Сабақтың тақырыбы Денсаулық туралы негізгі түсініктер


Дене буындары мен бұлшық еттеріне арналған жаттығулар



бет144/158
Дата26.01.2024
өлшемі7.02 Mb.
#489931
түріСабақ
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   158
3 сынып ҚМЖ (3)

Дене буындары мен бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:
- оңға және солға бұрылу;
-оңға және солға иілу;
- алдыға және артқа иілу;
- айналмалы қозғалыс;
Аяқ буындары мен бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:
- сол аяққа отырып, оң аяқты жанға созу, денені сол аяқтан оң аяққа ауыстыру;
- сол аяққа отырып, оң аяқты артқа созу, денемізбен астыға устіге серпілу, алдыға артқа ;
- Отырып тұру;
- Тізені алдыға артқа айналдыру
Секіру
- бір аяқпен,
- екі аяқпен
6.Топтық жаттығу:
Екі топқа бөлініп, бірлесіп орындалатын топтық жаттығулар.
7.Он алтылық жаттығу жасату;
8.Аэробикалық жаттығу жиынтығын жасау.
Демді қалпына түсіру
Бастапқы қалып: аяқ иық деңгеиінде, қол астыда
- қол жаннан жоғары қарай – дем мұрынмен
- жылдам алдыға еңкеиу – қолды алдыға – астыға– демді ауызбен шығару




Қол шапалақ



Ұялы телефон



Ортасы

Ақсерек пен көксерек - қазақ балаларының дәстүрлі ұлттық ойынының атауы. Әр кезеңде, әр өлкеде түрліше аталғанымен ойналу реті бірдей (толығырақ қ. Айгөлек). Қазақ өлкесін зерттеу Орынборлық коғамының еңбектерінің бірінде (1921 ж.) Орал облысы Темір болысының тұрғыны Дәулетияр Имашев «Мылқау тотай» деген ойын туралы айтады. Оны жылдың жылы мезгілінде ауылды жерде, 6-15 жас аралығындагы балалар жиналып ойнайды. Ойыншылар саны 6 адамнан кем болмауы керек және ойыншылар санының жұп болғаны абзал. Ойын мынадай кіріспемен басталады: ойынға қатысушылардың арасынан бойлары сұңғақ екі ойын басшысын таңдап алады. Ортаға шыққан ол екеуі таяқ ұстасып сайысу арқылы қай жеңгені бірінші болып өзіне ойыншы әріптес таңдайды. Осылай екі топ жасақталады да, әр топ бір- бірінен алысырақ (шамамен 10-15 қадам, кейбір деректерде 20 қадам) барып, қатарласып қол ұстасып тұрады. Әлгі ойынды бастайтын топтың басшысы: «Мылқау тотай, бізден сізге кім керек?» деп айтады. Сол кезде қарама-қарсы тұрған топ басшысы өздеріне керекті қарсыластарының арасынан біреуінің атын атайды. Аты аталған ойыншы, бар пәрменімен жүгіріп қол ұстасып қатар тұрған қарсы топтың екі ойыншысының ұстасып тұрған қолын үзіп өте шығуға әрекет етеді. Ал қарсылыстары қолдарын мықты ұстап, үздірмеуге тырысады. Егер жүгіріп келген адам қарсыластарының қолдарын үзіп кетсе сол топтан, басшысынан басқа бір ойыншыны өзімен бірге алып кетеді. Қол ұстасып тұрған қатарды үзіп өте алмай қалса, онда сол топта өзі қалып қояды.Содан кейін екінші топқа кезек келеді, басшысы (кейбір деректерде әріптестері қосылып топпен) айқайлап: «Мылқау тотай, бізден сізге кім керек?» деп дауыстап сұрайды. Олар қарсы жақтың біреуінің атын атап шақырады. Реті болса, жасы кішкене, әлсіз ойыншыны шақырып, өздерін утып алып, тобын көбейтуге тырысады. Осы тәсілмен ойын, бір топтың адамдары бітіп қалғанша жалғастырыла береді. Жеңген топ, жеңілген топты келемеждеп, әр түрлі сөздер айтып мазақтайды. Болмаса жеңілген топ ойыншылары, жеңген топ ойыншыларын арқаларына салып, белгілі бір межеге дейін апару сияқты айыптарды орындайды. Аталған ойын барлық ұлыстарда қолданылады. Ақсерек пен көксерек ойынының жаңартылып, байытылған нұсқалары көп және оның бірі айгөлек, ақ керек деп аталатын ойында жарысушы екі тарап ойынға қатысуды шақыруды топтасып тұрған қарсы жақ өлеңмен хормен айқайлап айтып жеткізеді.
Ақ серек пен көк серек!
Тауып алдым бәйтерек!
Жалындаған күн керек!
Жалпы достан кім керек?
Анау тұрған үл керек!
Оның аты — Еркебек,
Келсін бізге ертерек! - деп, өлеңдетіп карсы жақтың бір ойыншысының атын атап шақырады

.Топпен тақырып бойынша төмендегі ойындарды ойнату.



  • «Ақсерек-көксерек»

  • «Айдаһардың құйрығы»

  • «Ұшты-ұшты»

  • «Арқа»

  • «Қызыл табан»

  • «Тымпи-тымпи» 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет