Сабақтың тақырыбы: «Біз нашақорлыққа қарсымыз»



Дата29.02.2016
өлшемі2.66 Mb.
#31856
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Біз нашақорлыққа қарсымыз»

Мақсаты:

1) Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып , денсаулығын сақтау және аурудың алдын- алу жолдарын үйрету.

2.)Оқушыларға жақсы,саналы,білімді азамат болу үшін,мәнді өмір сүру үшін ең бірінші денің сау болуын,басты байлық-денсаулық екендігін түсіндіру.Оқушылардың ізденімпаздық,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

3.)Оқушылардың күнделікті денсаулығын шынықтыру,күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруын қамтамасыз ету.



Мұғалім: Біздің елімізде 17 млн адам бар дейді, 2050 жылдарда 10,5 млн қалуы мүмкін. Орташа өмір сүру: ерлер – 57 жыл, әйелдер – 72 жыл. Басты себептері жүрек – қан аурулары, онкологиалық өкпе ауруы, наркомандар, депрессияға ұшырағандар, салауатты өмір салтының ережелерін сақтамағандар, суицид болып отыр.

Халықта мынадай дана сөз бар:

«Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,

Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,

Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның».

Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндірітін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады.

Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер.

Бұлар қандай әрекеттер?

Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық т.б. Бүгінгі тәрбие сағатында біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап, солардан сақтанужолдарын қарастырамыз.

І топ «Шылымқорлық»

Ұстанымы: «Темекіден түтін сорсаң улайсың, өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың».

ІІ топ «Ішімдік»

Ұстанымы: «Болар бала кісілікке үйір, тозар бала ішімдікке үйір».

ІІІ топ «Нашақорлық», «АҚТҚ ІНДЕТІ»

Ұстанымы :«Есірткіге жолама, жетелейді молаға».

Ешқандай ата-ана баласының тәрбиесіз, бұзақы болғанын қаламайды. Жас жеткіншек шыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса сол жаққа қарай бейімделеді. Бірақ жаман әдетке үйрену оңай. Енді осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме жүргізейік.



І – топ «Шылымқорлық»

1-оқушы: Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең тек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез.

2-оқушы: Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2007 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекінің шоғы 300 градусқа жеткенде оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазан қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді.

3-оқушы: Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады.

4-оқушы: Ертеде Түркияда темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Англияда темекі тартатындарды дарға асқан. Ал Швецияда 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегуді білмейді.

Мұғалім: Қазіргі кезде республикамыздағы мектеп оқушылары арасында 13-15 жастағы оқушылардың 46 пайызы шылым шегеді. Бұл – өте өкінішті жағдай.

Топ мүшелеріне қойылатын сұрақтар:

1. Не себептен балалар темекі шеге бастайды?

Мұғалім: Қазіргі кезде темекіден арылғандар саны көбейе түсуде.

18 қараша – шылымқорлықпен күресудің халықаралық күні деп белгіленген.

ІІ - топ «Ішімдік»

1-оқушы: Маскүнемдік – алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел.

Алкоголь ішімдіктеріне құнығу жолдары:

1. Тұрмыс жағдайындағы маскүнемдік.

2. Бас жазу синдромы немесе үнемі ішкісі келу.

3. Ішкен ішімдік мөлшерін бақылауды жоғалту.



2-оқушы: Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамның өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем. Баланың миының дамуының 40-60 пайыз артта қалу себебі ата-аналарының маскүнемдігі.

3-оқушы: Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдіктерін пайдаланады, оның ішінде балалар-7 %, жасөспірімдер-37 %, жастар-54,5 %. Бұл балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының біреуі не екеуі де маскүнемдікке салынған жандар екені анықталған.

Мұғалім: Маскүнемдікті дер кезінде тоқтатпасаң, айықпас дертке ұшырап өз өміріңе балта шабасың.

ІІІ – топ «Нашақорлық»

1-оқушы: Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.

2-оқушы: Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана және т.б. жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.

3-оқушы: Біздің елімізде ресми түрде 35 мыңға жуық нашақор наркологиялық диспансерде тұр, ал тіркелмегендердің саны одан әлдеқайда көп. Қазірде Петропавл қаласында нашақорлықтан емделетін диспансерлік орталықтар жұмыс істейді.

4-оқушы: Республикамыздың есірткі бизнесі аумағында мыңдаған қылмыс тіркеледі.

Мұғалім: Осы есірткі турасында дәрігер айтсын немесе заңсыз сатып алынсын мейлі, ессірткі атаулының бәрі – у. Турасын айтқанда, бұл – өлімге апаратын бірден-бір жол.

4 топ «АҚТҚ індеті»

Ж Қ Т Б дегеніміз

Жұқтырған

Қорғаныш

Тапшылығының

Белгілері

ЖҚТБ ауруын бір кішкентай қоздырғыш тудырады (вирус), оны АҚТҚ деп атайды



А Қ Т Қ дегеніміз

Aдамның

Қорғаныш

Тапшылығының

Қоздырғышы

Ж Қ Т Б толық жетілгенде:

Қоздырғыштар қатты көбейеді;

Қорғаныш жүйесі жойылады;

Адам ауыр науқастарға шалдығады;

Осы аурумен ауырады;

Ақырында адам қайтыс болады.



А Қ Т Қ тарау жолдары:

Құрамында АҚТ қоздырғышы бар қан арқылы:

Сондай қанды құйғанда;

Егу кезінде сондай қанмен ластанған шприцті пайдаланғанда;

Сондай қанмен ластанған басқа да өткір, теріні кесетін не тесетін құралдарды пайдаланғанда.

А Қ Т Қ таралмайды:

Шыбын т.б. шаққанда;

Қол алысып амандасқанда;

Заттарды ортақ пайдаланғанда



Мұғалім: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей, осы зиянды заттардан аулақ болып өз денсаулығымызды жақсартайық. Сенің денсаулығың - өз қолыңда!

«Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» /С.Назарбаева/

«Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!»

Ұстазымыз П.К.Иванов 1898 жылы 20-ақпанда Украйнада дүниеге келген.Өз өмірінің жарты ғасырын адамдарды табиғи сауықтыру идеясына арнады.Жер тұрғындарына,көптеген қолжазбалармен бақылауларын қалдырды.Қазіргі уақытта ұстазымыздың табиғи шынығу идеясы өмір сүріп отыр.


П.К.Ивановтың балаларға ұсынған 12 нұсқауы мен танысамыз.

1.Күніне 2 рет табиғи суға шомыл,бойындағы теріс энергияны жерге ала кетеді,денеңді ұйқыдан оятады.

2.Қыста қарда жүріп үйрен,таза ауамен демалып,барлық адамдарға амандық тіле!

3.Темекі шекпе,ішімдік ішпе!

4.Аптасына бір тәулік ас-судан бас тарт.Асқазаның демалады.Тамақты уақытында іш.

5.Жексенбі күні сағат12-де далаға шық,таза ауада қыдыр,қалауыңша тамақтан.

7.Жұртқа мүмкіндігінше көмектес,әсіресе жалғыз баста кәрі кісілерге, мүгедектерге,кемтарларға көмегіңді шын ақ көңілмен істе.

8.Қызғаншақ болма!Өзбойыңдағы жалқаулықты,көрсеқызарлықты,қорқақтықты,жалған намысқойлықты таста!Өтірік айтпа! Жаман ойдан аулақ бол.Төңірегіндегі адамдарды сүй

9.Амандасып жүр,баршаға саулық тіле!

10.Ауыра қалсаң көп уайымдама.Ол туралы ойлама, бұл сенің –жемісің!

11.Істі аяқта!Ойыңды бөлме. Ерте жатып, ерте тұр

12.Білген,оқығандарды,өзгелерге айт,тарат.Бірақ мақтанба.Қарапайым бол.

Құрметті мектеп оқушылары!
Біз 5 – сынып оқушылары, барлық мектеп оқушыларын салауатты, яғни нашақорсыз, ішімдіксіз, шылым шекпей өмір сүруге шақырамыз.
Бұл індеттер – денсаулықтың жауы, қоғамға жат әдеттер екенін естеріңізге саламыз!


Мұғалім: Өмірің болсын десең сенің сәнді

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан

Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.

Салауатты мақсатың - өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,

Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру! дей келе бүгінгі тәрбие сағатын аяқтаймыз.



П.К.Ивановтың балаларға ұсынған 12 нұсқауы:

1.Күніне 2 рет табиғи суға шомыл,бойындағы теріс энергияны жерге ала кетеді,денеңді ұйқыдан оятады.

2.Қыста қарда жүріп үйрен,таза ауамен демалып,барлық адамдарға амандық тіле!

3.Темекі шекпе,ішімдік ішпе!

4.Аптасына бір тәулік ас-судан бас тарт.Асқазаның демалады.Тамақты уақытында іш.

5.Жексенбі күні сағат12-де далаға шық,таза ауада қыдыр,қалауыңша тамақтан.

7.Жұртқа мүмкіндігінше көмектес,әсіресе жалғыз баста кәрі кісілерге, мүгедектерге,кемтарларға көмегіңді шын ақ көңілмен істе.

8.Қызғаншақ болма!Өзбойыңдағы жалқаулықты,көрсеқызарлықты,қорқақтықты,жалған намысқойлықты таста!Өтірік айтпа! Жаман ойдан аулақ бол.Төңірегіндегі адамдарды сүй

9.Амандасып жүр,баршаға саулық тіле!

10.Ауыра қалсаң көп уайымдама.Ол туралы ойлама, бұл сенің –жемісің!

11.Істі аяқта!Ойыңды бөлме. Ерте жатып, ерте тұр

12.Білген,оқығандарды,өзгелерге айт,тарат.Бірақ мақтанба.Қарапайым бол.




Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: «Біз нашақорлыққа қарсымыз»

5 «ә» сынып



Өткізген: Амирханова Т.К.

Астана,2013 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет