Сабақтың тақырыбы: Белгісіздік есімдігі



жүктеу 84.91 Kb.
Дата19.06.2016
өлшемі84.91 Kb.


Абдыкаримова Алмаш Серікқызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Белгісіздік есімдігі.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға белгісіздік есімдігі туралы түсінікті тілмен өздерін қатыстыра отырып, жан-жақты мәлімет беру, белгісіздік есімдіктерімен таныстыру, олардың көбі екі түбірден құралған біріккен сөздер екенін аңғарту, қолданылуында өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру.

ә) Әр түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау, логикалық ойларын дамыту, сөздік қорларын байыту, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру.

б) Ойын арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, оқушыларға мақал-мәтелдің мәнін ұғындыра отырып, адамгершілікке, тілін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, оқулықпен жұмыс, талдау, тест, ойын, түсіндіру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, кестелер, суреттер, сигналды карточкалар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

203- жаттығу. §6
Бізге мәлім деректер
Балалар, мынау қандай фигура? Куб.

«Куб» дегеніміз не?

Ендеше, балалар «Кубик» ойыны арқылы өткен тақырып бойынша теориялық білімдерімізді тексереміз.

(Кубтың қабырғаларына сұрақтар жазылады.).

Кубты айналдырып тастап, берілген сұрақтарға жауап береміз.

1.Болымсыздық есімдігі дегеніміз не?

2.Болымсыздық есімдіктерін ата?

3.Зат есімнің орнына жұмсалатын болымсыздық есімдіктері (ешкім, ешқайсысы, дәнеңе, ештеңе).

4.Болымсыздық есімдіктері көбіне қалай жасалады? (бірігу арқылы).

5.Етікші құралының бірімен ұқсас есімдік есімдіктің қай түрі? (біз).

6.Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды. Есімдіктің қай түрі? (сұрау).
Талдау – табыс кілті
Тақтадағы сөйлемге оқушылар назарын аударамын.

Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ешқашан ұмытылмайтын оқиғалар болады.

Біз қолымызға жеткен егемендікті ешкімге тәуелді етпеуіміз керек.

(Сөйлемнен болымсыздық есімдігін тап, басқа есімдік түрлері бар ма? Сөйлем мүшесіне талда).


Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ешқашан ұмытылмайтын оқиғалар болады.

Қосымша айтып кетемін.

Сондай оқиғаның бірі-1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. XX ғасыр оқиғаларының тап төрінен орын алатын халық көңілінде жатталып қалған оқиға. Жақында Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы аталып өтілді.

Біз қолымызға жеткен егемендікті ешкімге тәуелді етпеуіміз керек.


Жаңа тақырып
Ерте, ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде «Қазақ тілі» елінде, «Морфология» патшалығында «Есімдік» деген қарт өмір сүріпті.

Қарттың 7 баласы болыпты. Олардың есімдері кімдер? Қане, атайық?

Біз бүгін «Есімдік» қарттың ең кіші баласы «Белгісіздік есімдігімен» танысамыз.

Жіктеу


Белгісіздік Сілтеу

Есімдіктің мағыналық түрлері





Болымсыздық есімдігі Жалпылау Өздік Сұрау
Балалар, осы сәтте біз сабақ үстінде отырмыз. Сырттан есік қағылды делік. Сырттан есік қағылса, сендер маған не деп айтар едіңдер? Апай, біреу есік қағып тұр (тақтаға жазу).

Яғни, есікті кім қағып тұрғаны бізге белгісіз. Есік қағып тұрған оқушы ма, ата-ана ма? Беймәлім. «Біреу» сөзі белгісіз бір адам деген мағынада.

(сөйлем мүшесіне талдау).
Белгісіздік есімдігі
Ендеше, белгісіздік есімдігі дегеніміз затты, сындық белгіні, сан – мөлшерді белгісіз етіп, жорамалдап, тұспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі белгісіздік есімдігі деп аталады.

Белгісіздік есімдіктеріне мына сөздер жатады.


Белгісіздік есімдігі
Біреу, кейбіреу, бірдеме, әркім, әрне,әлдекім, әлдене, кімде-кім, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқайдан, әрқашан.

(деген сөздер жатады).

Белгісіздік есімдіктерімен таныстырған соң, олардың көбі екі түбірден құралған біріккен сөздер екені аңғартылады. Олар түбір тұлғаларын сақтай біріккендігі айтылады.

Белгісіздік есімдіктерінің мынадай ерекшеліктері бар:
1.Әлде, әр, кей, қай, бір сөздері басқа есімдіктермен (біреу, кім, не, бір, қашан, қалай, қайда, аз т.б.) тіркескенде, бірге жазылады да басқа сөз таптарымен (мысалы, зат есіммен) тіркескенде бөлек жазылады.

Мысалы: Әркім өз міндетін атқарсын.

Әр мезгілдің өзіне лайықты ісі бар.

2.Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде-кім, әлдекім, әркім, әлдене тәрізді белгісіздік есімдіктер зат есім орнына жұмсалады.

3.Қайсыбір, кейбір,әр, әрбір, қайбір деген сөздер сын есім орнына жұмсалады.

4.Әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқайдан деген белгісіздік есімдіктері үстеу мәнінде мезгіл, мекен мағыналарын білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады.

5.Әлденеше, бірнеше, біраз, әлденешеу есімдіктері сан есім орнына жұмсалып, анықтауыш болады.



Мысалы: Қарғалар шөп арасынан әлдеқандай аңды қуып жүр.

Бірнеше күн қар аралас бұршақ жауды.

Әрқашан осы ұстаған бағытыңнан айрылма. (сен).

Сөйтіп, белгісіздік есімдіктері сөйлемде бастауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш қызметтерін атқарады.

Жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында 205 – жаттығуды ауызша орындатамын.

Ребусты шешіңдер

Ребус дұрыс шешілсе, бір мәтел шығады.

1.Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді.


Мәтелді тақтаға жазып, белгісіздік есімдігін тапқызу. Мағынасына түсінік беру.

Әр істің себебі басқа деген макғынада. Біреуді ұру ,әрине, тентектік. Бірақ тентектіктің де әр түрлісі болады. Біреу қорлыққа, ызаға шыдай алмай лажсыз тентектік жасайды. Ал, біреу өзінің күшіне сенуі де мүмкін. Тентектік те сол тәрізді.



Терме диктант
Мен мәтінді оқимын. Сендер мәтіннен тек белгісіздік есімдіктерін теріп жазасыңдар.
Тәуелсіз Қазақстан
Отан деген не? Бұл сөзді әрқайсымыз күн сайын әлденеше рет естіп жүрміз. Отан дегеніміз - әр адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен, бүкіл дос-жарандарымен бірге тұратын мекені. Қазақ елінде тұратын барлық адамның Отаны – Қазақстан Республикасы.

Осы күнге жету үшін қазақ халқы біраз қиыншылықты бастан өткізді. Әр мемлекеттің дербес, тәуелсіз ел болуы – барша бақыттың бастауы.

Бұл күнде дүние жүзінің барлық елі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танып отыр. Осы бақыт әр қазақстандықтың жүрегіне нұр құяды.

(Оқушыларға оқытып тексеремін).


Семантикалық кесте

Есімдіктің түрлері

Мен Сен

Біз


Бұл

Сол


Анау

Осы


Кім

Қай


Қанша

Қашан


Өз

Өзің


Барша

Бүкіл


Барлық

Ешкім

Ешбір


Ешқашан

1. Жіктеу



















2. Сілтеу



















3. Сұрау



















4. Жалпылау



















5. Өздік



















6. Болымсыздық



















7. Белгісіздік


















Тест әдісі бойынша сабақты бекіту.

«Біліміңді байқап көр»
«Кей есімдігі» қай сөзбен тіркескенде бірге жазылады?

а) біреу; ә) уақыт; б) кітап


2. Сөйлемдегі есімдік қандай қызмет атқарып тұр?

Тапсырмаңызды әлдекашан орындағанмын.

а) анықтауыш; ә) толықтауыш; б) пысықтауыш;
3. Қайсысының жазылуы дұрыс?

а) ешқашан; ә) еш бір; б) еш кім;


4. Мына сөйлемге лайықты есімдік қайсысы?

..... ауыл жиналысқа келді.

а) ешбір; ә) бүкіл; б) міне;
5. «Сен сөзі» қай қатарда есімдік?

а) Сен нешінші сыныпта оқисың?;

ә) Қиын кезеңде маған сен.;

б) Сенер-сенбесін білмеді;


6. «Мен» сөзінің қайсысы жіктеу есімдігі?

а) Оның сөзін мен түсіне алмадым.;

ә) Абзал мен Ардақ – сыныптағы озат оқушылар.;

б) Екі мен екіні қоссаң төрт болады.;


7. Мына есімдіктердің қайсысы зат есімнің орнына жүреді?

а) әдекім; ә) мына; б) қанша


8. Сұрау есімдігін тап?

а) бұл ә) қандай б) бәрі


9. Септелетін есімдікті көрсет.

а) әлдеқалай ә) ешбір б) осы

Сигналды карточкалармен жұмыс.

Үлестірме жаттығу орындату.

Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың білімдерін бағалау,



Үйге тапсырма беру.
Үйге: Белгісіздік есімдігі 206-жаттығу. Сабақты бір-бірімізге жақсы тілектер айтумен аяқтайық. Сабақ аяқталды.

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі

Ашық сабақ
Тақырыбы: «Белгісіздік есімдігі»


Пәні: Қазақ тілі

6-класс

Өткізген: Абдыкаримова А.С
2013-2014 оқу жылы


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет