Сабақтың тақырыбы бойынша


Хаттамаға рәсімдеуге арналған гистологиялық препараттар



бет2/3
Дата20.10.2023
өлшемі2.74 Mb.
#481262
түріСабақ
1   2   3
на каз ҚАН ТҮЗЕТІН МҮШЕЛЕР

Хаттамаға рәсімдеуге арналған гистологиялық препараттар:


217- сурет. Сүйектің қызыл кемігінің кесіндісі. Гематоксилин-эозин. х 400. Гистология, цитология және эмбриология бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған микросуреттер атласы, Алматы, 2012ж

219-сурет. Тимус. Гематоксилин-эозин. х 100. Гистология, цитология және эмбриология бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған микросуреттер атласы, Алматы, 2012ж




223-сурет. Лимфа түйіні. Қыртысты зат. Гематоксилин-эозин. х 100. Гистология, цитология және эмбриология бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған микросуреттер атласы, Алматы, 2012ж




227-сурет. Көкбауыр. Гематоксилин–эозин, х 100. Гистология, цитология және эмбриология бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған микросуреттер атласы, Алматы, 2012ж


Ситуациялық есептер:
1. Ересек адамның қан түзетін мүшесінен мегакарициттер табылды. Бұл қандай қан түзуші мүше? Мегакариоциттер қандай қызмет атқарады?
2. Сүйек кемігінде қан жасушалары аралшықтар түрінде орналасады. Аралшықтардың бірінде қан жасушалары макрофагтармен байланыста, екіншісінде макрофагтары болмайды. Осы аталған аралшықтарда қандай жасушалар дамиды? Аралшықтағы макрофагтардың қызметі қандай?
3. Түтікшелі сүйектің диафизінен алынған сүйектің қызыл кемігін микроскоппен зерттеу барысында оның май жасушаларынан тұратындығы байқалды. Бұл белгі қалыпты немесе патология жағдайының қайсысына тән? Өз ойыңызды түсіндіріп айтыңыз.
4. Сүйектің қызыл кемігі мен тимусты сипаттау барысында, бір студент олардың негізін (стромасын) ретикулярлы тін түзеді деп айтты. Бұл оймен келісесіз бе?
5. Сүйектің қызыл кемігінде эритроциттер аралшық түзіп орналасады және олар макрофагпен байланысқан. Эритропоэздің дамуында макрофагтер қандай роль атқарады және бұлар бұл аралшықта қалай аталады?
6. Сәулемен жарақаттанғанда алдымен сүйек кемігінің, асқазан-ішек жолының және жыныс бездерінің қызметі өзгереді. Радиацияның әсеріне байланысты қандай морфологиялық ерекшеліктері осы мүшелерді бір-біріне жақындатады?
7. Жедел қан кетуден соң пациенттің қан сараптамасынан гемоглобин мөлшерінің төмендегенін, ретикулоциттердің санының артқанын, лейкоцитарлы формуланың солға жылжығанын көрсетті. Гемоглобин деңгейінің төмендегені нені білдіреді? Бұл жағдайда қан жағындысынан қандай лейкоцитарлы гемопоэтикалық жасуша көрінеді?
8. Жаңа туған жануардың тимусын алып тастап, оған трансплантатты (мысалы басқа жануардың бүйрегін) салған. Салынған мүшенің кейін шегіну реакциясы байқалмаған. Мұның қандай себебі бар?
9. Қызыл сүйек кемігінде дамушы эритроциттер аралшықтарда орналасатыны белгілі. Постэмбриональді эритропоэз кезінде жасушаларда қандай морфологиялық өзгерістер байқалады?
10. Үлгіде бөлікшелі мүше көрсетілген, оның стромасы эпителий тінінен түзілген. Бөлікшенің шеткі бөлігі күңгірт түсті, ал орталық бөлігі ашық түсті болады. Бұл мүшенің аты қалай? Неліктен орталық және перифериялық бөліктер әртүрлі түстерге ие?
11. Аралшық түзетін жасушалардан тұратын гемопоэтикалық мүшенің препараты берілген. Бұл қандай мүше? Жасушалардың қандай аралшықтарын білесіз?
12. 46 жастағы ер адамның мәйітін тексеру кезінде тимуста лимфоциттердің саны күрт азайғанын, әсіресе қыртысты затындағы майлы тіндердің өте көр мөлшерде дамығандығын және дәнекер тін жасушаларында липидті қосындылардың бар екендігін атап өтті. Бұл процесс қалай аталады? Түсіндіріңіз.



  1. Жануарды туылғаннан кейін стерильді жағдайға орналастырды. Бұл жағдайда шеткі лимфоидты мүшелердегі лимфоидты түйіндердің көбею аймағының пайда болуы мүмкін бе? Неге?

  2. Студент көкбауыр постэмбриональді кезеңде қан түзетін мүше екендігін айтты, бірақ көкбауырдың қай жерінде қанның формалық элементтерінің түзілетіндігін айта алмады. Бұл сұраққа Сіз қалай жауап бересіз?

  3. Бірнеше микросуретте атаусыз қан түзетін мүшелердің лимфа түйіндері берілген. Бұлардың ішінен көкбауырға қатыстысын табу керек. Қандай белгілері бойынша табуға болады?

  4. Ағзадағы иммундық реакциялардың дамуымен эффекторлы жасушалардың саны артады, яғни, бөтен текті материалды жоюға немесе залалсыздандыруға тікелей қатысатын жасушалар. Қандай жасушалар эффекторлы жасушалар болып табылады және олар жасушалық және гуморальдық иммунитет кезінде лимфа түйінінде қай жерде пайда болады?

  5. Студент постэмбриональді кезеңде көкбауыр негізгі қан түзетін мүшелерге жатады деп айтты, бірақ көкбауырдың қай жерінде жүреді және қанның қандай формалық элементтері пайда болады деген сұраққа жауап бере алмады. Бұл сұраққа сіз қалай жауап бересіз?

  6. Бірнеше микросуреттерден қан түзу мүшелерінің лимфа түйіндері көрсетілген. Олардың ішінен көкбауырға қатыстысын ғана таңдау керек. Мұны қандай белгілер бойынша жасауға болады?

  7. Бір антигенді (бактериялық дақыл) белгілі бір аралықта жануарға екі рет енгізді. Сонымен қатар, жануардағы иммунитеттің екіншілік реакциясы әлдеқайда тез дамыды және қарқынды болды. Бұл құбылыстың себебі неде?

  8. Жұқпалы қабыну аймақтық лимфа түйіндерінде қорғаныс реакциясын тудырады, соның ішінде баулар мен синустарда плазма жасушаларының көбеюі байқалады. Плазмацит жасушаларының саны қалай көбейеді? Олар қандай рөл атқарады?

  9. Көкбауырдың гистологиялық препараттарын зерттеу кезінде темір құрамының жоғарылағаны анықталды. Көкбауырдағы темірдің көзі неде? Оның мазмұнының артуы нені көрсетеді?

  10. Лимфа түйіндерінің реактивтілігін зерттеу үшін тәжірибелік жануарға лимфа тамырына бояу енгізілді. Лимфа түйінінің қандай жасушаларынан бояуды анықтауға болады? Лимфа түйінінде бөгде заттардың сақталуына қандай құрылымдар ықпал етеді?

  11. Зерттеуші жануарларда белсенді қорыту кезінде мезентериальды лимфа түйіндері аш адамдарға қарағанда үлкен болатынын анықтады. Бұл фактіні қалай түсіндіруге болады? Лимфа түйіндерінің қай аймақтарында айырмашылықтар байқалады?




  1. Лимфопоэздің шеткі мүшелерінде Т- және В-лимфоциттер арнайы аймақтарға орналасады, оларды Т- және В-аймақтары деп атайды. Құрт тәрізді өсіндідегі Т және В аймақтарының орнын атаңыз.

  2. Аппендикстің гистологиялық бөлімін микроскоппен зерттей отырып, студент мүшенің шырышты қабығы мен шырышасты негізінде есте сақтау В-лимфоциттері бар В-аймағы болып табылатын көптеген лимфоидты түйіндердің бар екенін атап өтті. Алайда ол бұл жасушалардың функционалдық бағытын түсіндіре алмады. Сіздің жауабыңыз қандай болады?

  3. Сот-медициналық сарапшыға зерттеуге 4 препарат ұсынылды, олар: көкбауыр, лимфа түйіні, таңдай бадамшасы мен аппендикс. Бұл мүшелердің құрамынан лимфоидты фолликулдар мен оны қоршаған тіндері де бар мүшенің капсуласының фрагменттеріде байқалды. Бадамша безді қандай белгілер бойынша ажыратуға болады?

  4. Студентке мысал ретінде аппендикстің «Шырышты қабықтың иммундық жүйесі» деген тақырыпта эссе жазу тапсырылды. Аппендикстің жергілікті иммундық қорғанысы қандай?

  5. Пейер табақшалары ішекпен байланысты лимфоидты тіннен түзіледі. Олардың ең үлкенінде 200-400-ге дейін лимфа түйіндері және лимфоциттердің маңызды түйінаралық жинақтары болады. Табақшалардың Т және В-тәуелді аймақтарын көрсетіңіз.

  6. Кейбір гистологиялық препараттарда құрт тәрізді өсіндінің қуысы үшбұрышты пішінді болады, басқаларында дәнекер тінімен толтырылған. Қай препаратты жас баланыкі деп айтуға болады?




  1. Кейбір гистологиялық препараттарда құрт тәрізді өсіндінің қуысы дөңгелек пішінді болады, басқаларында дәнекер тінімен толтырылған. Қай препаратты егде жастағы адамдыкі деп айтуға болады?

  2. Зерттеушіге эмбриондардың материалы бойынша аппендикстің қай даму кезеңінде оның қабырғасында алғашқы лимфоидты түйіндер пайда болатынын зерттеу тапсырылды?

  3. Зерттеушіге тапсырма берілді: қан түзудің шеткі мүшелерін зерттей отырып, ішек миндалинасын таңдай миндалинасынан қандай морфологиялық белгілері бойынша ажыратуға болатынын анықтаңыз

  4. Зерттеушіге эмбриондардың материалы бойынша зерттеу міндеті қойылды, оның қабырғасында лимфоидты түйіндердің болмауы аппендикстің дамуының қай кезеңіне тән?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет