Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалары. Мақсаты: Қазақстан қалаларының тарихымен таныстыру, білімдерін кеңейту



Дата03.07.2016
өлшемі73.46 Kb.
#174828
түріСабақ
Қасымбекова Мақпал,

«№4 Абай атындағы мектеп-гимназиясы»коммуналдық мемлекеттік

мекемесі тарих пәні мұғалімі

ОҚО, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалары.
Мақсаты: Қазақстан қалаларының тарихымен таныстыру, білімдерін

кеңейту.

Дамытушылық: Жаңа сабақ материалдарын оқып үйренуге оқушылардың

өздерін белсенді қатыстыра отырып, олардың ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке баули отырып, отансүйгіш,

рухы жоғары азамат етіп тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі: Тестпен жумыс, суретпен жұмыс, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Қалалар суреті, үлестірмелі сұрақтар, карта.
Пәнаралық байланыс: География, өнер, адам және қоғам.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Жана сабақ

4. Баяндама оқу

5.Математикалық қобдиша оиыны.

6. Аквариум ойыны.

7. Уйге тапсырма.


  1. Окушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа әзірліктерін тексеріп,кірістіру.

2. Үй тапсырмасын сұрау: Қазақстан халқы.


І. Сұрактар мен тапсырмалар.


  1. « Этнос» деген сөзге түсінік бер.

Ж/ы: Белгілі бір аумақта тұратын, тілі мен діні ,шығу тегі ортақ ұлт.


  1. Жер бетінде қанша әтнос бар?

Ж/ы: 3000


  1. Қазақстан халқының өсуіне кері әсерін тигізген, қандай тарихи оқиғаларды білесің?




  1. Қазақстанда ұлт және мемлекет құрушы этнос бар ма?

5. Қазақстан қалай көп этносты мемлекеттке айналғандығы жөнінде мәтіннен тауып оқып бер.



  1. Мемлекеттік тіл дегенді қалай түсінесің?




  1. Тың игеру жылдарында Қазақстанға қанша ұлт өкілдері көшіп келген?

Ж/ы: 2 млн.


  1. Соғыс кезінде жалпы қанша ұлт өкілдері Қазақстанға көшіп келді.

Ж/ы: 2.5 млн.

ІІ. Математикалық қобдиша ( ойыны ).


Тапсырма: Математикалық есепті шығарда, шыққан санда қандай оқиға болғанын айт.
1. 2000 + 1000 = 3. 1940 + 14 =
2. 1900 + 40 = 4. 1900 + 37 =

--

1942 – 1 =


Жауаптар:


  1. 3000 – жер бетінде 3000 этнос бар.

  2. 1940 – 1941 – шекарадан 105000 поляк қазақстанға күшпен жер аударылды.

  3. 1954 – тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны жүргізілді.

  4. 1937 – екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында Қиыр Шығыстан 96000 кәріс отбасымен көшіріліп әкелінді.

Қосымша сұрақтармен жұмыс:




  1. Картамен жұмыс.(14 облыстағы қалалар бойынша кім жылдам ойыны.)

А) Қызылорда, Шымкент – Оңтүстік Қазақстан

Ә) Алматы, Талдықорған – Оңтүстік Шығыс Қазақстан

Б) Өскемен, Семей – Шығыс Қазақстан

В) Павлодар, Петропавл – Солтүстік Қазақстан

Г) Астана, Қарағанды – Орталық Қазақстан

Ғ) Қостанай, Ақтөбе – Солтүстік Қазақстан

Д) Орал, Атырау, Ақтау – Батыс Қазақстан

ІІІ. Жаңа сабақ: Қазақстан қалалары.


  1. Жоспар:

а)Түркістан, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Шымкент – қалаларының тарихы.
Түркістан – Қазақ жеріндегі ең көне қалаларының бірі оның тарихы ең кемі 2000 жыл, мүмкін оданда бұрын пайда болған. Себебі қала өте қолайлы жерде орналасқан табиғаты тамаша, маңайы таулар мен өзендер, жері құнарлы. Сонымен қатар Түркістан-төрт жолдын торабы, ол Батыс пен Шығыс, Оңтүстік пен Солтүстіктен келген керуен жолдарының түйісетін жері.

Ең бастысы, Түркістан-түркі халықтырының саяси және рухани орталығы. Бұл жерді түрік елінің билеушілері ежелден мекен еткен. Түркістанда қазақ жеріне сопылықты таратқан Қожа Ахмен Йасауидің әдемі күмбезі бар. Ол жерге қазақтар ертеде өзінің ұлы адамдарын жерлеген (пантеон). Түркістанда 1771жылы атақты Абылай ханды үш жүздің билеушісі ретінде ақ киізге көтеріп хан сайлаған. Қазір Түркістан - Қазақстанның гүлденген, тарихи ескерткіштері көп, саудасы дамыған қалаларының бірі.

Ақтау - 1964 жылдан Шевченко аталып келген,1992 жылдан Ақтау болып өзгертілді. Маңғыстау облысының орталығы болып есептелінеді.Каспий теңізінің жағасында орналасқан портты қала. Қаланың іргесі 1959 жылы қаланған. Мұнда мұнай мен газ игеріледі.

Ақтөбе - іргетасы 1869 жылы Ресей бекінісі ретінде қаланған. 1891 жылы қала мәртебесіне ие болған. Ақтөбе облысының орталағы. Оның бойымен Елек өзені ағып отеді.

Алматы - тарихи қала. Ол ІХ-ХІІ ғасарларда көне түркі қағанаттары заманында сауда-саттығы, өнеркәсібі өркендеген қала болған. Оның сол кездегі аты-Алмалық (Алмату). 1854 жылы Ресей әскери бекінісі ретінде қайта құрылып. 1921 жылға дейін Верный деп аталып келген. 1921-1993 жылдары орысша Алма-Ата деп аталып келді.1993 жылы өз тарихи атауы Алматы атына ие болды.

Атырыу - облыс орталағы. Ерте кезде мұнда Үйшік деп аталатын балықшы қыстағы болған. Қаланың іргесі 1640 жылы қаланған. Ресей әкімшілігінің шешімімен Гурьев деген көпестің қаржысына 1662 жылы салынған. Қала 1992 жылғы дейін соның атымен аталып келеді. 1992 жылдан Атырау қаласы аталатын болды. Атарау қаласынан 40 шақырым жерде Алтын Орданың саяси орталығы ежелгі Сарайшық қаласы орналасқан. Ол қалада кезінде қазақ хандығының басшылары Жәнібек, Бұрындық, Қасым билік жүргізді. Бұл жерде бертінге дейін Қасым ханның күнбезі тұрды. Қала орнында қазір археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.

Қарағанды - 1934 жылы негізі қаланған. 1936жылдан облыс орталығы. Қарағанды аталу себебі- «қарағаны қалың өскен жер» мағынасынан шыққан. Қарағанды-көмір кеніне бай жер. Кеңес заманында Қарағанды саяси тұтқындар қамалатын үлкен лагерьге айналдырылды.

Қостанай – іргесі 1897 жылы қаланған қала, облыс орталығы. 1893 жылға дейін Николаевка аталған. Қостанай атаулының шығуын кейбір зерттеушілер Қостан деген батырдың атымен байланыстырса, кейбіреулері Қостанай «қос өзен» деген мағынаны білдіреді дейді. Себебі сол жерде Тобыл және Обаған өзендері қатар ағады.

Қызылорда - Сырдарья өзені бойында орналасқан облыс орталағы. Ол 1853 жылға дейін Ақмешіт, ал 1853-1922 жылдар аралығында Перовск, 1922-1925 жылдары қайтадан Ақмешіт деп аталған. 1925 жылы Қызылорда болып өзгерді.

Семей - 1718 жылы Ресей бекінісі ретінде тұрғызды, 1718 жылдан қала. Семей аталы-орыстын «семь палат» сөзінен шыққан. Ол жерде, Ертіс жағалаунда ерте заманда қймақтардың қонысы болған. Одан кейін ХҮІІ ғасырдың басында қалмақтар жеті үй пұтхана (дінге табынатын орын) салған. Қазақтар оны өздерінің тіліне бейімдеп, Семей деп атап кеткен.

Шымкент – Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. ХІІ ғасырдан белгілі ортағасырлық қала. Шымкент атауы «көк майсалы, бау – бақшалы, шым мен қоршалған бекіністі қала» деген мағынаны білдіреді.

ІҮ. Шатастырма ойыны.





т

ү

р

і

к

м

е

н

с

т

а

н

қ

ы

р

ғ

ы

з

с

т

а

н




ө

з

б

е

к

с

т

а

н




р

е

с

е

й




қ

ы

т

а

й

Ү. Оқушылардың түсінігін тексеру:




  1. Қазақстанның ірі қала орталықтарын ата?

  2. Картадан Қазақстанның 14 облыс орталықтарын тауып көрсет?

  3. Түркі халықтарының рухани және саяси орталығы болып қай қала саналады?

  4. Қазақстанның бұрынғы астаналарын болған уақытына қарай ретімен жаз?

ҮІ. Үйге тапсырма:




  1. Қазақстан қалаларын оқу.

  2. Өзіңнің туған қалаң, ауылың туралы шағын әңгіме құрастыр.




  1. Қазақстан тарихы нешеге бөлінеді?




  1. Тарих сөзі қандай мағынаны білдіреді?




  1. Тарихтың атасы кім және неліктен олай атады?




  1. Тарихи деректер нешеге бөлінеді?




  1. Нумизматика нені зерттейді?




  1. Антрапология дегеніз нені зерттейді?




  1. Гомердің «Иллияда» поэмасы бойынша қай қаланың орны табылды?




  1. А. Байтұрсынов қай алфавитті жетілдірді?




  1. Анамистика дегеніміз не?




  1. Жыл санауды алғаш кімдер ойлап тапты?




  1. Хижра дегеніміз не?




  1. Топонимика нені зерттейді?


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет