Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет36/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

Сын есімдердің жасалуы
Сын есімдер де басқа сөз таптары сияқты үш тәсіл арқылы жасалады.
1. Семантикалық (морфологиялық-синтаксистік) тәсіл бойынша туыатын сын есімдер белгілі бір синтаксистік формадағы сөздің семантикалық жағынан бірте-бірте дами отырып біржолата одъективтену (одъектив лат. «қосу», «үстемелеу») арқылы жасалады. Одъективация- басқа сөз таптарының сын есімге айналуы. Мысалы: басқа, өзге, шалажансар, қашаған, сүзеген, береген, жатаған, алаған, кішіпейіл т.б.
2. Синтаксистік (аналитикалық) тәсіл. Бұл тәсіл бойынша туатын сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: ісіңкі, түйінді, оңғыш, тапқыр, желді, түнгі, сөзшең т.б. Жоғарыдағы үш тәсілдің ең негізгісі –морфологиялық тәсіл.
Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар
Сын есім тудырушы жұрнақтар қазіргі сөз тудыру мүмкіндігіне қарай өнімді, өнімсіз болып екіге бөлінеді. Бұл жұрнақтар көбіне есім сөздерден және етістіктен сын есім жасайды. Осымен байланысты сын есім тудырушы жұрнақтар екіге бөлінеді.
1. Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтар.
2. Етістік түбірден сын есім тудыратын жұрнақтар.
1. Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтар:
1. –лы//-лі, -ды//-ді, -ты//-ті. Дала-лы, ине-лі, шаң-ды жол, тас-ты.
2. –лық//-лік, -дық//-дік, -тық//-тік. Аграр-лық мәселе, ауыл-дық кеңес т.б. Бұл жұрнақ зат есім де жасайды. Бала-лық, жас-тық, ай-лық т.б.
3. –қы//-кі, -ғы//-гі. Арт-қы, сырт-қы, түс-кі, кеш-кі, ауыз-ғы, төр-гі т.б.
4. –сыз//-сіз. Ақыл-сыз, орын-сық, үй-сіз, үн-сіз, мең-сіз, ешкім-сіз т.б.
5. –дай//-дей, -тай//-тей. Жүздей, ми-дай, тау-дай, үй-дей т.б. Бұл қосымша кейде үстеу қызметінде де қолданылады.
6. –шыл//-шіл. Ұйқы-шыл, күлкі-шіл, тер-шіл, өзім-шіл т.б.
7. –шаң//-шең қосымшасының қызметі –шыл жұрнағымен сыбайлас синонимдес сын есімдер жасайды. Сөз-шең, кір-шең, бой-шаң т.б.
8. –лас//-лес, -дас//-дес, -тас//-тес, -с. (Құранды ла-с) құрбы-лас, колхоз-дас, дәм-дес, пікір-лес, ел-дес, қалам-дас.
9. –й, -паз, -қор, -қой. Әскери, өнерпаз, құмарпаз, кәсіпқой, әзілқой, сәнқой, даңқой, пәлеқор, қамқор, арызқой, есепқой, шаруақор, жемқор, мансапқор, жалақор, ызақор т.б.
10. –ы//і. Бұхары кілем, қазақы ат, қалмақы ер, арабы жылқы, алтайы түлкі, базары мал, түркімені ер, арамы адам, қытайы шай, түркі тіл, тағы жануар т.б.
Осы жұрнақ арқылы жасалған есімдердің кейбіреуі түбір мен жұрнақтың арасы ажыратылмайтындай болып заттанып, бір нәрсінің атауы ғана болып қалған. Мәселен, тағы (тау), шыны (шын), былғары (былғар) т.б.
11. –ыл//іл, -л, -ал//ел. Бұл жұрнақ тек бірен-сарандаған түбірлерге қосылып, сындық ұғымды білдіретін негіздер ретінде көнеленіп қалған. Мысалы: батыл, жеңіл, қызыл, жасыл.
12. –дар//дер, -тар//тер. Діндар, қарыздар, хабардар, борыштар, айыптар. Бұлар сындық ұғымның атаулары.
13. –нікі, -дікі, -тікі. Иелікті білдіретін қатыстық сын есім жасайды. (А.Ысқақов. «Қазіргі қазақ тілі», 1964, 250-251-беттер)
2. Етістік түбірден сын есім тудыратын жұрнақтар.
1. –ы//і. Жоғарыдағы қосымшамен формалас болғанымен қызметі мен шығу төркіні жағынан бөлек. Көне түркі –ығ//іг. Өлі жүн, толы шәйнек, жіті көзқарас, тірі жан т.б.
2. –ыңқы//іңкі, -ңқы//ңкі. Қатыңқы, шығыңқы, басыңқы, бағыныңқы, салбыраңқы, көтеріңкі, түсіңкі т.б.
3. –ынды//інді, -нды//нді және –ымды//імді, -мды//мді. Асыранды, туынды, жасанды, жаттанды, жыртынды, келісімді, шыдамды, ұстамды, қонымды, тартымды т.б.
4. –малы//мелі, -балы//белі, -палы//пелі. Серіппелі, құбылмалы, жылжымалы, бүрмелі, салыстырмалы, жаппалы т.б.
5. –қыш//кіш, -ғыш//гіш. Атқыш, ұшқыш, жабысқыш, тапқыш, білгіш, жүргіш, сенгіш т.б.
6. –шақ//шек. Аяншақ, жасқаншақ, тартыншақ, ұрыншақ т.б.
7. –лы//лі. Ашулы, жамаулы, жаюлы, тартулы, жиюлы т.б.
8. –ма//ме, -ба//бе, -па//пе. Қынама бел, сырма, қаратпа, аспақ т.б.
9. –ыс//іс, -с. Мұндай сын ес-ң саны тіпті аз. Жалғас үйі, ұқсас нәрсе, келіс сөз т.б.
10. –қақ//кек, -ғақ//гек, -ық//ік. Қоңқақ, тырысқақ, тайғақ, сергек, тұнық, арық, түрік, ерін, жабысқақ т.б.
11. –қыр//ғыр, -кір//гір. Тапқыр, ұшқыр, алғыр, үшкір т.б.
12. –дақ//дек, -тақ//тек. Саңдақ, жүрдек ат, жалтақ, жеңілтек т.б.
13. –ымды//імді, -мды//мді. Орамды, үйлесімді, ұстамды, жағымды, ұтымды, қонымды, жарасымды, ұнамды т.б.
14. –мыс//мыш. Жасамыс, алдамыш, айтылмыш, жазылмыш.
15. –қы//ғы, -кі//гі. Бұралқы, оралқы, жинақы, күлдіргі т.б.
16. –у. Жарау, тоқау, жабырқау, жүдеу, түзу, таяу т.б.
17. –аған//еген. Тебеген, көреген, қошаған, жатаған, сүзеген т.б.
18. –қылықты//ғылықты, кілікті//гілікті. Жеткілікті, тұрғылықты, жергілікті, тыңғылықты т.б.
19. –ымсақ//імсек, -мсақ//мсек. Сұрамсақ, алымсақ, келімсек, берімсек, алімсек, тілемсек т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет