Сабақтың тақырыбы: Батыс Түрік қағанаты(603-704 жж.) Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата29.02.2016
өлшемі50.71 Kb.
#31240
түріСабақ
Сабақ жоспары

Шақат орта мектебі.

Сынып: 7 қазақ.

Пән: Қазақстан тарихы.

Мұғалім: Аралов С.Б.

Сабақтың тақырыбы: Батыс Түрік қағанаты(603-704 жж.)



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан жерінде алғаш пайда болған ортағасырлық мемлекет туралы, саяси-экономикалық құрылымы туралы білім беру.

Тәрбиелік: Оқушыларды отаншылдық, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, қазақ даласын мекендеген халықтардың тарихымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында жаңа сабақ мазмұнын дамыта отырып, Түрік қағанатының дипломатиялық қатынастары, мәдениетінің дамуын қазіргі Қазақстан жетістіктерімен ұштастыру.

Базалық ұғым: Түрік дүниесі мен өркениеті.

Тірек ұғым: Батыс Түрік қағанатының тарихы.

Көрнекі құралдар: Батыс Түрік қағанатының картасы, хронологиялық кесте, тірек-сызбалар, кесте, карточкалар, тест.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, жеке тапсырмалар орындау, миға шабуыл, тест ойыны.

Сабақтың тәсілі: топпен және жеке оқушымен жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

§1. Түрік қағанаты. І нұсқа

1. «Түрік» этнонимі бірінші рет деректерде кездесті:

а. 547 ж. в. 545 ж. с. 542 ж. д. 548 ж. е. 546 ж.

2. Түрік тайпаларының ерте феодалдық мемлекеттері:

а. Патшалық в. Әмірлік с. Қағанат д. Княздық е. Хандық

3. «Теле» сөзінің мағынасы:

а. Ұйғыр в. Қимақ с. Түрік д. Қарлұқ е. Оғыз

4. Бумын қаған басқарған мемлекет:

а. Батыс түрік қағанаты в. Түрік қағанаты с. Түркеш қағанаты д. Қимақ қағанаты е. Оғыз мем/ті

5. Қытай билеушілері Түрік қағанатына жібек матамен салық төлеп отырды:

а. Бумын қаған кезінде в. Қара-Еске кезінде с. Елтеріс қаған кезінде

д. Тон қаған кезінде е. Мұқан қаған кезінде

6. Түрік қағанатында 581 ж. болған оқиға:

а. Эфталиттерді жеңді в. Ұлы Даланың қожасына айналды с. Қағанат ішінде өзара соғыс болды д. Бумын қаған «елхан» атағын алды е. Қытаймен бейбіт қатынас орнатты

7. Түріктердің шаруашылығы:

а. Ешқандай ш/пен айналыспады в. Егіншілік с. Көшпелі ж/е жартылай көшпелі мал ш/ғы

д. Балық аулау е. Аңшылық

§1. Түрік қағанаты. ІІ нұсқа

1. «Түрік» атауы алғаш рет қай деректерде кездеседі?

а. Грек в. Парсы с. Қытай д. Византия е. Араб

2. Біздің жеріміздегі ерте ортағасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі:

а. Қарлұқ қағанаты в. Шығыс түрік қағанаты с. Батыс Түрік қағанаты

д. Түркеш қағанаты е. Түрік қағанаты

3. Алғашқы түрік қағанатының негізін салушы:

а. Бумын қаған в. Естеми қаған с. Білге қаған д. Күлтегін е. Сұлу қаған

4. Жужандар Түрік қағанатынан түпкілікті жеңілді:

а. Бумын қаған кезінде в. Иштеми қаған кезінде с. Қара-Еске қаған кезінде

д. Тобо қаған кезінде е. Мұқан қаған кезінде

5. Түрік қағанаты мен Византия мемлекеті қарсы одақ құрған ел:

а. Қытай в. Иран с. Парсы д. Эфталиттер е. Хорезм

6. Түрік қағанатының Батыс және Шығыс қағанаттарына бөлінген мерзімі:

а. 680 ж. в. 803 ж. с. 945 ж. д. 703 ж. е. 603 ж.
ІІІ. Жаңа сабаққа өту.

Тарихи кезеңдеу

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы


Ерте ортағасырлық кезеңі Дамыған ортағасырлық кезеңі Кейінгі ортағасырлық кезең

(VІ-ІХ ғғ.) (Х-ХІV ғғ.) (ХV-ХVІІ ғғ.)

Түрік қағанаты Қарахан мемлекеті біртұтас Қазақ хандығының

Батыс түрік қағанаты Наймандар құрылуы

Түргеш қағанаты Керейіттер

Қарлұқ қағанаты Жалайырлар

Оғыз мемлекеті Қарақытайлар

Қимақ қағанаты Қыпшақ хандығы

Монғол империясы



Алтын орда

Ақ орда

Моғолстан

Әмір Темір мемлекеті

Ноғай Ордасы

Әбілқайыр хандығы

Сібір хандығы
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VІ-ІХ ғғ.)

Мемле-кет

Тарихи шеңбері

Мекені

Астана

Жоғарғы басшы титулы

Этнонимі

Құрамына кірген тайпалар

Шаруа-шылығы

Қаған

Әлсіреу себебі

Батыс түрік қағаныты





























І. Тарихи уақыт.

1. Дата мен оқиғаны сәйкестендір.



ІІ. Тарихи карта.

Картаға түсір:

Батыс Түрік қағанатының алып жатқан аумағын және этникалық құрамындағы тайпаларды.

ІІІ. Тарихи тұлға.

Бұл кім:


ІV. Тарихи ұғым.

Тарихи ұғымдарға түсінік бер:



V. Тарихи дерек.

Миға шабуыл:
Сабақты бекіту:

Тест.


§2. Батыс Түрік қағанаты.

1. Түрік қағанатының Батыс және Шығыс қағанаттарына бөлінген мерзімі:

а. 680 ж. в. 803 ж. с. 945 ж. д. 703 ж. е. 603 ж.

2. Батыс Түрік қағандарының жазғы орталығы:

а. Алмалық в. Янгикент с. Атлах д. Мыңбұлақ е. Фараб

3. Батыс Түрік қағанатына енген тайпалар:

а. Дулаттар, нушубилер в. Массагеттер, нушубилер с. Аландар, сарматтар

д. Оғыздар, қыпшақтар е. Ғұндар, сақтар

4. VІІ ғ. «Он оқ будун» мемлекетінің атауы:

а. Эфталиттер мемлекеті в. Қарлұқ қағанаты с. Түркеш қағанаты

д. Батыс Түрік қағанаты е. Шығыс Түрік қағанаты

5. Батыс Түрік қағанатында жасауылдарға есеп беріп отырған адамдар:

а. тархандар в. бектер с. бұйрықтар д. даруғалар е. селифтер

6. Шығыс Түрік қағанаты Монғолияда өз мемлекетін қалпына келтірген жыл:

а. 686 жыл в. 682 жыл с. 684 жыл д. 685 жыл е. 683 жыл

7. Батыс Түрік қағанатында ябғу, шад, елтебер атағы берілді:

а. Қағанатты басқарушыға в. Сот ісін басқарушыларға

с. Қарапайым халыққа д. Салық жинаушыларға е. Қаған руынан шыққандарға

8. Батыс Түрік қағанатында сот істерін атқарушылар:

а. Беклербектер в. Басқақтар с. Уәзірлер д. Бұйрықтар мен тархандар е. Селифтер



Үй тапсырмасы:

§2 оқу. «Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер» хронологиялық кестесін толтыру.



Тесттерге жауап беру.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет