Сабақтың тақырыбы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


Мәтіндерді оқып, абзац түрлерін анықта



бет2/2
Дата06.04.2023
өлшемі127.68 Kb.
#471801
түріСабақ
1   2
7,11

Мәтіндерді оқып, абзац түрлерін анықта.
1. Омардың отбасында төрт адам бар. Әйелі Гүлназ мектепте жұмыс істейді. Үлкен ұлы Қайрат оныншы сыныпта оқиды. Кіші ұлы Мәди төрт жаста. Ол балабақшаға барады. Олар жексенбі күні хайуанаттар бағына барды. Хайуанаттар бағында құстар көп екен. Хайуанаттар бағы Мәдиге қатты ұнады. Ал Омардың өзі болса, зауытта бас инженер болып жұмыс жасайды. Шағын отбасы болғанына қарамастан, Омар ұлдары мен әйелін өте жақсы көреді.

2. Психологтар баланың салған суреті арқылы оның ішкі күйін білуге болады дейді. Мысалы, фантастикалық айуанды суретке салса, жанжалға жақын тұратын бала, ол айуанға мүйіз, тырнақ, сорайған тіс салады, ал жалқау бала жұмысқа керекті қолын салуды ұмытып кетеді. Литваның бір психологы отбасы мүшелерінің қарым-қатынасын білдіру үшін балалардың суретін пайдаланған. Егерде салынған суретте отбасы мүшелері қатар-қатар тұрса, бұл бірлікті пайымдайды. Егерде олар бір-бірінен алшақ тұрса, әрқайсының өз бетімен жүретінін аңғартады. Бір сөзбен айтқанда, бала суреті – оның ішкі жан дүниесі.



3. Мен гүл өсіргенді жақсы көремін. Бала кезден гүл өсіруге деген қызығушылығым болды. Осы қызығушылық әлі күнге дейін жалғасып келеді. Қазір мен 170-ке жуық бөлме гүлдерінің түрін өсіремін. Әр гүлдің күтіміне ерекше мән беремін. Менің өмірімде сүйікті ісім өте маңызды рөл атқарады. Себебі жаның жайланып, ғажап күйге бөленесің. Гүлді күту, өсіру, гүлдердің өскенін байқау өте қызық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет