Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғат зоналары (қорытынды сабақ) Сабақтың білімділік мақсаты



жүктеу 60.91 Kb.
Дата27.06.2016
өлшемі60.91 Kb.
СҚО, Уәлиханов ауданы,

Өндіріс ауылы, Өндіріс орта мектебі

Жоғары санатты география пәнінің мұғалімі

Кудайкулов Жумабай Ильяшович



Қазақстанның физикалық географиясы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғат зоналары

(қорытынды сабақ)



Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың Қазақстан табиғат зоналары тақырыбынан алған білімдерін тиянақтау. Табиғат зоналарындағы географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама беруге үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Табиғат компоненттерінің өзара байланысы табиғат зоналарының дамуына қалай ықпал ететіні жөнінде түсінік беру.

Тәрбиелік мақсаты: Табиғат зоналарының табиғатын ұқыптылықпен сақтап, тиімді пайдалану жолындағы көзқарастарын қалыптастыру, адам әрекетінің әсерінен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың типі: оқушылардың білім, білік дағдыларын жүйелеу

Оқыту құралдары: Қазақстанның физикалық картасы, табиғат зоналары, өсімдіктер мен жануарлар картасы, атлас, топырақ үлгілері. Интерактивті тақта, әр түрлі зоналардың суреттері. Буклет.
Номенклатура: гумус ( қарашілік), антропогендік фактор, Сарыарқа, Каспий

маңы ойпаты, Орал етегі, Жем үстірті, Мұғалжар тауы,

Жалпы Сырт сілімдері, Қызылқұм, Арал маңы құмдары:

Үлкен Борсық, кіші Борсық, Сарыесік – Атырау, Каспий маңы

ойпаты құмдары: Нарын, Тайсойған, Қарақұм
Сабақтың барысы:


  1. Амандасу, түгендеу, оқушыларды жаңа сабаққа бейімдеу

  2. Оқушыларды 4 топқа бөлу: Топтар табиғат зоналарының атымен аталады. 1 топ – «Орманды дала зонасы», 2 топ – «Дала зонасы», 3 топ – «Шөлейт зонасы», 4 топ – «Шөл зонасы».

Әр топтың алдына ватман, кескін карталар тарату.

  1. Оқушылардың зейінін жаңа тақырыпқа бейімдеу үшін ватманның таза жағына мемлекетіміздің жеткен жетістіктері мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 17 қаңтардағы Жолдауына байланысты «Мәңгілік Ел» ұғымын қалай түсінетіндерін жаздырып, тақтаға магнитпен ілгізгенде Қазақстан Республикасының картасы шығады.

Осылай оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен еліне деген сүйіспеншілігін оятамын.

  1. Интерактивті тақтада: Номенклатура беріледі. Оқушылар картамен жұмыс істеп, объектілерді табады.

  2. Интерактивті тақтада тапсырма беріледі:

1. Әр топ кескін картаға өздерінің табиғат зоналарын бейнелейді.

2. Табиғат зоналарын климаттық картамен салыстырып қорытынды жасайды.

3.Табиғат зоналарының қалыптасуына ықпал ететін факторларды анықтайды.

4. Әр топ өз зоналарының ерекшеліктерін анықтайды.

Мысалы: топырақ түрлері, жануарлар әлемі, шөлдердің түрлері,

өсімдіктер әлемі, олардың бейімділігі туралы айтады.

5. Ландшафт – ұғымын ашу (суреттер беріледі.дала,орман, шөл,шөлейт т.б.)

Өлеңдер (дала, орман, шөл,шөлейт)

6. Әр зонаның экологиялық проблемаларын талқылау


  1. Әр топ осы жоспар бойынша істеген жұмыстарын қорғайды. ( Әр топқа бағалау парағы беріледі. Параққа бірін – бірі бағалап отырады.)

  2. Әр топқа төмендегі кесте бойынша оқулықпен және атласпен жұмыс жасау тапсырылады.




Табиғат зонасы

Географиялық орны

Алып жатқан аумағы

Климаты

Топырағы

Өсімдіктер

Жануарлар

Экологиялық проблемалары, қорықтары
















































Топтар кезекпен шығып өздерін қорғайды, бағалайды.




  1. Интерактивті тақтада табиғат зоналарына байланысты 15 тест сұрағы шығады. Әр оқушы тест парағын толтырып, дұрыс жауаппен салыстырады. Бағалайды.

Тест

  1. Қазақстанда жоқ табиғат зонасы

А) шөл Б) шөлейт В) тайга Д) дала Е) орманды дала

2. Табиғат зоналардың қалыптасуына әсерін тигізетін факторлар

А) жылу мен ылғал Б) жер бедері В) абсолюттік биіктік

Д) ауа массасы Е) жануарлар әрекеті

3. Қазақстанның көп бөлігі орналасқан табиғат зонасы

А) шөлейт Б) шөл В) орманды дала Д) дала Е) биіктік белдеулік

4. Орманды дала зонасы орналасқан

А) Оңтүстікте Б) Батыста В) Солтүстікте

Д) Шығыста Е) Орталықта

5. Қазақстанның өсімдік жамылғысының қанша түрлері бар ?

А) 4500 Б) 6000 В) 3700 Д) 2800 Е) 7200

6. Қазақстанның қанша пайызы ормандар?

А) 2,8 % Б) 11,3 % В) 6,5 % Д) 4,2 % Е) 5,4 %

7. Қазақстанда сүтқоректілердің қанша түрі бар?

А) 268 Б) 143 В) 178 Д) 135 Е) 203

8. Қазақстанға жерсіндірілген аң

А) қабан Б) таутеке В) арқар

Д) ондатра Е) құлан

9. Қазақтан территориясының 44 % - алып жатқан табиғат зонасы

А) шөл Б) шөлейт В) орманды дала Д) дала Е) биіктік белдеулік

10. Қазақстанда ғана өсетін өсімдік

А) өлеңшөп Б) жабайы сұлы В) құм бетегесі

Д) қара сексеуіл Е) дермене жусаны

11. Орманды дала зонасының орташа жылдық жауын – шашынының мөлшері

А) 100 – 150 мм Б) 170 – 210 мм В) 300 – 350 мм

Д) 650 – 700 мм Е) 850 – 900 мм

12. Тұран ойпаты орналасқан табиғат зонасы

А) шөлейт Б) дала В) шөл Д) орманды дала Е) тайга

13. Жылдың қолайсыз мезгілдерінде ұйқыға кететін аңдар

А) ақ бөкен, қарақұйрық Б) қабан, сілеусін В) қоян, түлкі

Д) саршұнақ, қосаяқ Е) бұлан, елік.

14. « Қазақтанның Қызыл кітабына» енгізілген омыртқалылардың саны

А) 125 Б) 250 В) 380 Д) 275 Е) 327

15. Итбалық мекендейтін су айдыны

А) Жайық өзеңі Б) Каспий теңізі В) Арал теңізі

Д) Балқаш көлі Е) Ертіс өзеңі

Тест сұрақтарының кілті

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

в

а

б

в

б

д

в

д

а

е

в

в

д

а

б




  1. Венн диаграммасы: Табиғат зоналарының ұқсастығы мен айырмашылықтары

Орманды дала зонасы ұқсастықтары Дала зонасы

айырмашылығы айырмашылығы



Шөлейт зонасы ұқсастықтары Шөл зонасы

айырмашылығы айырмашылығы



  1. Сабақты қорытындылау

  1. Табиғат зоналары дегеніміз не ?

  2. Табиғат зоналары қалыптасу факторлары

  3. табиғат пен адамның өзара әрекетінің проблемалары,

табиғаттың адам өміріне тигізетін маңызын ашу,

керісінше адамның табиғатқа келтіріп жатқан зиянын осыдан туындап жатқан экологиялық проблемаларды ашу



  1. Бағалау

  2. Үйге өз қалаулары бойынша бір табиғат зонасына эссе жазып келу.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет