Сабақтың тақырыбы: Дастарқандағы нан күннің көзі Өткізген: технология пәні мұғалімі



Дата07.07.2016
өлшемі62.5 Kb.
#183697
түріСабақ
Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектеп
Сабақтың тақырыбы:
Дастарқандағы нан — күннің көзі

Өткізген:

технология пәні мұғалімі

Шукурова Гүлсара Сатуқызы
Сабақ жоспары
Пән аты: Технология

Сыныбы: 5 «б» сыныбы

Мұғалім: Шукурова Гүлсара Сатуқызы
Сабақтың тақырыбы:
Дастарқандағы нан — күннің көзі
Кіріспе.

Сабақтың мақсаты:

.Білімділік: Оқушыларға нан туралы мәліметтер беру.

.Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, ізгілікке баулу, достыққа тәрбиелеу.

.Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.

Сабақтың түрі: сарамандық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап,жеке және топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар,суреттер,дайындамалар.

Пәнаралық байланыс: математика,дүниетану,сурет
Жұмыстың мақсаты:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІV. Жаңа сабаққа дайындық:

1.Сабақтың тақырыбын тақтаға жазу.

2. Сабақ мақсатын түсіндіру.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Дастарқандағы нан — күннің көзі

Нан мыңдаған жылдар бойы ғүмыр сүріп келеді. Адамдар нанды барлық жерде және барлық уақытта қастерлеп келген. Дастарқандағы нан — ауқаттылықтың, жетістіктің және бейбіт өмір тұрақтылығының белгісі. Нанның бір түйірін де зая қылмауға тырысу үлкен өнегелік мағынаға ие. Нан және нан-тоқаш өнімдері — ең маңызды тағам. Ол ақуыздардан, көмірсутектерінен, дәрумендерден және минералды заттардан түрады. Нан тез көгеріп кетеді.

Нанды сақтау жөнінде үлкендердің бірнеше кеңесі:

нанды ыстық күйінде полиэтилен қапқа салма, алдымен суытып ал;

нан салғышты күн сәулесі түсетін жерде үста;

қара және ақ нанды бөлек сақтаған дұрыс;

нан салғышқа бір шымшым түз салып қой;

нан салғышқа дәкеге оралған ағаш көмірін салып қой;

нан салғышты жуып, кептіргеннен кейін қабырғаларын сіркесуға (уксус) малынған шүберекпен сүрт.

Нанды жасаң күйде сақтау үшін нан салғышқа бір түйір қант немесе тазаланған картоп салып қойған жөн. Кепкен және қатқан наннан сорпа, салат, кисель, торт дайындауға болады.

Мысалы, торттың рецебі.

Құлпынай тортының рецебі.

Қатқан бидай нанын майдалап үгітеді де (мәселен, үккішпен), қүлпынаймен және айранмен араластырады. Бірнеше түйір жемісті шанышқымен бөлек езіп, жұмсартады да, қант қосып, араластырып, қоспаға қосады. Тортты қалыпқа салып, жемістермен безендіріп, салқын жерге қоя тұрады.

Қазақ "нан болса — ән де болады" десе, орыс халқында "нан — бәрінің басы" деген сөз бар дейді. Нанды аялау қажет. Нанға деген құрмет — адам еңбегіне деген құрмет. Егіп, өсіріп, жинап және одан кәдімгі нанды пісіріп шығару үшін қаншама адамның еңбек ететінін көзге елестетудің өзі өте қиын!

Қара нанды және ірі етіп тартылған үннан жасалған бидай нанын ең пайдалы деп санайды. Нанның бұл сұрыптарында адамның өміріне және жұмыс істеу қабілеттілігіне қажет дәрумендер, минералды заттар көп.

Нан қатып қалса да, оны тамаққа пайдалана береді. Ондай наннан туралып қуырылған нан (гренки) дайындайды, кейбір торттарды, котлеттер мен бутербродтарды дайындауға пайдаланса да болады. Бутерброд (неміс сөзінен шыққан) "май жағылған нан" дегенді білдіреді. Біз бутерброд сөзін кең мағынасында қолданамыз.

Бутербродтар дайындау технологиясы

Бутербродтар салқын тағамдарға жатады. Оларды таңғы, түскі, кешкі асқа тез дайындауға болады. Олар қала сыртына саяхат жасағанда өте ыңғайлы. Бутербродтар дайындауға көптеген азық-түлік қолданылады

Бутерброд дайындауға қажет азық-түліктердің ықтималды үйлесімі

Пайдаланылатын азық-туліктер

Пайдаланылатын азық-туліктер құрамы

Еттен жасалған

1. Май, шұжық, ветчина, піскен ет, піскен тіл.

2. Қышамен аралас май, піскен ет, қияр,


қызанақ, жасылша.

Балықтан жасалған

1. Піскен балық, май, майонез, жасылша.

2. Сардиналар, қияр, жасылша, кальмарлар.



Сүттен жасалған

1. Май, ірімшік, сүзбе ірімшік (брынза).

2. Сүзбе массасы, тосап.



Көкөністен жасалған

1. Май, қызанақ езбесі, жұмыртқа, ақжелкен
көгі, көк пияз, салат.

2. Қызылша, сәбіз, қияр, қызанақ.



Жемістен жасалған

Алма, жаңғақтар, апельсиндер, мүкжидек (клюква)


Қолданылған қоспаға байланысты бутербродтар былай бөлінеді:

еттен жасалған;

балықтан жасалған;

сүттен жасалған;

көкөністен жасалған;

жемістен жасалған



Өңдеу әдісіне байланысты бутербродтарды салқын, ыстық деп топтауға болады.

ашық (азық көрініп тұрады);



жабық (сэндвичтер);

  • тіске басар басытқы (3x3 см мөлшерлі канапе), оның түйірлері көкөністен жасалған

VІ. Түсінік тексеру:

1. Нанды жасаң күйде сақтау үшін не қажет?

2. Нан қатып қалса пайдалануға болады ма?

3. Бутербродтар қандай тағамдарға жатады?

4. Қолданылған қоспаға байланысты бутербродтар қалай бөлінеді?

ЕСІҢДЕ САҚТА!

1. Пышақ және қүрылғылармен жұмыс істеген кезде жұмыстың дұрыс тәсілдерін қолдану қажет.

2. Азықты турағанда пышақты тақтадан тым жоғары көтермеу керек.

3. Пышақты біреуге бергенде сабын қаратып берген жөн.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
VІІІ.Сабақты қорыту:


  1. Бағалау

  2. Үй тапсырмасын беру.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет