай?

  • автоматың (пулеметтің) керек-жарағын және оның не үшін қолданылатынын айтыңдар.

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау.

Автомат (пулемет) толық жарамды және әрекетке дайын болуы керек. Бұған оны дер кезінде тазалау, майлау және дұрыс сақтау арқылы қол жеткізіледі.



Автоматты (пулеметті) тазалау:

  • атысқа дайындық кезінде;

  • атыс аяқталғаннан соң; (ұңғы қорабы, ұңғы арнасы, газ камерасы, газ поршені, бекітпе жақтау, бекітпе тазартылып, майланады).

  • ұрыстық жағдайда, ұрыс тыншыған кезінде және ұзақ жаттығуларда үзіліс кезінде күн сайын жүргізіледі;

  • егер автомат (пулемет) қолданылмаса тазалау аптасына бір рет жүргізіледі.

Автоматты (пулеметті) тазалау мен майлау бөлім командирінің тікелей басшылығымен жүргізіледі.

Казармада немесе далада автоматты тазалау осы мақсатқа арналған үстелдерде, ал ұрыстық жағдайда - таза төсеніш, тақтай, фанера үстінде жүргізілуі тиіс.

Ату орындарында автоматты (пулеметті) атыс аяқталғаннан соң сұйық қару майымен тазалау офицерлер жетекшілігімен жүргізіледі.

Ату орындарында сұйық қару майымен тазаланған автомат (пулемет) казармаға оралғаннан соң ұңғы тазалау ерітіндісімен (ҰТЕ) қайта тазалануы керек.



Автоматты (пулеметті) тазалау мен майлауға қолданылатын майлар:

- суық қару майы автоматты (пулеметті) тазалау және оның бөлшектері мен механизмдерін +5С-тан +50С-қа дейінгі температурада майлау үшін;

  • қару майы: тазаланған соң +1С-тан +5С-қа дейінгі температурада майлау үшін;

  • ҰТЕ: тазалауға арналған;

  • шүберек немесе КВ-22 қағазы: сүрту мен тазалауға;

  • талшықтан тазартылған кендір: тек қана ұңғы арнасын тазалау үшін;

Автоматты (пулеметті) тазалау төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:

1) Тазалау мен майлау құралдарын дайындау;



  1. Автоматты (пулеметті) бөлшектеу;

  2. Керек жарақтарды тексеріп, оны тазалауға қолдану үшін дайындау;

  3. Ұңғы арнасын тазалау.

Автоматты тазалауды аяқтағаны туралы жауынгер бөлім командиріне баяндайды, содан соң оның рұқсатымен автоматты (пулеметті) майлап, жинауды жүргізеді.

Ұңғы арнасын сұйық қару майымен тазалау үшін сүрткіш ойығына кендір не шүберекті енгізу керек, кендірге (шүберекке) аз ғана сұйық қару майын құйып және оны аздап уқалау керек. Тазалағышты не кендірлі сүмбіні ұңғы арнасына кіргізеді.

Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен сүмбіні ұңғы арнасының бүкіл бойымен бірнеше рет баппен жүргізеді. Сүмбіні суырып алып, сүрткіні ауыстырып, оған мылтық майын сіңіріп, сол ретпен ұңғы арнасын таза, құрғақ сүрткімен мұқият сүртіп, одан кейін таза шүберекпен сүртеді. Шүберекті алып қарайды, егер онда күйенің ізі, тат, немесе ластың ізі болса, ұңғы арнасын шүберек таза болып шыққанға дейін тазалауды жалғастырады. Ұңғы арнасын ауыз жағынан және оқтық жағынан жарыққа мұқият қарайды. Бұл ретте ойықтардың бұрыштарына ерекше назар аударып, оларда күйенің қалмағаны тексеріледі. Осы әдіспен оқтық ұңғы қорабы жағынан тазаланады.

Ұңғы арнасын тазалау ҰТЕ-не батырылған сүрткіш арқылы жүргізіледі; содан соң ұңғы арнасы кендірмен сүртіледі. Бұдан соң ұңғы арнасын құрғақ кендірмен, сосын таза шүберекпен сүртеді.



Автоматты (пулеметті) майлауды былайша жүргізеді:

  1. ұңғы арнасын, оқшантайды, ұңғылық тежеуіш компенсаторды және жалын сөндіргішті тазалағыштың ұшына май сіңірілген шүберек салып майлайды;

  2. автоматтың қалған металл бөліктерінің бәріне май сіңірілген шүберекпен жұқа қабат май жағады. Бұл ретте шамадан артық майлау бөліктерді ластап, атыс кезінде кідіріс туғызуы мүмкін;

  3. майлап болғаннан кейін автомат (пулемет) жиналады, оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысы тексеріледі, оқжатарлар мен керек-жарақтар майланады, содан соң оны бөлімше командиріне көрсетеді.

Жылдың суық мезгілінде автоматты (пулеметті) тек сұйық қару майымен майлау қажет. Келесі майлаудың алдында бұрынғы майды тазалап тастау керек.

Майды кептіру үшін автоматты (пулеметті) толық бөлшектеу керек, сұйық қару майымен барлық металл бөлшектерін жуып, оларды таза шүберекпен сүрту керек.

Ескерту. Ауа райы +5С-тан төмен болған кезде қару майын қолдануға тыйым салынады.

Ұзақ уақыт бойы сақтауға тапсырылатын автоматты (пулеметті) сұйық қару майымен майлап, ингибиттелген, ал сосын парафинделген бір қабат қағазға орау қажет.



Автоматтар (пулеметтер) мен оқсауыттарды сақтау және күтіп ұстау.

Қарудың сақталуы мен күтіп ұсталуына бөлімше командирі жауапты.

Автомат (пулемет) оқтаусыз сақталады, бұл ретте оқжатар ажыратылады, сүңгі-пышақ алынады, шүріппе босатылады, автоматта көздеуіштің қамытшасы «П» бөлігіне, пулеметте «1» бөлінісіне қойылады, пулемет сирақтары жиналып, серіппелі ілгекпен бекітіледі. Автомат (пулемет) оқтау және атыс жүргізу алдында ғана сақтандырғыштан түсіріледі.

Автомат (пулемет) казарма немесе далалық жағдайларда пирамидаларда сақталынады; сол пирамиданың ерекше бір бөлімінде оқжатарлар, оқжатарларға арналған сөмкелер, қынаптағы сүңгі-пышақтар, майлауыштар мен қапшықтар, сондай-ақ жиналмалы дүмді автоматқа арналған пенал сақталынады.

Ғимаратта орналасу жағдайында автоматты (пулеметті) есіктен, пештен және жылытқыш аспаптардан қашық, құрғақ жерде, ал соғыс уақытында - қолда ұстау керек.

Автомат (пулемет) автомобиль мен сауытты транспортерлерде жылжу кезінде тізе арасында тік тұрады, ал танкте қолда болуы керек.

Автоматтарды (пулеметтерді) темір жол немесе су арқылы тасымалдау кезінде арнай пирамидаларда ұстау керек. Пирамидалар жоқ кезінде қолда немесе сөрелерде ұстау керек.

Автоматтың (пулеметтің) ұңғы арнасына су тимеуінен сақтану керек. Егер су тиген болса, онда атыс алдында автоматтың (пулеметтің) жылжымалы бөлшектерін артқа қарай тартып, ұңғы жағын төмен қаратып, бірнеше рет сілку керек; бұл кезде су ұңғы арнасынан ағып кетеді.



Оқсауыттар құрғақ, мүмкіндігінше күн сәулесі түспейтін жерде сақталынуы керек.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • автоматты (пулеметті) тазалау қандай мақсатта, қай уақытта және қандай майлармен жүргізіледі?

  • автоматты (пулеметті) тазалау және майлау реті қандай?

  • бөлімшелердің кзармада және далада орналасуы кезінде автоматты (пулеметті) сақтау жағдайлары туралы айтыңдар.

  • автоматтан (пулеметтен) ату кезінде қандай ақаулықтар болады және оларды ұандай жолдармен жоюға болады?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет