Сабақтың тақырыбы. Қазақстанның климат қалыптастырушы факторлары. Сабақтың мақсаттары



Дата30.06.2016
өлшемі51.95 Kb.
#168662
Сабақтың тақырыбы. Қазақстанның климат қалыптастырушы факторлары.
Сабақтың мақсаттары: Оқушыларға Қазақстан климатының ерекшеліктерін түсіндіру.Климат құрушы факторлар туралы білімдерін жүйелеу. Күн радиациясы, атмосфераның алмасуы, ауаның қысымы және желдер Қазақстан аумағындағы атмосфералық жауын-шашынның таралуы және ауа температурасының таралуы туралы білімді түсіндіру.

-тәрбиелік: Климаттың адам өміріндегі маңызын білуге және бағалай білуге тәрбиелеу.

-дамытушылық: Қажетті кескін карталармен (Қазақстанның физикалық картасы,атлас,) жұмыс жүргізуге дағдыландыру.

Қажетті оқыту құралдары: Қазақстанның физикалық картасы, атлас

Негізгі ұғымдар: Климат. Климат қалыптастырушы факторлар:географиялық ендік, ауа массалары,климатқа мұхиттар мен ағыстардың,жер бедері мен биіктіктің әсері.

Оқыту әдістері: Қазақстан Еуразия құрлығының ортасында орналасуымен климатында өзіндік ерекшеліктерінің болуын түсіндіру. Климат құрушы факторлар туралы білімдерін жүйелеуде бұрынғы сыныптарда өткен климатологиялық ұғымдарын естеріне түсіріп әңгімелесу.


Сабақтың мазмұны мен барысы:
Климат ұғымын 6-7 сыныптарда өтілгендіктен сынып оқушыларына: Климат деген не? Деген сүрақ қойылады. (Климат дегеніміз жыл сайын қайталанып келіп отыратын ауа-райының жайы.)

-2 сұрақ Климаттың қалыптасуына географиялық ендік пен жер бедерінің рөлі қандай?

-3 сұрақҚазақстан аумағының мұхиттан алыс орналасуы оның климатына қалай әсер етеді?(географиялық ендік дегеніміз кез келген нүктенің экватордан қашықтығы олай болса Қазақстан өзі орналасқан географиялық ендігі бойынша климаты ылғалды субтропиктік Жерорта теңізі елдеріне және қоңыржай континентті орталық Еуропаға сәйкес келеді.Бірақ еліміз орасан зор Еуразия құрлығының ортасында орналасқандықтан климатының шұғыл континенттігімен ерекше.Өйткені Дүниежүзілік мұхиттардан мыңдаған километр қашық жатқандықтан олардың климат жұмсартарлық әсері аз.

Сондықтан қоңыржай белдеудің оңтүстігінде жатыр,сондықтан жылдың төрт мезгілі(жаз,күз,қыс,көктем) айқын білінеді.Қыста Сібірдің қатты суығы келеді.Жазда Орта Азияның жылы,тіпті ыстық ауасының әсері жақсы байқалады.

Климат қалыптастырушы факторлар дегеніміз не?

Климаттың пайда болуы оның себептеріне байланысты.Оларды климат қ ұ р у ш ы ф а к

т о р л а р деп атайды.Қазақстанның климаты үш фактормен анықталады:

-1. Күн радиациясы

-2.Атмосфераның алмасуы

-3 Жердің төсеніш беті.

Енді Радиация деген не?Радиацияның қандай түрлері бар,Қазақстан аумағына қанша көлемде күннен радиация түседі? Деген сұрақтарға жауап берейік.

Күн радиациясы Күннен шығатын сәулелі энергия.Белгілі бір уақытта 1 см жер бетіне түсетін күн радиациясы Дж/м мен есептеледі.Күн радиациясының Жер бетіне түсу мөлшері географиялық ендікке байланысты өзгеріп отырады.Неғұрлым оңтүстікке орналасқан сайын күн сәулесі тік бұрышпен түседі де,атмосфераны қысқа жолмен кесіп өтеді,жылуды да соғұрлым көп береді.Солтүстікке барған сайын күн сәулесінің түсу бұрышы азайып,атмосфераны ұзаз жолмен,көлбеу бұрышпен кесіп өтеді.сол себепті жылуды да аз алады.

Радиация дегеніміз-Жер бетіне түсетін күн сәулесінің 20 пайызын атмосфера кері шағылыстырад.Қалған бөлігі жер бетіне жетеді,яғни жер бетіне тура түскен күн сәулесін т у р а к ү н р а д и а ц и я с ы деп атайды.

-Күн сәулесінің біраз бөлігін атмосферадағы су булары,мұз түйіршіктері,шаң-тозаңдар,бұлттар өздеріне сіңіріп және шашыратып таратады.Мұндай жағдайда Жер бетіне ш а ш ы р а н д ы радиация жетеді.

-Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның қосындысын ж и ы н т ы қ радиация деп атаймыз.

-Жиынтық радиацияның біраз бөлігі жерге топырақ,су,қар жамылғысы арқылысіңіп жылынады,оны ж ұ т ы л ғ а н радиация деп атайды. Ал біраз бөлігін жер беті кері шағылыстырады, оны ш а ғ ы л ы с қ а н радиация дейміз.Күн радиациясының жер бетіне жетуі географиялық ендікке ғана емес,атмосфераның мөлдірлігіне және күн сәулесінің түсу ұзақтығына да байланысты.Күн сәулесінің түсу ұзақтығыҚазақстанда өте үлкенМысалы,солтүстікте Қостанайда күн сәулесінің түсу ұзақтығы орта есеппен 2132 сағат.

Атмосфераның алмасуы деген не? Ауа массалары деген не? Деген сұрақтарға жауап іздейік. Атмосфера әрқашан қозғалыста болады. Атмосфераның төменгі бөлігі тропосферада ауа ағындары пайда болады.Олардың өзіне тән температурасы,ылғалдылығы,мөлдірлігі болады.Қазақстан және басқа аумақтарда жүретін атмосфералық алмасудың басты ерекшеліктері ғаламшарлық алмасудың әсеріне байланысты.Мысалы,солтүстік жарты шардың үстігіндегі ауаның зоналық алмасу ағындары мұхиттық ауа массаларын батыстан-шығысқа қарай қозғап,2-2,5 тәулікте біраз өзгеріске ұшырай,Қазақстанға жетеді.Осы кезде,яғни зоналық алмасу жүргенде,республика Еуразияның орталығында орналасқанына қарамастан,климаттың континенттігі азаяды. Сөйтіп,Қазақстанның жер бетіндегі атмосфералық алмасуы-жалпы алмасудың бір тармағы болып табылады.
Ауа массалары.
Республика аумағынанегізінен ауа массаларының үш типі әсерін тигізеді:

1.Арктикалық ауа массасы.Солтүстік Мұзды мұхит үстінде және оның жағалық құрлықтар мен аралдарында қалыптасады.Арктикалық континентті ауаның температурасы қыста да,жазда да төмен,сондықтан ылғалды көп ұстап тұра алмайды.Ауа мөлдір құрғақ болады.

2.Қоңыржай ауа массасы .Қазақстан түгелімен қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстік бөлігінде орналасқан.Батыстағы Атлант мұхитынан келетін ауа теңіздік қоңыржай ауасы деп аталады.Бұл ауа Қазақстанға жеткенше өте ұзақ жолдан өтіп,ылғалының көп мөлшерінен айырылып жетеді

3.Тропиктік ауа массасы. Қазақстанға Орта Азия мен Иран аймағынан келеді.Континеттік тропиктік ауаны иран ауасы деп атайды. Бұл ауаның келуі жазда байқалады.


Ауаның қысымы
Климат құрушы факторлар бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып,атмосфералық қысымның таралуына,ауа массаларының сипаты мен бағытына және соғатын үстем желдерге ықпал етеді.Қазақстанның ұлан-байтақ аумағында атмосфералық қысым бірдей таралмаған.Сендер 6-шы сыныптағы география пәнінен,қысым деген не,қысымның өлшем бірлігіне не жатады? Деген ұғымдар мен таныссыңдар,сондықтан өзерің ойласып жауап беріп көріңдер. Сонымен атмосфералық қысым деген не?Жауаптар:Атмосфералық қысым дегеніміз-атмосферадан жер бетіне түсетін ауаның салмағы,ауаның қысымының өлшем бірлігі мбар бойынша есептейді.Қалыпты жағдайда атмосфералық қысым760 мбар болады.

Қазақстан аумағына әсер ететін желдер:
1.Сайқан желі.

2.Ебі желі

3.Шілік желі.

4Арыстанды-Қарабас желі

5.Қордай желі.

6.Мұғалжар желі

Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы.

Қазақстан аумағының кең-байтақ болуына,,сондай-ақ жер бедерінің әр түрлілігіне байланысты температураның таралуы да әркелкі.Сонымен бірге жазық,аласа таулы бөлікте жылдық және айлық орта температура солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай өзгерсе,биік таулы аймақтарда биікке көтерілген сайын өзгереді.Қазақстандағы ең суық ай-қаңтар.Қаңтардағы орташа температура солтүстікте -19 градус,оңтүстікте Дарбаза -1,5 градус. Қазақстанның ең суық жері-Атбасар өңірі .Мұнда ауа температурасы бір жылда-57 градусқа жеткен.Қазақстанның ең жылы айы-шілде.Шілденің орташа температурасы республиканың солтүстігінде Петропавл плюс 19 градус,оңтүстігінде Дарбаза плюс 28-30 градус.Жазда күн сәулесінің түсу бұрышы мен жер бетін қыздыру қарқыны әсерін тигізеді.Ең жоғары температура солтүстікте плюс41 градус,ал оңтүстікте плюс 47градустан аспайды. Қазақстанның жылы маусымдағы температуралық режимі оның мезгіл-мезгіл ауытқып отыратынына қарамастан егін шаруашылығына қолайлы.



Сабақтың соңына қарай оқушылар қаңтар,шілде айларындағы изотермалардың қалай өтетінін карта арқылы анықтап қорытынды жасайды.Сонымен қатар өз облысымыздағы ауа-райының қалыптасуына әсер ететін себептерді біліп,осы климаттың шаруашылыққа тигізетін маңызын біледі .Сабақтағы жаңа терминдерді дәптерлеріне жазып ережелерін жаттайды.

Үйге тапсырма : Қазақстанның климат тақырыбын оқып келуге, кескін картамен жұмыс жасау. Қазақстанның климаты бойынша қаңтар мен шілденің изотермасының қалай өтетінін анықтау және жауын-шашынның қаншалықты түскетінін оның себептерін білу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет