Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет61/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

Үстеу туралы жалпы түсінік
Заттың қимылы мен сынының әр алуан белгілерін білдіретін, мағыналары дерексізденіп (абстракцияланып) жалпылау негізінде өздірінің түпкі нақтылығынан арылған, өзі формалас (тұлғалас) басқа сөз таптарын омонимдес болып келетін сөз табын үстеу дейміз.1.Күлкісі жадыраған жаздай еді (сын есім). 2. Жаздай жауын көп болғандықтан, тау да, тас та жап-жасыл еді-, деген сөйлемдердегі жаздай сөзі тұлға жағынан бірдей болғанымен, мағына жағынан бақса-басқа сөз таптары. 3. Адамға аса қымбат балалық шақ, Ойға кіріп шықпайтын сор менен бақ. 4. Кілең семіз сәйгүлік. Кідірмейді елең ғып. Мұндағы аса, кілең сөздері –заттың сынының әр алуан белгілерін білдіретін –үстеулер. 5. Оқты жаңбырша жаудырды. 6. Қуаныш, қайғы бірден қысқан Камалдың көзі бұлаудай. 7.Әбубәкір оны жүр-жүрлеп сүйрей бастады.
Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер әр түрлі сөз таптарынан құралып, өз алдына жеке сөз табы болып қалыптасқан. Қимылдың белгілері пысықтауыш мүше ретінде қолданылатын басқа есім сөздермен етістік тұлғалары арқылы да білдіріледі. Алайда белгілі бір орында ғана пысықтауыш болатын ондай есімдер мен етістік тұлғалары өздерінің бастапқы қасиетін жоймайды. Сондықтан пысықтауыш мүше болған сөздердің бәрі бірдей үстеу бола бермейді. 1. Міне, белестен бір топ салт атты асты. 2. Дәмеш пен Қайыр Темірлі таудың арғы жақ етегінде, көл жиегінде тұр. 3. Екеуінің сөзіне Мейрам жымиып күле берді. Не қимылдың, не сынның белгілерін білдіруіне қарай тіл білімінде үстеулерді анықтауыш үстеулер деп екі топқа бөліп қарау да ұшырасады. Егер үстеулер етістікке байланысты қимылдың іс әрекеттің белгілерін білдіретін болса, (тез, әрең, бүгін, кеше, амалсыздан, бірден) пысықтауыш үстеулер болып саналады да, егер әр түрлі заттың сынын, белгісін білдіретін болса (орасан, аса, тіпті, кілең, сонша т.б.) анықтауыш үстеулер қатарына жатады. Бұларға (анықтауыш үстеулерге) мөлшерлік, күшейту, топтау үстеулері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет