Сабақтың тақырыбы: бала абай. Сабақтың мақсаты


Ұ қсастығы/ Ұқсамайтын жақтары



бет4/5
Дата18.01.2024
өлшемі80.5 Kb.
#489289
түріСабақ
1   2   3   4   5
source

Ұ қсастығы/ Ұқсамайтын жақтары

Әр топ өз ойларын шеңберге жазады. Топ басшылары өз топтарының ойын айтады. Соңынан жалпы шеңберді оқушылардың ортақ ойымен толтырамын. Қалған оқушылардың еңбегі түгел тақтаға, қабырғаға ілінеді. Сабақты осылай қорытып болған соң әңгіменің де идеясы – еңбек ету арқылы табысқа жетуге болатындығы, адам бойындағы жақсы қасиеттерді жетілдіріп отыру керектігін өздері және мұғалім айтып, пысықтайды.


Сабақты қорыту: Өздері білетін мақал-мәтелдер айтылады. Байлық түрлері туралы. “Байлық дегеніміз не? Байлық дегеніміз ………” Көп нүктенің орнына әркім өз ойын тізбектеп жазады.
Үйге тапсырма: “Егер мен жарлы жігіт болсам” атты әңгімені аяқтап, әркім өз шығармасын жазып келеді және мәтінді мәнерлеп оқу тапсырылады.
Бағалау кезеңі.


Ана тілі


2-сынып


Сабақтың тақырыбы: Қызғалдақ пен қарасора (мысал). С.Сарғасқаев


Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
2. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларды сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлануға үйрету.
3. Топпен жұмыс, әңгіме кестесі, болжау стратегияларын пайдаланып, өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, жаман қасиеттерден (қызғаныш, мақтаншақтық) аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, әңгіме кестесі (салыстыру кестесі), көрнекілік стратегияларын пайдалану.
Сабақтың көрнекіліктері: ватман қағаз, сюжетті суреттер, қосымша кітаптар, суреттер, дәрілік шөптер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырма - Әбдрахман Асылбековтың “Түлкі мен тиін” мысалын дұрыс түсіну, мәнерлеп оқу және мысалды болжау стратегиясы бойынша өзгертіп, 99 айлалы қу түлкіні өлімнен құтқаруға (түлкіні ақылды етіп суреттеу арқылы) әңгіме жазу, өздерінің суретін салып салып келу берілген.
Оқушылардын тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап алынады, мысалды оқиға желісіне қарай бөліктерге бөліп әңгімелейді.
Рольмен оқыту. Түлкі мен тиінге мінездеме беру. Әр оқушы өз әңгімесін оқып, салған суреті туралы айтып береді.
Болжау стратегиясы арқылы жазған, салған жұмыстары талданады, тексеріледі.
Жаңа сабақ: Оқушыларға мақтаншақтықтан басқа адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді білетіндіктері жайлы айтқызу.
Ақын туралы т.б. мақал, қанатты сөздер, Абай Құнанбаевтың өсиетті сөздерін (Бес асыл іс) еске түсіріп айтады (оқулықтарды жаптыру).
Енді “Қызғалдақ пен қарасора” атты мысалды оқимыз. Бұл жаман әдеттің бірін сынауға арналған, мысалдың авторы Сансызбай Сарғасқаев туралы қысқаша мағлұмат беру, мысалдың қара сөзбен жазылғаны туралы айту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет