Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ғалымдары. Етістіктің райлары мен шақтары



Дата16.06.2016
өлшемі297 Kb.
#140012
түріСабақ
Сагинтаева Айнагүл Қалелқызы

қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі

№ 3 орта мектеп,

Курчатов қаласы

Шығыс- Қазақстан облысы

Қазақ тілі пәнінен 10 сыныпқа арналған сабақ жоспары



Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ғалымдары. Етістіктің райлары мен шақтары.

Сабақтың мақсаты: Тұңғыш ғалымдар жөнінде алған білімдерін толықтыру, өткен тақырып бойынша әр түрлі әдістер арқылы оқушылардың сөз байлығын, ережені қолдануын тексеру, білімдерін жүйелеп, өз пікірін айта білуге қалыптастыру.
Білімділік: етістік бойынша алған білімдерін нақтылау, етістіктің райларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландыру, етістік туралы білімдерін жүйелеу, жинақтау, талдау жұмыстарын жүргізу.

Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, өзіндік талдау, бағалау ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын, шығармашылық біліктіліктерін арттыру, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.

Тәрбиелік: Белгілі адамдар өмірін өнеге етіп тәрбиелеу, оқушылардың заманға сай қазақ тіліне белсенділік, қызығушылық арттыру, еңбек етуге шақыру, туған жерге, елге деген патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: ғалымдар туралы суреттер, слайдтар, интербелсенді тақта, бағалау парақшасы, семантикалық карта, үлестірмелі кестелер, тірек сызбалар.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: аудиовизуальды, интерактивті әдіс, ИКТ.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  3. Сабақты қорытындылау.

  4. Бекіту. Оқушы білімін бағалау.

  5. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Әр оқушылардың алдында өз өзін тексеретін парақ бар. Әр тапсырманың соңында өзін- өзі бағалайды.

II. «Есіңе түсір» миға шабуыл ойыны

Кестеге түсініктеме:

(Цифлы кестеде жасырынды сұрақтар, бұл сұрақтар тышқанның сілтемесімен ашылады. «Етістік» секторындағы 1-ші сұрақ 10 ұпаймен бағаланады, 2-ші сұрақ- 20 ұпаймен, 3-ші сұрақ- 30 ұпаймен, 4-ші сұрақ- 40 ұпаймен, солай қалған секторлар да «Етіс», «Етістіктің шақтары», «Етістіктің райлары») Бағалау нормалары: «5» деген баға- 70-80, «4» деген баға- 40-60, «3» деген баға- 10-20

«Етістік» секторы



  1. Болымсыз етістік қалай жасалады?

  2. Тұлғасына қарай етістіктің неше түрі бар? Олар қандай етістіктер?

  3. Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?

  4. Тұйық етістік дегеніміз не?

«Етіс» секторы

  1. Қандай жұрнақ екі етіске ортақ?

  2. Көп адамның ісімен орындалатын етістікті қалай атайды?

  3. Қай етістіктің жұрнағы салт етістікті сабақтыға айналдырады?

  4. Тек бір сөзге жалғанатын етіс жұрнағы?

«Шақ» секторы

  1. Етістіктің шақ категориясы қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

  2. Өткен шақтың түрлері.

  3. Келер шақ деген не?

  4. Нақ осы шақтың жасалу жолдары?

«Рай» секторы

  1. Қай кезде шартты рай қалау райға ауысады?

  2. Шартты рай қалай жасалады?

  3. Бұйрық райлы етістік деген не?

  4. Ашық рай деген не?

Бұл тапсырманың орындалуы қорытындысы бағалау параққа енгізіледі.

IIІ.«Білімді де білікті» Оқушылардың назарларын экрандағы дөңгелектерге аудару.



Мына дөңгелектерді ашқанда мәтіндерден үзінділер ұсынған. Үзіндіні оқып, кім туралы айтылғанын табу керек.

Көк түсті дөңгелектегі мәтіннің үзіндісі:

«... Бес томдық таңдамалы еңбектері 1967-1970 жылдары жарық көрді. «Өнегелі өмір» сериясында Мәскеуде ол туралы ғұмырнамасы орысша, кейін қазақша шықты. Ғылыми еңбектерінің көпшілігі минералдық ресурстарды зерттеуге арналған...» (Қаныш Сәтбаев)


Жасыл түсті дөңгелектегі мәтіннің үзіндісі:

«... Ленинградта оқып жүрген кезінде Қазақ Ғылым Академиясының Қазақстан мен Алтайдың өндіргіш күштерін, халқын зерттеуге арналған экспедицияға қатысты. Адайлар мен Наймандардың әдет – ғұрпын, тұрмыс – салты мен өнерін зерттеді...» (Әлкей Марғұлан)


Сары түсті дөңгелектегі мәтіннің үзіндісі:

«...1919 жылы кыркүйекте Т.Рысқұловтың шақыруымен Ташкентке келеді. Түркістан АКСР-інің денсаулық сақтау халық комиссары, Жер халық комиссары, түркістан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы, Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры қызметтерін атқарды». (Жәутіков Орынбек)


Күлгін түсті дөңгелектегі мәтіннің үзіндісі:

«...республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушыларының бірі. Бұл мектеп қазір оның есімімен аталды. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауға және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. 1958 жылы академик алғаш рет қазақ тілінде математикалық талдау туралы оқулық шығарған» (Асфендияров Санжар)


ІV. Ғалымдар туралы мәтіндермен жұмыс. Алдын ала топтарға бөлінуді ойластыру. Оқушылар 5 топқа бөлініп мәтіндермен жұмыс орындайды.

V. Тапсырмалар:



  1. Мәтіннің мазмұнын плакаттарда тірек сызба арқылы ашу. Топтық жұмыстарды тақтада көрсетіп ұсыну.

  2. Тапсырмаларды орындайды (әр топқа үлестірмелі тапсырмалар таратылады):

  • Мәтіннен етістіктерді белгілеңдер.

  • Оларды топтастырып жазыңдар. Не себептен солай топтастырғандарыңды дәлелдеңдер.

  • Семантикалық картамен жұмыс (топтағы оқушылар бұл тапсырманы мәтіндегі кез келген етістіктерді рай категориясына қатысты кестеге толтырады, тапсырма әр оқушымен жекеше орындалады)




Ашық рай

Шартты рай

Қалау рай

Бұйрық рай









































































Оқушының аты-жөні____________________________





Ашық рай

Шартты рай

Қалау рай

Бұйрық рай

«5»

7

4

3

4

«4»

5

3

2

3

«3»

3

2

1

2

«2»

0

1

1

1

Бұл тапсырма жауаптардың жиыны бойынша бағаланады


  • Жазбаша жұмыс:

Көп нүктенің орнына тиісті баяндауыштарды қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар:

Қаныш Имантайұлы ірі мемлекет және қоғам қайраткері … . 2. Оның ерекше қасиеті – студенттік шағынан … өмірінің соңғы күндеріне дейін – қарапайымдылық, кішіпейілділік, адамдарға сергек … , қолынан келмеген көмегін … .

Керекті сөздер: аямау еді, қарау, бастап, болды.


  • Мақал- мәтелдермен жұмыс. Берілген мақал- мәтелдердегі түсіп қалған сөздерді анықта. Экранға назар аударыңдар:

Ел болам _________ бесігіңді түзе.

Бесіктен қабірге дейін білім_________.

Шыбықты ___, иілетін кезде,

Баланы __________, үйренетін кезде.

Жаман дос- көлеңке, басыңды күн шалса,

___________ құтыла алмайсың,

басыңды бұлт ________, іздеп_________ алмайсың.

Атадан ұл_____________ игі,

Ата жолын ___________ игі.

Өзіне келер ұятын,

Өзі біліп___________ игі.
Керекті сөздер:

(1- десең, 2- ізде, 3- и, 4- үйрет, 5- шалса, 6- қашып, 7- шалса, 8- туса, 9- қуса, 10- тұрса)

Бұл сөздерді тұлғасына қарай талдату.
VІ. Сергіту сәті.

VІІ. «Өзіңді- өзің тексер» (тестілеу)



  1. Болымсыз етістікті табыңыз.

    1. Қалам бар(ма)

    2. Бұл- шығар(ма)

    3. Сабақтан қал(ма)

    4. Қызық жарна(ма)

    5. Атым Ал(ма)

  2. Етістіктер құрамына қарай нешеге бөлінеді?

    1. 2

    2. 5

    3. 3

    4. 6

    5. 4

  3. Етістік нені білдіреді?

    1. Заттың атын

    2. Заттың сапасын

    3. Заттың іс-әрекетін

    4. Заттың санын

    5. Заттың көлемін

  4. Етістіктің сұрағын анықтаңыз.

  1. қалай?

  2. Қайтті?

  3. Қайтіп?

  4. Қайда?

  5. Қалайша?

  1. Т уынды етістікті табыңыз

    1. Кел, көр

    2. Ойна, ағар

    3. Бақ, түт

    4. Кел, аудар

    5. Бар, бол

  2. Сабақты етістікті табыңыз.

    1. Тағала

    2. Еркеле

    3. Ашулан

    4. Емдел

    5. жүгір

  3. Ырықсыз етістің жұранғын табыңыз.

    1. ыл, -іл

    2. –ыл, -ыс

    3. –ын, -іс

    4. –лан, -лен

    5. –лан, -л

  4. Есімшенің -ар, -мақ жұрнақтары қай шақтағы іс-әрекетті білдіреді?

    1. Келер шақ

    2. Өткен шақ

    3. Осы шақ

    4. Ауыспалы өткен шақ

    5. Нақ осы шақ

  5. «-ды, -ді, -ты, -ті» жұрнақтары арқылы жасалатын етістіктің шағын табыңыз.

    1. Нақ осы шақ

    2. Жедел өткен шақ

    3. Мақсатты келер шақ

    4. Бұрыңғы өткен шақ

    5. Ауыспалы осы шақ

  6. Болжалды келер шақта тұрған сөйлемді табыңыз.

    1. Мен оны кейінірек айтармын.

    2. Мен ауылға бармақшымын.

    3. Келемін тау ішінде түнделетіп.

    4. Сен ауылға бармаушы ма едің?

    5. Менің арманым көп.

  7. Өткен шақтың түрлерін табыңыз.

    1. Жедел, бұрыңғы, ауыспалы

    2. Нақ, бұрыңғы

    3. Мақсатты, болжалды

    4. Ауыспалы, жедел

    5. Бұрыңғы, нақ, ауыспалы

  8. Қалау райлы етістікті белгілеңіз.

    1. Ол шаршап отыр.

    2. Бармасам, не болады?

    3. Оның ертерек қайтқысы келген.

    4. Сіз жоғары шығып, тынығыңыз.

    5. Сізбен әдейі амандасайын деп келдім.

  9. Бұйрық райдың 3 жағын табыңыз.

    1. Жабыңдар

    2. Келіңіздер

    3. Үйренгісі келеді

    4. Кетпесін

    5. Санатты

  10. Талап ету мағынасын білдіретін рай қайсысы?

    1. Шартты рай

    2. Алау рай

    3. Ашық рай

    4. Ешбірі

    5. Бұйрық рай

  11. Пысықтауыш қызметіндегі етістікті табыңыз.

    1. Алса игі еді.

    2. Ол ерте тұрды.

    3. Біз әрең таптық.

    4. Мұрат антыға қарады.

    5. Оқу- білім бұлағы.

  12. Адамның тілек- қалауын білдіретін сөзді табыңыз.

    1. Толқыса

    2. Оқысаңыз

    3. Алса игі еді

    4. Айтсаңшы

    5. Көрген

  13. Тұрлаулы мүшелері етістіктен болған сөйлемді табыңыз.

    1. Білім- өнер шырағы.

    2. Өнер- өмір өрнегі.

    3. Алған адам қайтарып берер.

    4. Берген мықты ма, алған мықты ма?

    5. Армандағаным- оқу.

  14. Қалау райдың жасалу жолын анықтаңыз.

    1. –са, -се, -шы, -ші

    2. –ңыз, -айық, -сын

    3. ғы, -гі, -қы, -кі

    4. –у, -а, -е, -й

    5. –ған, -екен, -ар еді

  15. «-айын, -йін» ненің қосымшасы?

    1. Қалау рай

    2. Шартты рай

    3. Ашық рай

    4. Бұйрық рай

    5. Тұйық етістік

  16. Бұйрық райдың 1 жағының көпше түрін табыңыз.

    1. Оқы

    2. Жетсін

    3. Оқысын

    4. Оқылық

    5. Оқиын

Тексеру кестесі

күні

Оқушының аты-жөні________________________________ сынып _____________

сұрақтар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

жауаптар





























































Дұрыс жауаптар саны_______________________ алған бағасы__________________

(Кесте бойынша оқушылар өздерін- өздері тексереді, қызыл сыямен түзетеді, ұпайларын санап бағалайды)

VІІІ. Сабақты бекіту. Бағалау.

Сонымен, балалар, етістік туралы алған білімізді жинақтайық.

Қандай ғалымдар туралы сабақта айттық? Нені білдік?

Тақтадағы бағалау кестесі бойынша әр оқушының бағасын айқындау

Оқушылардың аты- жөні

Томирис

Надя

Дима

Данияр

Әмина

өз міндеттерін орындайды, міндеттерді басқаларға тағайындауға қатысады

+

+

+

+

+

Өз идеяларын қолданады

+

+

+

+

+

Топта белсенділік танытады (идеяларды, ақпараттарды талдайды, дамытады, қорытындылайды)

+

-

-

+

+

Топтағы мүшелерге көмек көрсетеді
















Мұқият тыңдайды, сұрақтарды қояды
















Мәселелерді сыпайы түрде талдайды
















Топта берілгентапсырманы мұқият іске асырады
















ІХ. Сабақтың мониторингісін шығару.

Х. Сабақты аяқтау.

ІV тапсырмаға мәтіндер:

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.

Академик Қаныш Имантайұлының өмірі, қызметі, ғылыми еңбектері туралы біраз кітаптар бар. Бес томдық таңдамалы еңбектері 1967-1970 жылдары жарық көрді. «Өнегелі өмір» сериясында Мәскеуде «Сәтбаев» ғұмырнамасы орысша, кейін қазақша шықты. Ғылыми еңбектерінің көпшілігі минералдық ресурстарды зерттеуге арналған.

Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын. Түрлі қиыншылықтарға ешқашан мұңаюды білмейтін. Үнемі жылы жүзді, жан дүниесі кең, дарынды. Ірі ғалым соғыстың ауыртпалығына дұшар болып, Қазақстанға келген көптеген мамандар мен ғалымдарға рухани және материалдық көмек көрсеткен.

Қ.И.Сәтбаев құрметіне Жоңғар Алатауы жотасындағы мұздық пен шың аталған. «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолус гүлі, кіші планеталардың бірі, Жезқазған облысында қала аталған. (96 сөз)

(Диктанттар жинағы 10-11 сынып. Қостанай 2004 8-бет.)

Әлкей Хақанұлы Марғұлан.

Әлкей Хаканұлы Марғұлан – белгілі қазақ ғалымы. Марғұлан Ленинградта оқып жүрген кезінде Қазақ Ғылым Академиясының Қазақстан мен Алтайдың өндіргіш күштерін, халқын зерттеуге арналған экспедицияға қатысты. Адайлар мен Наймандардың әдет – ғұрпын, тұрмыс – салты мен өнерін зерттеді.

1945 жылы «Хандар тарихының тарихи – әлеуметтік мәні» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.Бұл көне қыпшақ зерттеудегі құнды еңбек.Марғұлан 1943 жылдан Оңтүстік Қазақстандағы көне қалалар Отырар, Сауран, Сығанақ орындарында қазба жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихынан» деген еңбек жазды.

Марғұлан тарих, археология, әдебиет, өнер тарихынан 300-ден астам ғылыми – зерттеу жұмысының, 100 – ден астам энциклопедиядық мақалалардың авторы.

Әлкей Марғұлан Шоқан Уәлиханов жазып алған «Манас» жырының бөлігін қазақ тілінде жариялады. Сонымен қатар 1971 жылы «Шоқан мен Манас» атты монографиялық еңбегін жазды.
Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы.

Орынбек Жәутіков Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген. Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математикаға, математика тарихы мен оның әдістемесіне арналған.

О.Жәутіков- республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушыларының бірі. Бұл мектеп қазір Орынбек Жәутіковтің есімімен аталды. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауға және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. 1958 жылы академик О.Жәутіков алғаш рет қазақ тілінде математикалық талдау туралы оқулық шығарған. Ол- 20—ден астам ғылыми еңбектердің, ғылыми-танымдық кітаптардың, әдістемелік жұмыстардың, көптеген оқулықтардың авторы.

Орынбек Жәутіков Алматы қаласында оқушылардың «Кіші ғылымдар академиясын» ұйымдастырып, көп жылдар бойы академияның «Құрметті президенті» болды.


Асфендияров Санжар Жафарұлы.

Санжар Асфендияров Санкт- Петербург әскери медициналық академиясын бітірген. 1914- 1915 жылдары Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

1919 жылы кыркүйекте Т.Рысқұловтың шақыруымен Ташкентке келеді. Түркістан АКСР-інің денсаулық сақтау халық комиссары, Жер халық комиссары, түркістан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы, Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры қызметтерін атқарды.

С.Асфендияров 1931-1933 жылдары Қазақ АКСР-і денсаулық сақтау халық комиссары, Алматы мемлекеттік медицина институтының ұйымдастырушысы және тұңғыщ ректоры болды. Ғалым жұқпалы аурулармен күрес, олардың алдын алуға, сондай-ақ халыққа ақысыз көмек көрсету жұмыстарына көп еңбек сіңірген.

С.Асфендияров Қазақстан тарихын зерттеген. Оның «Қазақстанның ерте дүние тарихы», «Қазақстанның өткен кезеңі», «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық күрес» атты монографиялары бар. Ол, орыс ағылшын, француз, араб тілдерін жақсы меңгерген.

Санжар Жафарұлы жалған жаламен ату жазасына кесілген саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Ғалым ғылым, қоғамның дамуына көп еңбек сіңірген. Ғылым, білім мен денсаулық смақтау салаларына сіңірген еңбегі үшін 1989 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына С.Асфендияровтың аты берілді.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Ибрагимов Қ. Қазақ тілі: учебник- тест для подготовки к ЕНТ. Алматы: Шың- кітап, 2013- 128- 135б.

  2. Қазақ тілі. Учебник для 10 класса естественно-математического направления общеобразовательных школ с русским языком обучения. 3-е изданное, переработанное, дополненное. Адамбаева Ж., Оразбаева Ф., Рауандина А., Оналбаева К. Алматы: Мектеп баспасы, 2014- 184 б.

  3. Қазақ тілі. Дидактические материалы. Оразбаева Ф., Рауандина А. Учебное пособие для 10 класса естественно-математического направления общеобразовательных школ с русским языком обучения. – 3-е изданное, переработанное – Алматы: Мектеп баспасы, 2014.- 136с.

  4. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. Республикалық- ғылыми педагогикалық басылым. № 5, 2009.1-144. Алматы- 47 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет