Сабақтың тақырыбы: Биотехнологияның биологиялық, химиялық және инжинерлік ғылымдар аясында пәнаралық сала ретінде пайда болуы



бет22/29
Дата15.02.2022
өлшемі0.63 Mb.
#455386
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29
Лекция БЗӘ

Сабақтың тақырыбы: Мембраналық фракцияларды тазарту критерилері
Сабақтың жоспары:

1.Плазматикалық мембрана.



Ядролық мембрана

2.Эндоплазмалы қретикулум 


Биологиялық мембрананың құрылымының алғашқы моделі 1902ж. ұсынылған. Мембрана арқылы липидтерде жақсы еритін заттар тез өтетінін байқап, биологиялық мембрана фосфолипидтің жұқа қабатынан тұратындығы тұжырымдалған. Фосфолипид молекуласы су-ауа (су-май) бөлігінің шекарасында бір қабат құрып, яғни гидрофильді (полярлы) бастары сумен, ал гидрофобты «құйрықтары» бастары ауада (майда) орналасқан. Сондықтан, биологиялық мембрананың бірінші моделі -липидтердің моноқабатына (4, А сурет) негізделген. 1925 ж. Гортер және Грендель гемолизденген эритроциттерден липидтерді ацетон арқылы бөліп алып, оларды су бетіне құйып, пайда болған бір қабаттан тұратын мономолекулалар пленкасының ауданын анықтаған. Эритроциттерден бөлініп алынған бір қабат болып орналасқан липидтер бетінің ауданы сол эритроциттердің ауданынан екі есе көп болғандығы анықталған. Осы зерттеу нәтижесінде мембранадағы липидтер бимолекулалық екі қабат түрінде орналасқан деген тұжырым жасалынды (4, Б сурет).

 



4 сурет. Фосфолипид схемасы:

А)1 - полярлы (гидрофильді) бөлігі; 2 - полярсыз (гидрофобты) бөлігі

Б) Бимолекулалы фосфолипидті қабат

Бұл тұжырымның дұрыстығы биологиялық мембрананың электрлік параметрлерін өлшеу барысында дәлелденді (Коул және Кертис, 1935 ж.): биомембрананың электрлік кедергісі ≈107Ом×ммен электрлік сиымдылығының ~0,5×10-2Ф/м2 үлкен болатындығын анықтады.

Жоғарыда мембрананың құрыламында айтылғандай, биологиялық мембрана ақуыз молекуласынан тұрады. Мысалы, тәжірибелер нәтижесінде жасушалық мембрананың беттік керілуін өлшеу кезінде өлшенген беттік керілу параметрлері липид-су (10-2Н/м жуық) бөлігінің шекарасына қарағанда ақуыз-су бөлігінің шекарасының беттік керілу коэффициентіне (10-4Н/м жуық) жақын. Осы қарама-қайшылықты 1935ж. Даниэль мен Давсонның тәжірибелік нәтижесі жойып, биологиялық мембрана құрылымының мембранологияда 40жыл үстем еткен «бутербродтық» моделін ұсынды. Бұл моделде мембрана – үшқабаттан тұрады. Модель бойынша фосфолипидтер молекулалары мембрана бетінде перпендикуляр түрде екі қатар болып орналасқан. Липид молекулалары гидрофильді жағымен мембрананың сыртында, гидрофобты жағымен оның ішіне қарай бағытталып орналасады. Мембрананың екі қатар орналасқан фосфолипид молекулаларының полярлы топтарына ақуыз молекулалары жабысып орналасады, соның нәтижесінде мембранада иілгіштік, механикалық әсерлерге беріктілік, беттік керілу төмен қасиет пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет