Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері. Қазақ тілі 2-сынып Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері



Дата09.06.2016
өлшемі1.29 Mb.
#123761
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

Т.Айбергенов атындағы мектеп - гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімі

Сембаева Дариға Тасқанқызы

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері.

Қазақ тілі 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері.
Сабақтың мақсаты: Дауыссыз дыбыс түрлерімен таныстыру. Дауысты, дауыссыз дыбыс түрлерін дұрыс ажырата білуге үйрету. Дыбыстық талдау жасауға үйрету. Оқушыларды әдептілікке, көркем жазуға, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Құстар суреті, ойын, ребус, тест.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


ІІ. Психологиялық дайындық.

  • Балалар, біз ана тілі оқулығынан қандай тарауды өтіп жатырмыз?

  • Асыл сөз.

  • Ол тарауды оқи отырып біз қандай жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіреміз?

  • Әдептілікті, мейірімділікті, қайырымдылықты, қамқорлықты, т.б.

  • Олай болса әдеппен бүгінгі келген қонақтармен амандасып алайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік иіліп,

Әдеппен біз.


ІІІ. Өтілген материалды еске түсіру.

  • Бір жылда неше мезгіл бар?

  • Төрт.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз.

  • Күз айларын атайық.

  • Қыркүйек, қазан, қараша.

  • Күз айының ерекшелігін айтайық.

  • Жемістер піседі, құстар жылы жаққа ұшады, күн қысқарып, түн ұзарады.

  • Олай болса қазір «Жеміс теру» ойынын ойнайық. Қандай жеміс теретінімізді жұмбақты шешу арқылы тауып алайық.

Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарды күзге жеткенде. (Алма)




Жемісті термей тұрып үш топқа бөлініп алайық.

І топ ІІ топ ІІІ топ

қыркүйек қазан қараша


  • Қай топтың оқушылары жемісті көп әрі тез жинайды екен?

  1. Буын дегеніміз не?

  2. Қандай сөздер бас әріппен жазылады?




  1. Тасымал дегеніміз не?

  2. Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?




  1. Заттың сынын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

  2. Ю әрпі қалай жазылады?




  1. Заттың сынын білдіретін сөздер.

  2. Я әрпі қалай жазылады.




  1. Сөз неден құралады?

  2. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?




  1. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

  2. Сөздердің жуан, жіңішке айтылуы неге байланысты?

Міне алманы жақсы тердік. Алма сендерге ұнай ма?

Қолға қалам алайық.

Дәптерлерді ашайық.

Салақтықтан қашайық,

Көркем етіп жазайық.

Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жазып қоямыз. Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Дауыссыз дыбыстардың түрлері»


  • Дыбыс нешеге бөлінеді?

  • Дауысты, дауыссыз.

  • Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

  • Жуан және жіңішке.

  • Жуан дауыстыларды ата.

  • Жіңішке дауыстыларды ата.

  • Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді.

  • Қатаң, ұяң, үнді.

Қатаң: к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ.

Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з

Үнді: р, л, м, н, ң, й, у.


IV. Дәптермен жұмыс.

Ребус шешу «Кітап»

1-жаттығу. Құстардың атын көшіріп жаз.

Тырна, қырғауыл, бүркіт, бөдене, сұңқар, шүрегей, тауық, сауысқан.


«Кім жылдам?» ойыны.

  • Осы құстардың қайсысы артық?

  • Тауық.

  • Неге?

  • Себебі тауық үй құсы, қалған құстар дала құстары.

2-жаттығу.

Тал басында,

Түндіксіз отау. (Ұя)



Мәтінді түсініп оқы.

Ұя.

Ұя – құстың жұмыртқалап, балапан басатын орны. Ұяның түрі көп. Әр құс өзінше салады. Қарға ұясын ұсақ бұтақтардан жасайды. Қарлығаш ұясын саз және шөп-шаламнан тұрғызады. Аққу еш уақытта ыстық жерде ұя тұрғызбайды.



  • Қарамен жазылған сөздер бар ма?

  • Оларды жазып, бөлінуіне қарай топтап жазайық.


І топ ІІ топ ІІІ топ

балапан жасайды тұрғызады

қатаң: п қатаң: с қатаң: т

ұяң: б ұяң: ж,д. ұяң: ғ,д,з.

үнді: л,н. үнді: й. үнді: р
3-жаттығу. «Кім шапшаң?

Көл бетінде құбылып,

Қос сұлу жүр сызылып.

(аққу)


Өлеңді мәнерлеп оқу.

Аққулар


Әй, аққулар, аққулар.

Күз алыс па, жуық па?

Неге қанат қақтыңдар,

Көлдің суы суық па?



  • Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жаса.

І топ

Аққулар – 3 буын, 7 әріп, 7 дыбыс.

А – дауысты жуан.

Қ – дауыссыз қатаң.

Қ – дауыссыз қатаң.

У – дауысты дыбыс.

Л – дауыссыз үнді.

А – дауысты жуан.

Р – дауыссыз үнді.

ІІ топ

Қанат – 2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс.

Қ – дауыссыз қатаң.

А – дауысты жуан.

Н – дауыссыз үнді.

А – дауысты жуан.

Т – дауыссыз қатаң.


ІІІ топ

Суық 2 буын, 4 әріп, 5 дыбыс.

С – дауыссыз қатаң.

У – дауысты дыбыс.

Ы – дауысты жуан.

Қ – дауыссыз қатаң.
V. Сергіту сәті.

Ән «Ақ көгершін»


5-жаттығу. Ойлан, тап. (Кім шапшаң?)

Дөңгелек ішінде орналасқан буындардан сөз құрастыр.


Бөдене тоқылдақ шағала

қатаң: қатаң: т, қ, қ. қатаң: ш

ұяң: б, д. ұяң: д. ұяң: ғ.

үнді: н. үнді: л. үнді: л.


VI. Сабақты қорытындылау.

«Біліміңді тексер»



  1. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін тап.

а) жуан, жіңішке.

ә) жуан, қатаң, үнді.

б) қатаң, ұяң, үнді.


  1. Қатаң дауыссыз дыбыстары бар қатарды белгіле:

а) ә, б, в, г, ғ, д, ж.

б) к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ.

в) а, о, ұ, ы.


  1. «Кітап» сөзінен дауыссыз дыбыстарды тап:

а) і, а, о.

ә) к, а, т.

б) к, т, т.


  • Бүгінгі сабақта нені үйрендік?

  • Дыбыстық талдау жасауды.

  • Сөздерден дауыссыз дыбыстарды таптық және бөлінуіне қарай топтап жаздық.

  • Дауыссыз дыбыстардың түрлерімен таныстық.


VII. Үйге тапсырма.

4-жаттығу. Ереже оқу.


VIII. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет