ҚБ – «Басбармақ» - оқушылардың түсіну, ұғыну деңгейін
бағалау.
Мен түсінемін, түсінгендеймін, түсінбедім.
Мәтін Бесікке салу
Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрі.
Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі бала – өмірдің гүлі, жалғасы. Жас нәрестенің өмірге келуі, отбасы мүшелеріне әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген, жас нәресте өмірге келгенде арнайы адам жіберіп сүйінші сұратқан.
Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесікті қазақтың құрмет тұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатқан. Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардақтаудан шыққан.
Баланың ұйқысы тыныш болу үшін адыраспанды отқа жағып, түтетіп, баланы бесікке бөлерден бұрын бесікті айналдыра ырымдайды Бесікке бөлеу рәсімін ауылдың қадірменді анасы іске асырған.
Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабылады. Бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдармен жабады. Тон, шапан жабу ержеткенде халықшыл болуына, жүген тез өсіп, ат үстіне ойнақ салсын, кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілек. Бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын орын-орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген құрт, май, бауырсақты уыстап алып бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіріледі. Бұл дәстүр тыштырма деп аталады. Әрбір жақсылықты үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі балаға бесік құт дарытсын деген ниетпен туған рәсім. Тыштырма үйлестіріп болған соң, барлық отырғандарды қамшымен арқаларынан ұрып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |