Сабақтың тақырыбы: Бүкiләлемдiк тартылыс заңы Дененің салмағы, салмақсыздық


Бағалау. 10 баллдық жүйе бойынша күнделікке бағалау жүргізу Үй тапсырмасы



бет3/3
Дата13.12.2023
өлшемі50.62 Kb.
#486524
түріСабақ
1   2   3
7 Бүкiләлемдiк тартылыс заңы Дененің салмағы, салмақсыздық

Бағалау. 10 баллдық жүйе бойынша күнделікке бағалау жүргізу


Үй тапсырмасы. Тақырыпты оқу

Оқушылар бүгінгі сабаққа ауызша кері байланыс береді.





1-10 балл






Жұптық жұмыс
1-жұп. Формулалар сөйлейді
(қосымша 1)





Тапсырмалар





Оқушы жауаптары

1

Дененің салмағының формуласын жазыңдар. Әрбір шамаға сипаттама беріңдер.






2

Тік жоғары үдей қозғалған лифтідегі дененің салмағының формуласын жазыңдар. Әрбір шамаға сипаттама беріңдер






3



Тік төмен қозғалған лифтідегі дененің салмағының формуласын жазыңдар. Әрбір шамаға сипаттама беріңдер.






4

Бүкіл әлемдік тартылыс күшінің формуласын жазыңдар. Әрбір шамаға сипаттама беріңдер.







3-жұп. Сәйкесін тап

1

Дененің тірекке немесе аспаға әсер ететін күші



А

Асқын салмақ

2

Дененің салмағы нөлге тең болатын күйі



Ә

Бүкіләлемдік тартылыс заңы



3

Тіреудің немесе аспаның үдемелі қозғалысы кезінде дененің салмағының артуы



Б

Дененің салмағы



4

Тіреудің (аспаның) денеге түсіретін күші

В

Салмақсыздық

5

Екі дене бір-біріне өздерінің массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады



Г

Тіреудің реакция күші





Жеке жұмыс. «Ұшқыр ой» әдісі (қалыптастырушы бағалау тапсырмалары)
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

Ньютонның тартылыс заңы — кез келген материялық бөлшектер арасындағы тартылыс күшінің шамасын анықтайтын заң. Ол И. Ньютонның 1666 жылы шыққан “Натурал философияның математикалық негіздері” деген еңбегінде баяндалған. Айдың Жерді, планеталардың Күнді айнала қозғалуын зерттеу нәтижесінде И. Ньютон ашқан бұл заң табиғаттағы барлық денелерге және олардың барлық бөліктеріне қолданылады. Бүкіләлемдік тартылыс заңы аспан денелерінің қозғалысы жайындағы ғылым — аспан механикасының іргетасын қалайды. Осы заңның көмегімен аспан денелерінің қозғалу траекториясы есептелінеді және олардың аспан күмбезіндегі орындары алдын ала анықталады. Уран планетасының осы заңға сәйкес есептелінген орбитадан ауытқуы бойынша 1846 жылы Нептун планетасы ашылды.


1.Бүкіл әлемдік тартылыс заңының өрнегінде:


А. Тартылыс күші арақашықтықтың квадратына кері пропорционал
В. Тартылыс күші арақашықтықтың квадратына тура пропорционал
С. Тартылыс күші массалардың көбейтіндісіне кері пропорционал
D. Тартылыс күші арақашықтық квадратына тең
E. Тартылыс күші массалар көбейтіндісіне тең

2. . Егер екі планета арасындағы әсерлесу күшін өзгертпей, әр планетаның массасын 3 есе арттырсақ, онда олар қандай арақашықтықта болар еді?


А. 3 есе артады
В. 3 есе кемиді
С. 9 есе кемиді
D. 9 есе артады
E. өзгермейді
3. Егер екі планета арасындағы әсерлесу күшін екі есе арттырсақ, онда олар қандай арақашықтықта болар еді?
А. 2 есе артады
В. 2 есе кемиді
С. 4 есе кемиді
D. 4 есе артады
E. өзгермейді
4. Әрқайсысының массаы 200 г тыныштықта тұрған шарлар бір-бірінен 0,2 Н күшпен тартылса, онда олар қандай қашықтықта орналасқан?(G=6.67*10-11м3/кг*с2)
А. ≈3,6*10-6м
В. ≈1,3*10-11м
С. ≈3,6*10-11м
D. ≈1,9*10-11м
E. ≈2,3*10-11м
5.Салмағы 50 кг қыз бала мен салмағы 60 кг ұл баланың арақашықтығы 10 м болса, онда олардың арасындағы тартылыс күші неге тең?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет