Сабақтың тақырыбы: «Басқұр өрнегін құрастырайық»



Дата17.06.2016
өлшемі33 Kb.
#142162
түріСабақ
3-сынып

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы

Спандияр Көбеев атындағы №56 жалпы орта

мектебінің бейнелеу өнері пәнінің мүғалімі

Досжанова Жанар Өсерқызы

Сертификат 0012. 30.01.2014

Сабақтың тақырыбы: «Басқұр өрнегін құрастырайық» (көшіріп алу)

Сабақтың тақырыбы: Басқұр өрнегін құрастырайық.


Сабақтың мақсаты: Білімділік.Оқушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнегін, оның

ішіндегі басқұр өрнегі туралы

түсінік беру, олардың

түрлерімен таныстыру, қолдану

түрлерін үйрету.


Дамытушылығы: Оқушылардың басқұр өрнегі туралы теориялық білімін,

практика жүзінде іске асыру

және олардың ой-өрісін

дамыту.
Тәрбиелік: Халықтың педогогикалық талғамдарын дамыту.


Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап,көрнекілік топқа бөліп оқыту әдісі.
Пән аралық байланыс: Еңбек, ән-саз,тарих,дүниетану,

математика т.б

Көрнекіліктер: Түрлі-түсті қағаз,қайшы,үлгілер,желім
Ұйымдастыру: 1.Оқушылардың сабаққа әзірлеген және қажетті

құрал-жабдықтарының

түгел болуын қадағалау.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
3.Жаңа сабаққа көшу.
Жаңа сабақ.Басқұр ою- өрнегін құрастыру оқушыларға ою-өрнектер құрастыру туралы түсінік беру.Ою-өрнек өнері қазақ халқының өмір тіршілігінде айрықша орын алады,және ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса дамып келе жатқан өнер түрі.Ою-өрнек элементтерін,біз қазақ халқының үй жиһаздарына ,киім-кешегінде,зергерлік бұйымдары мен құрал саймандары да ер тұрман әбзелдерінде т.б заттардан табамыз.

Бұл ою-өрнекті қазіргі кезде ғалымдар 200-дей түрін тапқан.Ою-өрнек өзі 4 топқа бөлінеді.Олар: 1)жан-жануарлар. 2) өсімдіктер өрнегі 3) геометриялық өрнегі. 4)Аспан әлемі болып келеді.





  1. Жан-жануарлар мынадай ою-өрнек жатады:қошқар мүйіз,түйе табан,бұғы мүйіз.



  1. Өсімдіктерге: жапырақ,гүл,шыршық,бүршік, гүл т.б


  1. Аспан әлеміне:дөңгелек,түртеңлік,шимай,бітпес т.б сияқты оюлар жатада.

Оқушылар басқұр өрнегінің үлгісін көрсете отырып,оның атқаратын қызметі жайлы айтып түсіндіру.


Басқұр жасалуына қарай ақ басқұр және ала басқұр деп екі топқа бөлінеді.
Екеуінің де тоқылу мәнері өрнек әдісі бойынша болады. (алаша)Ақ басқұр киіз үйдің сән үшін пайдаланылатын ішкі жабдығы.
Ал ала басқұр жоғарғы жағынан бір босағадан екінші босағаға дейін керіледі.Басқұрдың қай түрі болсын ұзындығы 815 метрден,ені 2540 сантиметрден айтатын ою белгілі бір заты ою,кесу,тілу,қию арқылы алынып,бұйымды сәндеу, әсемдеу үшін қолданылады.Ойылған оюды екінші бір затқа жапсырып,желімдеп,әшекелейді. Оюды дайын жоба арқылы сызып алып қиюға,онан соң бұйымды әсемдеуге болады.

Оқушыларды екі топқа бөлу.



  1. Ғылым орталығы

  2. Өнер орталығы




  1. Ғылым орталығы. Бұл балалар ою-өрнек оның ішіндегі басқұрды ғылым түрінде қорғайды.(мақал-мәтел,өлең айту)

  2. Өнер орталығы. Басқұр өрнегін қиып түрлі-түсті қағазбен жабыстыру және суретін салу.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет