Сабақтың тақырыбы: d элементтерін қорытындылап қайталау Сабақтың мақсаты



Дата06.03.2016
өлшемі64.94 Kb.
#43958
түріСабақ
ҚАЙТАЛАУ - ОҚУ АНАСЫ

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе -білім.

(М.Әуезов)

Адам меңгермейтін білім бар ма?

Жойқын істі тындырар күшің барда.

Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер

Алга қойган мақсатың, ісің барда!
10-сынып. Химия пәні.

Сабақтың тақырыбы: d – элементтерін қорытындылап қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың d – элементтер тарауынан алған білімін жаңа ұғымдармен толықтыру, олардың қасиеттері туралы терең түсінік беру. Ерекшеліктерін, айырмашылығын ажырата білуді үйрету.

Дамытушылық:

- d элементтерді s және р элементтерден ажырата білу дағдыларын дамыту;



  • өткен материалды қорытындылауға және жүйелеуге үйрету;

  • элементтер туралы білімдерін толықтырып, дамыту;

  • есте сақтау қабілетін дамыту;

  • шығармашылық мүмкіндігін дамыту;

  • интерактивті тақтамен жұмыс жасай білу білігін дамыту.

Тәрбиелік:

  • оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыру;

  • өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу;

  • оқушының материалды меңгеруге саналы түрде жетуін қалыптастыру;

  • экологиялық, экономикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: қорытынды, жүйелеу сабағы

Сабақтың типі: Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы

Сабақтың әдісі:ірек сызбалар, проблемалық сұрақтар,интерактивті тақтамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Химиялық реактивтер /мыс, темір, мыс сульфаты ,мырыш , тұз қышқылы, кесте, топтамалар

Пәнаралық байланыс: Тарих, биология,әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Қызығушылығын ояту

ІІІ. Мағынаны тану. 7 тарауды қайталау

  1. «Өткенді ұмыпта, ол –болашақтың ұстазы».

  2. «Білгенің- бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз»

  3. «Ерінбей талмай төгіп тер, білгенің үстіне біле бер»

  4. «Талаптыға нұр жауар»

  5. «Білім алар баланың, оқу болар ермегі»

ІV. Сабақты қорытындылау

1) «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»

V. Оқушылардың алған білімдерін есепке алу

1) «Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар»

VІ. Үйге тапсырма


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып бөлмесін сабаққа дайындау

  1. Оқушыларды түгендеу

  2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Қызығушылығын ояту:


Металдың пайдаланыла

бастаған дәуірі

Алғаш табылған Ме

Біздің заманымызға дейінгі

Алтын, күміс, мыс, темір, сынап, қалайы, қорғасын.

ХҮІІІ ғасырға дейін

Мырыш, сурьма, висмут

ХҮІІІ ғасырда

Платина

ХІХ ғасырда

Натрий, магний, алюминий, хром, марганец, никель, кобальт, иридий.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында

Жер қыртысында кездесетін қалған Ме

ХХ ғасырдың екінші жартысынан осы кезге дейін

Жер қыртысында кездеспейтін жасанды жолмен а

лынған металдар актиноидтар, лантаноидтар



Сабағымыздың 1 кезеңі : «Өткенді ұмыпта, ол –болашақтың ұстазы».

Бұл кезеңде өткен тарауға шолу жасаймыз.Балалар бізге алыстан 4 хат келіпті ,бірақ мекен жайы толық емес соны анықтап алайық.
1 хат. Кімге: Менделеев үйі,4 подъезд, 1 қабат,

пәтері белгісіз.Ашық қызғылт

түсті,жылтыр.(мыс)

2 хат. Кімге: Менделеев үйі,4 подъезд, 2 қабат,

пәтері белгісіз.Көкшіл ақ түсті,

жылтыр(мырыш)

3 хат. Кімге: Менделеев үйі,4 подъезд, 6

қабат, пәтері белгісіз.Күмістей ақ

түсті,жылтыр.(хром)

4 хат. Кімге: Менделеев үйі,4 подъезд, 8 қабат,

пәтері белгісіз. Күмістей ақ түсті,жылтыр.(темір)

Әр хаттың кімге жіберілгенін анықтап алғаннан кейін ішіндегі тапсырмасын орындау.


1. Cu CuO CuCl2 Cu (OH) 2 Cu SO 4
2.Zn ZnO Zn Cl2 Zn (OH) 2 Zn3 ( PO) 4

3.Cr Cr2 O3 CrCl3 Cr (OH) 3 Cr (NO3) 2


4.Fe FeO Fe (OH) 2 Fe(OH) 3 Fe2 (SO 4) 3

2 – кезең. «Білгенің- бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз» айдары бойынша оқушыларға қосымша мағлұмат беру.

Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Қанда-Ғе

Қалқанша безде-Zn

Гипофизде-Zn,Cr

Бауырда- Zn,Cu

Жыныс безінде-Zn

Тірі ағзаға қажетті тіршілік металдары деп аталатын металдардың жалпы сипаты бойынша шамамен салмағы 70 кг адам ағзасында тіршілік металдарының мөлшері төмендегідей болады: темір-5 г,мырыш-3 г, мыс-0,2 г.

Қоланың негізін құрайтын мыстың біздің тарихымыз,мәдениетіміз,әдебиетіміздегі көрініс беруі одан да ғажап.Қаныш Сәтбаевтай ұлы ғалымның зерттеуі бойынша Орталық Қазақстандағы Мыңшұңқыр,Қаратас деген жерлерден мыс өндірілген.мыстың екінші атын қазақтар жез дейді.Жезғазған мен Жезді сияқты жер атаулары айтып тұрғандай мыс-көшпенділердің тағынса-әшекейі,соғысса-қаруы тамақтанса-табағы болған.Саф күйінде кездесетін мыстың құдіретін шеберлер тап басып таныған.Мыс қола дәуірінен 2 мың жылдай бұрынырақта да өндірілгенін ғылым дәлелдеп отыр.Қазақстанда мыс кендерінің көзі жүздеп саналады.Қобылыанды батыр киген алтын қалпақ,жез телпек, Шалкиіз ақын жырлаған жез қарғылы құба арлан қазақ шеберлерінің қолынан шыққан.

Хром- қазақ жерінің төл туындысы.Олай дейтінімізн,академик Ә.Марғұланның айтуынша ол алғаш рет Батыс қазақстандағы қалба,Нарым аумағында өндірілген.Бетпақдаланың солтүстігінде Қалайықазған деп аталатын жер аты да ғалымның пікірін қуаттай түседі.

Мырыш -түсті металдың төресі.Қазақ жерінің шығысынан оңтүстігіне,орталығынан солтүстігіне дейін осы кендерінің мол қоры күні бүгінге дейін ел ырысы саналып,Қазақстанның шетелдермен сауда-саттығындағы аса пайдалы тауарына айналып отыр.

Тарихтан қола дәуірінен кейін темір дәуірі келгені белгілі.Бұл кезең Месопотамия,Египет,Греция,Индия,Қытай елдерінде 4-5 мың жыл бұрын басталған.Қазақ даласында темірдің кейініректе орта ғасырлардан-ақ адам қажетіне жаратыла бастағаны еш күмән тудырмайды.Оған топонимиканың өзі-ақ дәлел бола алады.Ақмоладағы Шойынды көл,Арқа мен Бетпақдаланы бөліп тұрған Болаттау,т.б. аты темірден туындағанында сөз жоқ.



3- кезең . «Ерінбей талмай төгіп тер, білгенің үстіне біле бер»

№ 1 есеп.

Бер: m( куйма)= 30г Шешуі:

V(Н2) = 4,4л(қ.ж) Х 4,4л

Zn + H2SO4 = ZnSO4 + H2

Т/к: w(Zn) 65г 22,4л

Х= 12,8г
W(Zn) = 12.8 : 30 = 0,43=43%. Ж: 43%

№2 есеп. Шешуі:

Бер: m(Na2CrO4)=100г Хг 10,12г

m(тунба)=10,12г Na2CrO4 + Ba(NO3)2 = BaCrO4↓ + 2NaNO3

162г 253г

Т/к: w(Na2CrO4)

Х =6,48г

w(Na2CrO4) = 6,48: 100 = 0,0648 = 6,48 %.

Ж: 6,48 %.

4- кезең . «Талаптыға нұр жауар» Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдап , талдау жасау.

5- кезең . «Білім алар баланың, оқу болар ермегі»

Мыс, мырыш, темір иондарын айырып тану.

1.Сынауыққа 1мл NaOH ерітіндісін құйып, оған тұнба түзілгенше бірнеше тамшы CuCl2 ерітіндісін құямыз. Реакцияның иондық теңдеуін жаз.

2. Сынауыққа 4-5 тамшы FeCl3 ерітіндісін құйып, оған бірнеше NaOH ерітіндісін қосамыз.Реакцияның иондық теңдеуін жаз.

3. Сынауықтағы бірнеше тамшы FeCl3 ерітіндісіне 1-2 тамшы қызыл қан тұзын қосыңдар.

Түзілген тұнбаның түсіне назар аударыңдар. Реакцияның иондық теңдеуін жазыңдар.

4.Сынауыққа бірнеше тамшы ZnCl2 ерітіндісін құйып, үстіне қоймалжың тұнба түзілгенше NaOH ерітіндісін қосыңдар. Реакцияның иондық теңдеуін жазыңдар.



6- кезең . «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар».Сабақты қорытындылау.Оқушыларға бүгінгі сабақтан не үйренді, не білгендерін сұрау.

7- кезең . «Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар» Оқушыларды бағалау.

№ 4 орта мектеп


Ашық сабақ тақырыбы:



«d – элементтерін қорытындылап

қайталау»

10 сынып


Пән мұғалімі : А.М. Кусанова


Қарағанды қаласы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет