Сабақтың тақырыбы: Даналарым. Т.Әбдірахманова Сабақтың мақсаты: тарихи тұлғалар жайында түсінік беру



Дата04.07.2016
өлшемі42 Kb.
#178525
түріСабақ
Ақмола облысы

Астрахан ауданы БІЛІМ БӨЛІМІ

«Астрахан № 1 орта мектебі» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ






Өткізген: Отениязова Аксана Алдабаевна

2014 оқу жылы.


Ынтымақтастық атмосферасын «Көңілді күн» тренингі

қалыптастыру



«Лездеме сұрақтар» арқылы сұрақ – жауап әдісі
Күні_______

Сабақтың тақырыбы: Даналарым. Т.Әбдірахманова

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың мақсаты: тарихи тұлғалар жайында түсінік беру.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже. Өлеңнің мазмұнын түсіну арқылы негізгі идеясын өз бетімен ашуға жағдай туғызу.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Сыни тұрғыда ойлау арқылы шығармашылық жұмыстарды өз дәрежесінде орындауға мүмкіндіктер жасау.

Тұлғалық нәтиже. Өз елінің мақтаныштарын үлгі тұтуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ даналары» кестесі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Үй жұмысын «лездеме сұрақтар» қатары бойынша бақылап шығу.

- Құрманғазы Сағырбайұлы кім?

- Құрманғазы атамызды қандай пәнде кездестірдік?

- Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесіңдер?

- Қазіргі кезде күйшілерден кімдерді білесің?

Ол сұрақтар қатарын оқушыларға үй жұмысы ретінде беруге болады. Мәтінді оқып болған соң қызығушылық танытқан немесе «көршімді ойландырам» деген оймен туған сұрақтар қатарын құрастыруды ұсынуға болады.

I. Қызығушылықты ояту.

- Бүгінгі үй жұмысына дайындықтарың өте тамаша екен. Нағыз болашақ даналарымыздың қатарын толықтырушы сияқтысыңдар.

Дана сөзінің синонимін атаңдаршы.





  • Кімдерді даналар қатарына жатқызар едіңдер?

«Т» кестесін құру арқылы топтар жұмысын ұйымдастыру.

Ал ақын Тұрсынхан Әбдірахманованың ойы қандай екен, оны «Даналарым» өлеңінен оқып білейік.

II. Мағынаны тану.

Автор туралы мәлімет беру. Керек дерек:

Тұрсынхан Әбдірахманова 1921 жылы 5 қарашада бұрынғы Семей облысының Жарма ауданына қарасты Бөке деген жерде туған. Әке-шешеден ерте қалып, ағасының қолында тәрбиеленіп оқыған.

Т. Әбдірахманованың еңбек жолы 1941 жылдан басталады. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұғалім. Мектеп директоры, Абай, Аякөз аудандық комсомол комитеттерінде бірінші хатшы, шар аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болған. 1984 жылы қазақ ССР халық жазушысы атағына ие болды. Ғылым саласындағы еңбегі үшін 1985 жылы қазақ ССР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді.



Оқулықпен жұмыс:

Қазаққа Алла жазып дана берген,

Дананы үш – үштен ғып дара берген.

Білмедім мұнда қандай заңдылық бар,

Деген бе тақ тұрсыншы таман елден.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

-Өлеңнің алғашқы үш жолын қайтара оқып соған жауап тауып көр. 3 саны туралы не айта аласың? (тақ сан, есептік сан есім, киелі сан ...)

-Үштің киелі сан екенін қалай дәлелдей аласың?

Керек дерек:

Үш қуат: 1. Ақыл. 2. Жүрек. 3. Тіл.

Үш жүз: 1. Ұлы жүз. 2. Орта жүз. 3. Кіші жүз.

Үш құсты өлтіруге болмайды: 1. Көкқарға. 2. Қарлығаш. 3. Байғыз.

Үш адамның ниеті бұзық: 1. Өтірік айту. 2. Сөзінде тұрмау. 3. Аманатқа қиянат жасау.

Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет: 1. Ақыл. 2. Ұят. 3. Сабыр.

Үш нәрсе аз болса да, көп болады: 1. Қайыр – садақа. 2. Сауап. 3. Дұға.

Үш жұрт: 1. өз жұртың – күншіл. 2. қайын жұртың – міншіл, 3. нағашы жұртың – сыншыл.



  • Ақын қазақ даналарын қалай мақтан етеді?

  • Өлең сөздерімен жауап беруге тырыс.

  • - Алдыңғы толтырған кестеге қайтып оралу. Кімнің аты аталмай қалды. Толықтыр.

  • - Өлең жолдарындағы қазақ даналарын толық аты – жөнімен дәптеріңе жазып ал.

  • - Даналардың ерекшеліктеріне тоқталу. (Өмір сүру кезеңдері мен еңбектеріне байланысты қосымша мәлімет беру. Бұл оқушылардың алдыңғы орындайтын тапсырмаларына көмек болар еді).

  1. Бес арыс – Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев.

  2. Үш бәйтерек – Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин.

Сергіту сәті: Көңілді күн. (видио ролик)

  1. Ойтолғаныс

  • Қалай ойлайсыңдар, даналарымыз осы күні тірі болса, сендерге қандай ақыл айтуы мүмкін еді?

RАФТ әдісі бойынша әр оқушы өз қателіктерін мойындай отырып, өзі таңдаған кейіпкердің атынан өзіне хат жазады.

Мысалы:


R – рөлі (Төле би)

А – аудиториясы (өзі)

Ф – формасы (хат)

Т – тақырыбы (өсиет)

Оқушылардың жұмыстарын тыңдау.

Жаңа сабақты бекіту:

Дана сөзінің мағынасын қлай түсінесің?

Өлеңде есімі аталған адамдар туралы не білесің?



Рефлекция

Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәліметтер алдыңдар?

Қандай сезімде болдыңдар?

Сабақ ұнады ма?

Кімнің жауаптары ұнады?

Үйге тапсырма беру:

Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту.



Өлеңде есімі кездескен адамдар туралы мағлұмат жинау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет